СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Тұңғыш президент күні»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты :

Тәрбиелік: Отанын,  елін, жерін  сүюгетәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  оятуДамытушылық: Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтауқабілеттерін  дамыту.

Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  НазарбаевтыңТұңғыш президент екені  туралыәңгімелеу, түсіндіру.

Көрнектіліктер: слайд, Елбасысуреті, ту, елтаңба

Билингвальды компонент: Отан-родина,елбасы - президент, ту-флаг,

елтаңба- герб

Әдіс – тәсіл: сұрақжауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтыңбарысы:

Мотивациялық-қозғаушылық:Тәрбиеші:

Шаттықшеңбер:Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Тұңғыш президент күні»»

Тақырыбы: «Тұңғыш  президент күні»

Мақсаты :

Тәрбиелік: Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту Дамытушылық: Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.

Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президент екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңба

Билингвальды компонент: Отан-родина, елбасы - президент, ту-флаг,

елтаңба- герб

Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы:

Мотивациялық-қозғаушылық: Тәрбиеші:

Шаттық шеңбер: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып әнұранды айтайық.

Тәрбиеші: Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?

Балалар: Тұңғыш президент күні

-Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:Ол біздің президентіміз!

-Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Тәрбиеші: 1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  президент етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаев  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағыҮшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.Ол ата-анасын қатты құрметтеген.

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар:Астанада!

Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар, Астанада тағы да не бар?

Балалар:Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Балалар, елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы - президент – President 
-Балалар Елбасымыз жайлы тақпақпақтарымызды айтайқшы

Әлішер: Күн өткен сайын құлпырып

Жайнадың гүлдей Астана,

Елорда – менің Астанам,

Елорда-менің бас қалам.

Алихан: Ер болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым  жасқанады.

Тәуелсіз  мемлекеттің  шежіресі,

Нұсұлтанның атымен басталады.

Томирис::Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды,

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері  болмайды.

Адина: Отан деген – Атамекен,

Отан деген - туған жер,

Отан- ана, Отан –пана

Қазақстан – туған ел!

Тәрбиеші: Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.

Тәрбиеші: Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?

Балалар: Күн, бүркіт, ою. Тәрбиеші:Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай? Балалар:Көк!

Тәрбиеші:Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген.

-Ал, туымыздың жанында не бар екен? Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

-Енді, балалар, Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар: Шаңырақ!

Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар: Ат бар!

Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.

- Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы Біздің ұлтымыз  қалай  аталады? 

-  ұлтымыз  қазақ.Ана  тіліміз  қай тіл?  қазақтілі.

Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг – flag, Елтаңба – герб - emblem
-Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?

Отан туралы мақал – мәтел: Отан үшін күрес – ерге тиген үлес 

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

Отан отбасынан басталады.

Отанын сатқан оңбас

 Ел іші – алтын бесік 
Рефлексивті түзетушілік: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев туралы. Тәрбиеші:Ол кім?

Балалар:Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:Қазақстан!

Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.

Жарайсыңдар, балалар!

Бір басында кемеңгерлік, даналық,

Елін сүйген елі үшін жаралып.

Сол кісідей болса - болсын әр алып

Адамдықтың аласармас үлгісі

Бір өзінен жатқаны шын таралып

Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне

Әсем әнді шырқата бір салалық