Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 14 казан 2019 жылы
Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна
Білім беру саласы/Образовательная область: «Коммуникация»
Пән/Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Күзгі гүл шоғы»
Тақырыбы/Тема: «Алтын дән» (өлең)
Мақсаты/Цели: Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Окыту/обучающая: Тақырып мазмұнын меңгерту, дәннің түрлерін таныстыра отырып, одан не жасалатынын айтып түсіндіру.
Дамытушылық/ Развивающая:тіл байлығын, ой - өрісін дамыту,
Тәрбиелік/ Воспитательная: Нан туралы түсініктерін кеңейту, балалардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: тары, сүйек, шыбық, сүт.
Билингвалдық компонент: нан- хлеб.
Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: Телевизор, суреттер, ағаш жапырағы мен жұлдызшалар салынған себет, дән түрлері, күріш, бидай сабақтары.
І.Үйымдастырылған оку қызыметінің барысы
- Балалар, мен бүгін көңілдімін, сендер ше?
- Біз де көңілдіміз.
- Көңілді болғандарың маған ұнайды, сол үшін бізді ғажайып сыйлық күтіп тұрған сияқты. Мына себеттен не көріп тұрсыңдар?
- Жұлдызшалар көріп тұрмыз.
- Ия, қараңдаршы, ішінде қаншама әдемі жұлдызшалар бар! Бұл түрлі - түсті жұлдызшалар бізге сүйіспеншілік белгісін білдіреді. Сонымен сүйіспеншілік әртүрлі болады екен. Ол әр адамның жүрегінде сақталады. Енді осы жұлдызшаларды алып, тілегімізді айтып, аспанға қатты лақтырамыз.
Жұлдызды жерім қабылда
Ұшырып аспан көгіне
Жұлдызым менің қабылда
Нұр төгілсін еліме
Алақай!!!
ІІ.Негізі бөлімі/основная
1. Әңгімелесу..
- Балалар, мына ағашқа қараңдаршы, қай мезгілдегі ағашқа ұқсайды?
- Ой, балалар, бұл жапырақтар жай жапырақ емес, сиқырлы жапырақтар сияқты. Жапырақтың сендерге қояр сұрағы бар екен. Егер дұрыс жауап берсеңдер, жапырақтарын сыйлайды.
1. Қай кезде қызыл, сары жапырақтар көп болады?
2. Жеміс, көкөніс, егіндер қай кезде жиналады?
(Осы кезде қапшық толы арбаны сүйретіп, тышқан кіреді. Балалар шулап, тышқан қашып кетеді.)
- Қызық мына қапшықтарды не бар екен? Балалар, не істейміз?
- Ашып қарайық.
(Қапшықтар қозғалып, ортасынан бидай кейпіндегі қыз бала шығады)
- Сәлем, достар!
- Сәлем сен кімсің?
- Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Бидай: - Балалар, сендер мені және менің достарымды тышқаннан құтқарып қалдыңдар, рахмет!
- Қош келдің бидай, төрлет! Ал, балалар, енді қапшықтарды ашып қарайық, не бар екен?
- Дәндер бар екен.
-Бұл дәндердің аттарын білесіңдер ме? Мен айтып түсіндірейін. Міне, мынау күріш өзіміздің күнде жеп жүрген. Ал, мынау осы күріштің дән болып пісіп тұрған сабағы. Мынау тары. Ал мынау бидай.
- Балалар, бидайдан не алынады?
- Ұн алынады.
- Дұрыс, бидайды диірменге тартып ұн жасайды. Ал, ұннан не пісіреді?
- Нан пісіреді, тоқаш пісіреді.
- Өте жақсы, енді осы дәндердің бізге қалай жеткені туралы білуіміз үшін, телевизорға назар аударайық.
(Сурет бойынша әңгімелеу)
- Көктемде диқандар жерді трактормен жыртып, жерге тұқым себеді. Одан егін өніп шығады. Жаз бойы оны суарып, күтіп баптайды. Ал, күзде егінді комбайнмен орып, машинаға тиейді. Жүргізушілер машинамен астықты қабылдау орындарына жеткізеді. Ол жерде бидайдан ұн дайындалады. Ұндарды наубайханаларға таратады. Наубайханаларда ұннан неше түрлі нан пісіріледі. Ал, ертеңіне сол нандарды дүкен сөрелерінде көреміз. Мұның бәрі адамдардың еңбегі. Соншама еңбек сіңірілетін нанды барынша қадірлеуіміз керек.
- Балалар, ұннан наннан басқа да тағамдар, өнімдер жасалады. Енді сол өнімдерді көрейік.
- Балалар, осы бидайға, нанға байланысты не білесіңдер?
2. Тыйым сөздер
Нанды бір қолыңмен үзбе!
Нан – тамақтың атасы.
3.Жұмақтар
Егістікте сары алтын,
Дастарханда наны алтын.(Бидай)
Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас. (Таба нан)
4. Сергіту сәті
Жайқалады ақ бидай,
басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн,
жүргізуге дайын.
- Ой, жарайсыңдар балалар, нан туралы тақпақ, мақал - мәтел, тыйым сөздерді жақсы айттыңдар. Жұмбақтарыңда қызықты болды. Ал, енді «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша ойын - жаттығу жүргізіп, бойымызды сергітіп алайық.
Ө. Тұрманжанов. «Қайдан келдің бауырсақ?»
- Міне, балалар, осы кішкентай тамшыдай дәннің қасиеті үлкен екен. Адамға нәр беретін, дастарханның берекесі нанның қасиетін, оның қандай еңбекпен жасалатынын білдік. Сондықтан нанды шашпай, баспай қастерлеу керек. Бидайды егіп, баптап, жинап, қамбаға құятын егіншілердің еңбегі зор, олардың еңбегін құрметтеу керек.
5. Дидактикалық ойын « Нан пісірейік»
Нан пісірудің ретін еске түсірейік. Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады. Әр түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
- Ал, бидай, біздің балаларға риза шығарсың. Сен туралы қаншама жақсы сөздер айтты.
Бидай: - Әрине, ризамын. Сендер мен туралы өте көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге өзімнің дәнімді сыйлаймын.