Ойқозғау. 1-тапсырма. Оқулықтағы суреттерге қарап, нақыл сөздер құрастыр және түсіндір. Талапсыз бала – … . Талапты бала – … . Нақыл сөз арқылы тақырыптың мағынасын түсіну . Сабақтың тақырыбын айту. Күтілетін нәтижені айқындау. Бағалау критерийімен таныстыру . Мағынаны ажырату. Білу (оқушы әдістер мен жұмыстың орындалу ретін біледі). Тақырыпты болжау. Мақсатқа сәйкес оқушыларға бағалау критерийін шығарту. Түсіну. Оқылым. 2-тапсырма. Абай атаны тыңдайық. Жас уақытта неге көңіл бөлу керек дейді? «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» Қолдану . Топтық жұмыс. І топ. 3-тапсырма. «Дүние де өзi, мал да өзi, Ғылымға көңiл бөлсеңiз...» деген ақын ойын қалай түсiнесiңдер? ІІ топ. ҚБ ретінде: дәптердегі 1-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырманы орында. Бүгін Сәуле тағы да өлеңді жаттамай келді. Не істеуі керек? Мұғалім басқа балалардан сұрағанша, өлеңнің бір шумағын ғана жаттап үлгерді-ау , әйтеуір. Сәуле өзінің тапқырлығына мәз болды: бұл жолы да «екілік» алудан аман қалды. Сәулеге не дер едің? Айтар ойыңды нақыл сөздерді қолданып жеткіз. ______________________________ _____________________________________________ Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Қызыл түс пен сары түсті көтергендер не үшін көтергендерін түсіндіріп, ұсыныс, ескертулерін айтады. Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық». Би билету. Жұптық жұмыс. 4-тапсырма. Бүгiн Сәуле тағы да өлеңдi жаттамай келдi. Не iстеуi керек? Мұғалiм басқа балалардан сұрағанша, өлеңнiң бiр шумағын ғана жаттап үлгердi-ау , әйтеуiр. Сәуле өзiнiң тапқырлығына мәз болды: бұл жолы да «екiлiк» алудан аман қалды. Сәуленiң iс-әрекетiне өз көзқарасыңды бiлдiр. Абай ата Сәулеге не дер едi? Өлеңдi пайдаланып, жауап бер. Бағалау критерийі: Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолдана алады. Бағалау: БК бойынша бағаланады. 5-тапсырма. Суреттерге қарап, гүл өсіру арқылы білімнің пайдасы туралы ой бөліс. Ойтолғау Жазылым. 6-тапсырма. Өлеңмен Абай атаның өсиет, нақыл сөздерін теріп жазып, жаттап ал. 1. Болмасаң да, ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. 2. … 3. … 4. … 5. … Жұптық жұмыс. 2-тапсырма. Оқулықта берілген өлеңдегі нақыл сөздерді қолданып отырып, диалог құрастыр. |