‹‹№ 18 жалпы білім беру орта мектебі›› коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Биология пәні мұғалімі: Толыспаева Куралай Бекжановна
9 "к" сынып жетекшісі.
Тақырыбы: «Заманауи Қазақстан және Елбасының билік жолы»
1 желтоқсан- Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Куралай Бекжановна: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
Жүргізуші:
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
4. Оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету
ІІ. Негізгі бөлім
Аименгуль:
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Айменгуль: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Менің елім - менің Елбасым» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!
Куралай Бекжановна: Ендеше, Елбасымыздың өмірбаяны, қызметінің көлемі, ерекше тұлғалық болмысын баяндау үшін оқушыларымызға кезек береміз. Ол үшін оқушыларымыз 3 топқа бөлінеді.
1-топ: "Алтын Адам" тобы
2-топ: "Ақ Орда" тобы
3-топ: " Бәйтерек" тобы
10 мин
I кезең: Үй тапсырмасы
Топтар: Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, отбасы жайлы баяндайды.
Отбасы және балалық шағы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Жастық шағы
Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.
Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.
Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды.
Кемел кезеңдер
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды
Отбасылық жағдайы
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаты.
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
2-топ: Мемлекет басшысының қызметінің көлемі жайлы
Мемлекет басшысының қызметінің көлемі кең және көп қырлы, тек саясат және мемлекеттік басқару салаларымен ғана шектеліп қалмайды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан армиясының Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Нұр-Отан» партиясының Төрағасы болып табылады. Бұл оның республиканың осы маңызды қоғамдық институттарын қалыптастырудағы және нығайтудағы орасан тарихи рөлінің заңды көрінісіне айналды.
Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
Бідің армия қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бостандық, тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың күзетінде тұр. Сондықтан Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде тек техникалық жаңғыртуға және қазіргі заманғы қару-жарақты сатып алуға ғана емес, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін де айтарлықтай қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа әскери доктрина қабылданған, келісім-шарт бойынша қызметке шақыру артуда, жалпы, әскери кәсіптің беделі артып келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы
Жүз отыздан астам этнос өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін маңызды міндет этносаралық және конфессияаралық диалог пен өзара іс-қимылды сақтау және нығайту болып табылады. Мемлекет басшысы төрағасы болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – біздің елімізде бейбітшілік пен келісімді қолдаудың тиімді тетігіне айналды. Тәуелсіздік таңында құрылған Ассамблея өзінің маңыздылығы мен тарихи қажеттілігін көрсету ісінде Қазақстанның жаңа бірегей қоғамдық және мемлекеттік институтына айналып отыр.
«Нұр Отан» партиясының Төрағасы
Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Нұр Отан». Оның Төрағасы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1999 жылы негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. Партия еліміздің негізгі саяси күші саналады. 2012 жылдың 15 қаңтарында болып өткен ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысында «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 80 пайыздан астам дауысына ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде дербес рәміздер мен айырым белгілерін иеленеді.
Соның бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі. Ол шапақтары сегіз қырлы нысанды құрайтын көп сәулелі жұлдыздан тұрады. Жұлдыздың ортасында алтын әріптермен «ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ» деп айналдыра жазылған медальон бар. Белгі Қазақстанның елтаңбасы түріндегі ілгіш арқылы әрқайсысы қосарлы кішкене шынжыр арқылы біріктірілген жиырма бунақтан тұратын алқаға жалғасады. Жалғасқан бунақтар – көгілдір түсті эмальмен көмкерілген, жиегі ақ түсті, ортасында алтын шаңырақ бейнеленген үш бұрышты элементтер. Қазақстан Республикасының Президенті төсбелгіні ұлықтау рәсімінде, мемлекеттік мерекелерде, әскери парад өткізу және шет мемлекеткердің ресми тұлғаларын қабылдау кезінде тағады.
Президент билігінің тағы бір рәмізі – оның дербес жалауы, Президент байрағы. Ол Мемлекет басшысының резиденциясына, сондай-ақ Қазақстан Президентінің көліктеріне орнатылады.
1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 «ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Алтын Қыран» ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Онымен мемлекетке айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. «Алтын Қыран» орденін бұрын ҚР-ның немесе КСРО-ның ордендерінің бірімен марапатталғандар иеленуі мүмкін. ҚР-ның президенті лауазымы бойынша айрықша үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иесі болады
3-топ: Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Спортпен айналысу немесе үздіксіз оқу адамды кейде едәуір күш пен бар зейінін жұмсауға мәжбүр етсе де, біз, соған қарамастан, оларды да әуестік пен демалыс айдарына қостық. Әлдебір ойшыл айтқандай: толыққанды тұлға үшін демалыс – өзі айналысатын істің түрін өзгерту ғана..
Табиғат
Нұрсұлтан Назарбаев Іле Алатауының жаз жайлауында дүниеге келді. Алуан-алуан гүл тұнған таулар арасында, жусан иісі мұрын жарған далада, әкесімен бірге баптаған жеміс бағында ол аунап-қунап өсті, балалық шағы мен жасөспірімдік кезеңін өткерді. Туған жерге, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне деген махаббат, аз уақыт болса да сүйікті Қазақстанның әсем жерлерінде болуға тырысу, тірі табиғатпен етене араласу – оның болмысының бір бөлшегіне айналды.
Мемлекет басшысы жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды.
Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі – теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген және кортқа жүйелі түрде шығып тұрады. Айта кетерлігі, теннисті көптеген саясаткерлер мен түрлі елдердің көшбасшылары ойнайды. Өз кезінде Мемлекет басшысының лайықты әріптесінің бірі Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин болды. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев матчтарға жиі қатысып, өзінің тамаша бабында екенін көрсетіп қана қоймай, жаңа бастаған теннисшілерге шеберлік дәрісін де өткізіп тұрады. Оған қоса, Қазақстанда жыл сайын ел Президентінің кубогы үшін теннис турнирі өтеді.
Президент өмірінде музыка маңызды орын алады. Мемлекет басшысының отбасында ата-анасы әрдайым ән-күй тыңдауды ұнататын және өздері де ән сала білетін. Әсіресе анасы Әлжан Назарбаева әнді жақсы айтатын. Оның сол қабілет-дарыны ұлына берілгені сөзсіз. Жас Нұрсұлтан бала кезінен «есте жоқ ескі кездердегі» де, өз заманындағы да түрлі әндер мен әуендерді тыңдап, құлағына және зердесіне сіңіріп өсті. Нұрсұлтан Назарбаев бос уақытында өзі де домбыраны шебер тартып, ән салады. Президенттің үш ән шығарғаны, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінінің телавторы екені де баршаға белгілі.
Спортпен айналысу, музыка тыңдау және табиғат аясында сейілдеумен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев көп уақытын кітап оқуға арнайды. Кітапқұмарлық оның бойында алғаш оқып үйренген балғын шағынан қалыптасты. Талай ондаған жылдар өтсе де, кітапқа деген сол сүйіспеншілік әлі суыған емес. Бұрынғыша оның жаны сүйетін ісінің бірі – оңашада кітап оқу. Сүйікті кітаптары қатарында Абай, Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қазақ жазушылары мен ақындарының, орыс және әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары бар.
10 мин
II кезең:.
Серик Іңкәр «Қазахстаным»
Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
Әр топтың өз ойларын ортаға салу
1 топ: Елбасының бойындағы қандай қасиеттерді байқадыныздар?
2 топ: Елбасы болу үшін сендердің бойларында қандай қасиет болу керек?
3 топ: Елбасы тарапынан жастарға қандай жағдайлар жасалуда?
III кезең Қорытынды.
10мин
Рефлексия: Бүгін сабақта не түйдіндер?
Мәлімет.
Светлана: Nazarbaev was a good President and did a lot for our people, for our Republic. In 2019, he resigned, elections were held, and many votes were collected by Kasym Jomart Tokaev. And now he is our statesman and politician, the current President of Republic of Kazakhstan since March 20, 2019
Наргиз: Назарбаев был хорошим президентом и много сделал для нашего народа, для нашей республики. В 2019 году он подал в отставку, состоялись выборы, и много голосов собрал Касым Жомарт Токаев. А теперь он наш государственный и политический деятель, действующий Президент Республики Казахстан с 20 марта 2019 года
Аяулым: Назарбаев жақсы президент болып біздің халқымыз үшін, біздің республикамыз үшін көп нәрсе жасады. 2019 жылы ол өзінін орнынын кетіп, сайлау өтіп, Қасым Жомарт Тоқаев көп дауыс жинады. Ал енді ол біздің мемлекеттік және саяси қайраткер, 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының қазіргі президенті
Серік Іңкәр: «Менім жерім» әніне құлақ салыңызда
Жүргізуші:
Бүгінгі шарамызды Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа!».