Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
КЕЛІСІЛДІ
Директордың әлеуметтік және
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
________ Б.Ж. Бахтиярова
«__ »___ 2019ж.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОП САҒАТЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде
Тақырыбы: «Рымбек Байсейітов және экономика» Рымбек Байсейітовтың туғанына 97 жыл дөңгелек стол.
2019 – 2020 оқу жылы
Тақырыбы: «Рымбек Байсейітов және экономика» Рымбек Байсейітовтың туғанына 97 жыл дөңгелек стол.
Топ сағатының өту уақыты: 10.10.2019.
Топ: 17 VTZ -6
Өткізілу орны: 709 дәрісхана
Өткізу формасы: дөңгелек үстел түрінде
Көрнекілігі:Ақын портреті, шығармалар жинағы Мақсаты: А) Білімділік: Рымбек Байсейтовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету. Ә) Тәрбиелік: Өлеңдері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Б) Дамытушылық: Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу. |
Жоспар :
Дәріс «Р.Байсейтовтың өмірі мен шығармашылығы»
«Оқу» өлеңін талдау
4 Ақын жазушылардың Р.Байсейтовтың шығармашылығы жайлы пікірлерін тыңдау (Білім алушылар дайындаған)
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Мотивациялық кезең:
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Ұлы Отан соғысына қатысушы, еңбек ардагері, колледжіміздің құрметті директоры, іргетасын қалаушы - Рымбек Смақұлы Байсеитов шығармашылығына арнаймыз.
1.Баяндама
РЫМБЕК СМАҚҰЛЫ БАЙСЕИТОВ
1922 жылы 8 қазанда Семей облысы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1939 жылы совхоз есепшісі болып бастады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап аяғына дейін Калинин және І-ші Балтық бойы майдандарында шайқасты. 1943 жылы КОКП мүшелігіне өтті.
Соғыстан кейінгі жылдары Р.С.Байсеитов Семейдің қаржы органдарында: учаскелік инспектор, аға инспектор, аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің аға бухгалтері, облыстық қаржы басқармасында бөлім бастығы болып істеді. 1951 жылы ол Қазақ КСР Қаржы министрлігінің салық, алым және дайындау басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін осы басқарма бастығы, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1956 жылы Бүкілодақтық сырттай қаржы институтын бітірді.
1961 жылдан-Қазақ КСР қаржы министрлігінің бірінші орынбасары. 1973 жылы республика Министрлер Кеңесінің баға жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағалығына бекітіледі. 1974 жылдан бастап зейнет демалысына кеткенге дейін Р.С.Байсеитов Қазақ КСР қаржы министрі болды.
Рымбек Смақұлы Байсеитов зор ұйымдастырушылық қабілет, экономика саласындағы терең де жан-жақты білім иесі болатын. Ол қазақ КСР қаржы жүйесінің қалыптасуына, халық шаруашылығының салалары мен мәдениетті, ғылым мен ағарту ісін, республиканың өндіргіш күштерін дамытуды қаржымен қамтамасыз етуге айтулы үлес қосты.
Рымбек Байсеитовтың 3 қызы және 2 ұлы бар. Олар: Роза, Шолпан, Айман, Бахытбек және Мұратбек.Жұбайының есімі-Мағрипа қажы Смағұлқызы.
1922 жылы 8 қазан күні Семей облысы Абралы ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген.
1939ж.қыркүйек -1941ж.желтоқсан –Семей облысы Ленин атындағы совхозда есепші.
1941ж.желтоқсан-1945ж.қараша –Ұлы Отан соғысына қатысқан, зеңбірек, взвод командирі, аға сержант.
1946ж.ақпан-1947ж.маусым –Жаңа Семей қаласы қалалық Ұн комбинатында қабылдаушы.
1947ж.шілде -1948ж.қыркүйек –Семей қаласы Калинин аудандық қаржы бөлімінде инспектор, аға инспектор.
1948ж.қыркүйек -1951ж.наурыз-Семей облыстық қаржы бөлімінде аға инспектор, салық және алымдар бөлімінің бастығы.
1951ж.наурыз-1952ж.ақпан-Қазақ КСР Қаржы министрлігі салық және алымдар басқармасы бастығының орынбасары.
1952ж.желтоқсан-1958ж.мамыр-Қазақ КСР Қаржы министрлігі салық және алымдар басқармасының бастығы, салық және дайындау басқармасының бастығы.
1958ж.мамыр-1961ж.қыркүйек- Қазақ КСР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс басқармасының бастығы.
1961ж.қыркүйек-1973ж.ақпан –Қазақ КСР Қаржы министрінің бірінші орынбасары.
1974ж.ақпан-1974ж.тамыз- Қазақ КСР Баға жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
1974ж.тамыз-1984ж.желтоқсан-Қазақ КСР Қаржы министрі.
1943жылдан КОКП мүшесі.
Отан алдындағы еңбегі үшін Р.С.Байсеитов екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, КСРО медальдарымен наградталған. Ол бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан компартиясы съездерінің делегаты болып сайланды, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Енді мына алдарыңызда ақ қағазда ағаштың суреті салынған сіздер мына стикерлерге бүгінгі дөңгелек үстелден алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып ағашқа жапыстыруларыңызды сұраймын.
Топ жетекшісі: Қайырбекова Г.Қ.