Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
КЕЛІСІЛДІ
Директордың әлеуметтік және
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
________ Б.Ж. Бахтиярова
«__ »___ 2019ж.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОП САҒАТЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде
Тақырыбы: Білім күні. Ата Заң. «Бір ел-бір кітап»акциясы.
«Жыл кітабы -2019». Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы.Ә.Тәжібаевтің лирикалық өлеңдерін оқу, талдау
2019 – 2020 оқу жылы
Тақырыбы: Білім күні. Ата Заң. «Бір ел-бір кітап»акциясы. «Жыл кітабы -2019». Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы.Ә.Тәжібаевтің лирикалық өлеңдерін оқу, талдау
Топ сағатының мақсаты:
1. Қазақстанның демократиялық құқықтық мемлекет құрудағы жетістігін насихаттау;
2. Патриотизм мен өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
3. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы
4. Ә.Тәжібаевтің лирикалық өлеңдерін оқу, талдау;
5. Отанын сүюге,ел тарихын білуге, Астана қаласына,еліне, елбасына деген құрмет сезімге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Жоспары:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ Негізгі бөлім.
Топ сағатын Әнұранмен бастау.
1. 1 – қыркүйек – Білім күні.
2. Конституция- еліміздің негізгі заңы
3. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы
4. Ә.Тәжібаевтің лирикалық өлеңдерін оқу, талдау;
ІІІ Қорытынды бөлім.
1. 1 қыркүйек – Білім күні
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттыұтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
2 . Конституция- еліміздің негізгі заңы
1 оқушы : Конституция бүкіл заңдардың қайнары болады. Қандай да болсын қаулы, шешім тек конституция негізінде қабылданады. ҚР конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Заң алдындағы жұрттың бәрінің тең қорғау құқығы кез келген әділетті демократиялық қоғамның негізгісі болып табылады. Адам бай ма, әлде кедей ме. Этникалық үлкен топқа жата ма, үкіметтің саяси одақтасы ма, кез келген адам заң алдында тең қорғалуына құқығы бар.
2 оқушы:
Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлерің ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле жаладан
Ата Заң бұл ардақты.
3. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы
Шығарма адамгершілік негізінің тереңдігімен ерекшеленеді. Адам жанының шындығын тебіреніспен толғап, өмір туралы философиялық толғам, ғибратты ой ұсынады. Жазушы өз шығармасының ерекшелігі туралы: «Тарихи материал жасақтауда құжат дерегі де, ел аузындағы əңгіме де, көркем қиял да көп қызмет ете алады. Бірақ тарихи шындыққа үлкен жауапкершілікпен қарайтын жазушы қиялдан гөрі дерекке табынары сөзсіз. «Дала балладалары» атты циклға енген «Аңыздың ақыры» романым мен повестерім, негізінен, «белгілі бір көзқарастан туындаған тұжырымға», концепцияға сүйенеді. Ал «Үркерде» оған атымен кереқар бағытта іздендім. Онда, мүмкіндігінше, тарихи деректің ала жібін аттамауға, нақты тарихи ситуацияның өз драматизмін əсірелеусіз көрсетуге күш салдым» – деп жазады. Яғни, «Аңыздың ақыры» романы, қаламгердің өзі атап өткеніндей, деректен гөрі көркемдік қиял, фантазиясы мол, əсірелеулер басым, философиялық шығарма. Ал «Үркер» романы – нақты тарихи негізі бар, нақты тарихи ситуацияға, фактіге құрылған туынды. Лиро-эпикалық аңыздар Ə.Кекілбаев шығармаларының негізгі баяндау тініне шебер өріле отырып, қаламгер туындыларының өзіндік лирико-романтикалық əуенін береді. Ə.Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы романтизм туралы сыншы Т.Тоқбергенов: «Жетпісінші жылдарда бірін-бірі қуалай келген осынау тарихи романдардың ішінде айрықша сөз болуға лайығы – «Аңыздың ақыры». Қазақ романы тарихында тарихи деректерге байланбай, авторлық таза қиялдан туған роман да осы. Мұнда бəрі де шартты алынған... Романда романтикалық сарын, философиялық түйін, шартты тұспал түгел араласқан. «Аңыздың ақыры қалай да қазақ əдебиетінің роман жанрындағы үлкен жаңалықтардың бірі. Лирикалық сипаттағы роман-новелла десе де болғандай» [2:69] – деп əділ бағасын берген болатын. «Аңыздың ақыры» романының лирикалық, романтикалық сипаты мол. Романның сюжеті үш кейіпкердің (Əмірші, ханша, шебер) төңірегінде өрбитін тарихи аңыз-əңгімеге құрылған. Жазушы өзіне таныс аңыз-əңгімені жалаң баяндаушы емес, ол аңыздық желіні жаңаша түсіндіріп, жаңғыртып, сол арқылы адам жанының терең иірімдерін ашқан композициясы күрделі, психологиялық салмағы бар дербес туынды жасайды. Əмірші, кіші ханша мен шебердің арасындағы шарпысқан ішкі психологиялық сезім-күйлері мен жан дүниесіндегі толғанысы, ой арпалысы шеберлікпен суреттеледі. Шығармада Алмас хан өмірінің соңғы айларында болған оқиға баяндалады. Хан кезекті жорығынан оралғанда, кіші ханшаның өзінің құрметіне салдырған биік мұнарасын алыстан көзі шалады. Мұнараны салушы жас шебер ханшаға ғашық болып, оған деген құмарлығы мен іңкəр сезімін, махаббатын өз өнері арқылы бейнелейді. Ханға суық хабар өзегін құрт жеген алма арқылы беріледі. Қызғанышы оянған Хан шебер мен ханшаға қаһарланып, жас жігіттің көзін ойып, тілін кесіп, қатал жазалайды. Бірақ Ханның бұған көңілі көншімейді. Ол сезім сергелдеңіне түсіп, жаны тыным таппайды. Өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізіп, іштей ар талқысына, ой арпалысына түседі. Романда мұнара – шебер махаббатының символындай. Шығармада мұнараның атқаратын қызметі ерекше. Ол үш кейіпкерді, ханды, ханшаны жəне шеберді өзара байланыстыратын, бір қазыққа байлайтын ортақ желі. Романдағы романтикалық сарын да осы мұнара бейнесімен байланысты. Ол жанданған кейіпке еніп, адам əрекетіне, адамға тəн мінезге, қылыққа ие. «Мұнара күніне бір мінез шығарады. Бір күні жас майсадай үлбіреп, жас сəбидей мөлдіреп тұрса, ертеңіне-ақ жан-жағына ойнақы нұр таратып, жайнақтап шыға келеді. Бірде терезенің алдынан ет жүрегіңді елжіретіп, үн-түнсіз телміріп түрып алса, артынша-ақ төбесімен көк тіреп аспандап шыға келеді» [2:134]. Мұнара бірде «күледі», бірде «мұңаяды», бірде «сұстанады», бірде «алыстан ым қаққандай» болса, бірде «жалбарынады». Шығарманы мұқият оқып шықсаңыз, мұнараның мұндай «мінезінің» сан қырына куə боласыз. Шығармада мұнара романтикалық бояумен бейнеленген. Оның қасиетін суреттеуде əсірелеу де басым. Мұнараға қараған жанның барлығы қайран қалады. Ол шаһардағы басқа мұнараларға атымен ұқсамайтын ерекше бір сипаты бар, сиқырлы мұнара. «Əмірші сан-сапат жорықтарында талай мұнаралар мен сарайларды көре-жүре, тап мынадай сиқыр сұлулықты бұрын-соңды ешқайдан жолықтырған емес. Бірақ көзін жібермей, көңілін тұзақтап, тұсап-матап тастаған өзгеше көріктің сиқырына түсіне алмай келеді» [2:40]. Романда мұнараның қасиетін айқындауда «сиқыр» сөзі онымен жиі қатар айтылады. Мұнараның сиқыры – шебердің ханшаға деген махаббатын бейнелеуінде, тіпті сол махаббаттың өзіне айналуында. Жазушы өз кейіпкерлерінің мінез-құлқын олардың сыртқы іс-əрекеттері, қимылдары арқылы емес, ішкі монолог арқылы ашады. Жалпы алғанда, Ə.Кекілбаевтың қаламгерлік қолтаңбасына, жазу мəнеріне өз кейіпкерінің характерін, психологиялық ахуалын ішкі монолог пен авторлық баяндау арқылы ашу əдісі тəн. Негізгі қақтығыс оқиғаның сыртқы сюжеттік тінінде емес, кейіпкердің ішкі əлемінде, жан дүниелерінде дамиды. Романда оқиғаның хронологиялық тəртіппен дамуынан гөрі жеке тұлғаның рухани ішкі дамуына басты назар аударылған. Романда Əмірші - қарама-қайшылығы мол, күрделі бейне. Əмірші бейнесінің сомдалуында романтикалық бейнелеу тəсілдері анық аңғарылады. Романтиктер көркем образға мейлінше жалпыға тəн мағына дарытқысы келеді. Романтикалық образдарда, Гюгоның айтуынша, барлық жақсылық пен жамандық жинақталған. Жазушының «Күй», «Ханшадария хикаясы» повестерінде сомдалған Жөнейіт, Шыңғыс хан бейнелерінен бөлек, əлдеқайда кеңінен сомдалған жиынтық образ. Жазушы оны кең масштабта, жалпылама түрде бейнелеген. Сондықтан романдағы Əмірші нақты Шыңғысхан да, Ақсақ Темір де емес, кесек те күрделі билеушінің жиынтық бейнесі. Күдігі мен күмəні мол, қатал да қатыгез, сонымен бірге ақылды да аңғарымпаз жұмбақ жанның психологиясын байқайсың. Ол соншалықты сұңғыла да көреген. Қаламгер кейіпкерінің сезімдік күйіне психологиялық салмақ артып, философиялық жинақтауларға ден қояды. Өмірінің соңғы сəттерінде ол өзінің əлемді тітіреткен əміршілік əрекетінің өткіншілігін, дүниенің опасыздығын, жалғандығын түсінеді, махаббат құдіреті алдындағы дəрменсіздігін сезінеді. Ханша мен шеберді қатаң жазалағанымен, хан олардың жүрегіне əмір ете алмайды. Өйткені байлық пен биліктен тыс, оларға бағынбайтын махаббат, сезім құдіреті бар. Нағыз өнер туындысына тəн сұлулық пен нəзіктік тек шынайы махаббаттың əсерінен туындайды. Жазушы шығармалары асқақ гуманистік пафосқа, астарлы романтикалық сарынға құрылады. Қаламгер қолтаңбасын айқындап тұратын өзіндік ерекшелігінің бар екендігі даусыз. Соның бірі – кейіпкерлерінің жан дүниесіне тереңдеп еніп, онда өтіп жататын психологиялық иірімдерді, қайшылықтарды, сезім толқындарын аша білуінде, кейіпкер тағдырын тереңнен тарта бейнелеуінде. Оның басқа қаламгерлерден ерекшелігі адам болмысына терең бойлап, адам табиғатының психологиясын зерттеп-зерделеуінде. Ə.Кекілбаев өз шығармашылығында адам табиғатында бар жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен зұлымдықтың өзара қатынасы қандай, адам өмірінің мəні не, адам құдіреті неде деген сұрақтарға жауап іздейді. Əсіресе бұл өзекті мəселелер «Аңыздың ақыры» романында өзіндік көркемдік шешімін тапқан.
4. Ә.Тәжібаевтің лирикалық өлеңдерін оқу, талдау;
Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай БегежановпенАйманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.
Жаңа бір түсіп, шам сөнді,
Ашыла түсіп, гүл солды, –
деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған.
Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ақын кейін өзінің "Еске алу" деген шағын поэмасында отбасының жетім-жесірлік қайғылы тағдырын, беті-жүзін түстеп тани алмай да қалған әкесі туралы жүректе шер боп қалған аңсары жайында:
Есімде жоқ шын суреті,
Әкем менің қандай кісі.
Тек елестей бұлдырайды
Әлдекімнің көлеңкесі, –
десе, өмірге де, еңбекке де, өнерге де бейімдеп тәрбиелеген аяулы нағашы атасы туралы "Сыр жырлары" топтамасында жер ортасы жасқа келген ақын:
Кейде түске кіреді,
Дәл өңімдей баяғым.
Тай қып мініп жүремін,
Нағашы атам таяғын.
Жүгіремін жағалап,
Сырдың жайпақ жағасын.
Кәрі көзбен сығалап,
Қарар маған нағашым.
Бірде қуып жүремін
Шіркей мен шыбынын.
Айдап бірде жүремін
Нағашымның шығырын...
Босайды екен көңілің
Туған жерге келгенде:
Көрініп тұр жып-жылы
Көп тырнаған шеңгел де.
Кейде түске кіреді
Дәл өңімдей баяғым.
Тай қып мініп жүремін
Нағашы атама таяғын, –
5.Қорытынды: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Теңге – тәуелсіздік символы» атты танымдық- сабағымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!
17 VTZ-6 топ жетекшісі: Қайырбекова Г.Қ.
еді. Шынында да, ол 1922 жылы Қызылорда