Балалар бүгін біздің өтетін сабағымыздын тақырыбы «жұптық суреттер».
Біз бүгін сендермен Paint графикалық редактормен жұмыс жасаймыз. Қылқаламмен немесе фигуралармен жұптасқан суреттер салып оны түстермен бояймыз.
Тапсырма №1 «жұптық сурет».

Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық.
Тапсырма №2 «дидактикалық ойын»
- Дид.ойын: «Көлеңкесін тап»
Мақсаты: Балаларды әр ойыншықтың көлеңкесін тауып орналастыруға үйрету. Тілдерін дамтыу. Ойыншықтарды сипаттап, күтіп, ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі кұралдар: Ойыншықтардың суреттері, көлеңкенің суреттері.

Сергіту сәті:
Балаларға арналған бейнекөрініс жаттығуын жасату.
Тапсырма №3
- Дид.ойын: «Өз үйіңді тап»
Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету.
Әр үйшіктің өзі түсіне тән фигураларын шапшаң тауып кіргізе білу қабілеттерін жетілдіру.
Алғырлыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әртүрлі түсті ұйшіктер (қызыл, сары, жасыл т.б.). Үйшіктің түстеріне байланысты фигуралар.

|