СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

TALIS-тің 11, 18 және 24 сұрақтары бойынша зерттеу нәтижелерінің талдауы мен рефлективті есеп

Категория: Директору

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

TALIS-тің 11, 18 және 24 сұрақтары бойынша зерттеу нәтижелерінің талдауы мен рефлективті есеп

Просмотр содержимого документа
«TALIS-тің 11, 18 және 24 сұрақтары бойынша зерттеу нәтижелерінің талдауы мен рефлективті есеп»

Умарова Айжанат Жумабековна Мектеп басшыларының портфолиосы G жазбасы

№14 D-06-19 топ Мектеп басшыларының курсы

ПШО, Орал қаласы 06.11. 2019жыл



G жазбасы.


TALIS-тің 11, 18 және 24 сұрақтары бойынша зерттеу нәтижелерінің талдауы мен рефлективті есеп


Мектептегі тәжірибе соңында мұғалімдермен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өзгерісті бағамдау мақсатында ЭЫДҰ әзірлеген TALIS нысаны бойынша сауалнамасы алынды. Себебі мұғалім құзіреттілігін арттыру мәселесі кезек күттірмейді. Мұғалімнің өзгеруі жалпы жаһандық дамуда Қазақстан оқушыларына арналған іс-әрекет болып табылады. TALIS шолуында педагогтерге кәсіби дамудағы олардың қолжетімділігі мен тәжірибесіне қатысты және ол өзінің педагог ретінде дамуына қалай әсер ететіні туралы сұрақтар қамтылады.Бұл сауалнамаға мектеп мұғалімдерінен тартылды.

Сауалнамада берілген 43 сұрақтың маңызды деп танылған 3 сұрағының яғни11,18,24 сұрақ деректері бойынша сараптаулары төмендегідей нәтиже көрсетті.

  • «Кәсіби даму тарауындағы» 11-сұрақ - соңғы 18 айдың ішінде төменде көрсетілген кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыңыз, алған біліміңіздің тәжірибеге әсері болды ма?- деген сұраққа 25 мұғалімнің 54-і «ия» деп жауап беріп, ол сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің - 68% құрап отыр.Бұл бүгінгі таңда қала мектептері мұғалімдерінің арасында кәсіби өсулеріне бірден-бір себепкер болатын пәндік семинарлардың ролін көрсетсе керек. Бұл шаралар жұма сайын ұйымдастырылғанмен мұғалімдердің үштен бірінің бұл семинарларға қатыспауы, белсенді мұғалімдердің үнемі қатысып, кейбір мұғалімдер қалыс қалып отырғанынан деп ойлаймын.

  • Курстар, семинарлар(мысалы, пән бойынша, оқыту әдістері бойынша, оқуға қатысты басқа тақырыпта) сұрағында курстар мен семинарларға қатысып, 21,5% «әсері жоқ» деп көрсеткен. Білім беру саласындағы конференциялар/ семинарлар (онда мұғалімдер немесе ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижелерін таныстырады, білім беру проблемаларын талқылайды) 31,6 %-і әсері жоқ және әсері аз деп жауап берген.

Мектепте өз тәжірибесін зерттеу жұмыстарын қолға алып, нәтижелерімен әріптестерімен бөлісуде қолдау көрсетсек, мұғалімнің өз қорытындысын сауатты тұжырымдап, зерттеу материалын жазу дағдыларының қалыптасатыны белгілі. Бұл мұғалімнің кәсіби өсуі бағытындағы басымдықтарымыздың бірі болмақ.

  • Біліктілік бағдарламасы деген сұраққа - 34,1%-і «әсері аз» немесе «жоқ» деп жауап берген.

Біліктілік бағдарламасы мен жеке зерттеулерге мұғалімдердің басым көпшілігінің қатыспауы мұғалімдердің зерттеушілік жұмыстармен айналысуға қызығушылықтарының жоқтығы. Әрине кез-келген мұғалімнің ғылыми жұмыстармен айналысуы мүмкін емес болар, бірақ ұжымның басым көпшілігі тәжірибелі мұғалімдер болғандықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру қажет.

  • Танысу мақсатындағы басқа мектептерге сапарлар әсеріне 37,9%-і «әсері жоқ» деп көрсетті.

Танысу мақсатында басқа мектептерге сапарлар әсерін тәжірибесінебағыттау жұмыстарын жолға қою керек.

  • Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысуда «әсері жоқ» нұсқасы -22,7% көрсетті.

  • Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер – деген бөліміне- қатысушылардың21,5%-і «әсері жоқ» болды деп жауап берген.

  • Мектеп іс-шараларының ресми бөлігі ретінде жүретін тәлімгерлік немесе әріптесті қадағалау және коучинг деген бөліміне - 38% қатысушы «ия» деп жауап берген. Оның ішінде –17,7%-і «әсері жоқ» деп жауап берген.

Демек, кез келген мұғалім өзінің кәсіби өсу жолында әр түрлі курс-семинарларға,біліктілік арттыру курстарына,сол бағытта құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына,зерттеулерге қатынасуы - жоғары еңбек көрсеткішін, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктілігін, өз ісінен қаншалықты қанағат алатындығын, өзінің педагогикалық қызметінде қарым-қатынас қабілетін дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Алайда, бұл кәсібилік қасиеттер өздігінен келмейді. Сол себепті мұғалімдер біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинарларға қатысып, қатысқаннан кейінгі оны тәжірибесіне пайдалану және оның ұйымдастырылу формасын өзгертіп, тәжірибелік және дамыту тұрғысындағы іс- шараларды жүйелі түрде іске асыру керек деген тұжырымға келдім.

Сол тараудың18-сұрағы - «Кәсіби даму саласындағы өз қажеттіліктеріңізді ескере отырып, төменде көрсетілген салалардың қайсысында даму қажет деп санайсыз?» сауалындағы «Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіздің мазмұны мен табыс критерийлерін», «Сабақ беретін негізгі пәндеріңіз бойынша білім және түсінікті» - дамыту «өте қажет» деп жауап бергендер – барлық жауап берген мұғалімдердің 40%-ін құрап отыр. Сыныпты басқаруға нұсқасына педагог қызметкерлердің «өте қажет», «қажет» - 58%, «білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуға» сауалына «өте қажет», «қажет» деп - 69,6% жауап берген.

  • «оқушылардың тәртібі және мінез-құлық проблемалары» сауалына- 68,4% «өте қажет» деп жауап берген. Кез келген ұстаздың негізгі жұмысын барлық оқушыларға бірдей білім мен тәрбие беруге бағыттайды, жақсы жоғары жетістіктерге жету үшін мұғалім алдындағы оқушыға жоғары талаптар қоятыны сөзсіз. Ал сыныптағы оқушылардың мінез-құлықтары бұған өз әсерін тигізетіні белгілі.. Сондықтан мұғалімдердің осы тұрғыдағы сұранысы да орынды деп ойлаймын.

  • «Оқытудағы АКТ дағдыларына» – 67%педагог «өте қажет», «қажет» деп көрсетсе, Бүгінгі ұстаздық іс-әрекет оқу мен оқытуда жаңаша үрдіске енгізу, заман өзгеруі мен дамуына қарай АҚТ меңгеру құзыреттілігін талап етеді, сондықтан АКТ пайдалануға мұғалімдердің сұранысы өте орынды дегеной түйдім. Яғни кез келген қазіргі заманның мұғалімі АКТ пайдалана білгенімен, әлі де болса жетік деңгейге жетпегені айдан анық. Демек, алдағы мектепті дамыту жоспарын жасақтау барысында осы бөлімді ең басты басымдық қатарына қоямын.

«Мұғалімдерді бағалау және кері байланыс» тарауындағы 24-сұрақ бойынша - «Осы мектепте алған бағаңыз және кері байланысыңыз төмендегі салаларды қаншалықты өзгертті немесе өзгерістің орын алуына әсер етті» дегенсұрақта, мұғалімдер «білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту тәжірибеңіз» - 35,4% орташа өзгертті десе,17,7%-і «аз ғана өзгерді» деп жауап берген, ал 40,5% «қатты өзгерді»белгілеген.

Ал «оқушылардың тәртібі және мінез-құлық проблемаларын шешуде қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз» сауалына педагогтардың- 37% орташа өзгерді десе, ал 33%-і «қатты өзгерді» деп жауап берді, «оқыту тәжірибеңізде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлуіңіз» дегенге37% «орташа өзгертті» десе, 33% -і «қатты өзгертті» деген жауапты таңдаған.Аз да болса бұл бағытта жұмыстардың жүргізілу динамикасын көруге болады.Оқушыларды психологиялық қолдау жұмысы жүйелі жүргізілуі қазіргі таңда кез-келген білім беру ордасының басты басымдығы болғандықтан, бұл бағытта мұғалімдердің өздерінің біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін іс.Яғни мұғалім жұмысын ресми және бейресми түрде бағалау мен кері байланысқа жиі мән беріп, жаңаша көзқараспен қарау арқылы өздерінің алға қойған мақсаттарына жететінін түсінгендері оқушы үшін де, мектеп мұғалімдері алдындағы басты проблема оқу сапасын көтеру керек екенін түсінгендері көңілімнен шықты. Себебі сапалы әрі табысты оқыту үшін мұғалім құзыреттілігін арттыру қажет. Ал әділ және дұрыс берілген бағалау мен кері байланыс мұғалімнің қызметін жақсартуға және оң өзгерістердің орын алуына ықпал ететіні сөзсіз.

Жалпы барлық талдауды қорытындыласам мұғалімдердің кәсіби дамуына дәстүрлі семинарлар мен курстар әсер етсе,коучинг пен тәлімгерлікті де таңдаушылар өте тиімді деп бағалаған. Дамуға қажет деп және азда болса өзгеріс болды деп сұрақтардың барлық бағыттары бойынша таңдау жасалынған.Бұның өзі мектепте басталған өзгерістердің дұрыс бағытта екенін көрсетсе,мұғалімдердің сұраныстары мектептің даму жоспарын жасақтауда негізгі басымдықтар болады.

Мектеп мұғалімдері арасындағы кәсіби қоғамдастық жұмысын жүйелі жолға қойып, сыртқы желілік қоғамдастықты дамыту

  1. Оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді және сауатты қолдануға қолдау көрсету;

  2. Оқушылардың өзін –өзі бағалауы мен бір-бірін бағалауын жетілдіру барысында топтық жұмысты пайдалана отырып дискрипторларды құрастыруды үйрету;

  3. Коучинг арқылы мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдері жете меңгерту және тәжірибеде қолдану;

  4. Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуды дамыту

  5. Мектептегі мұғалімдердің жауапкершілігін бағалау және кері байланыс жасаубағытындағы жұмыстарды іске асыру үшін №2 мектепті дамыту жоспарын жасақтау. Сол себепті ұстаздардың шеберлігі мен белсенділігін уәждеп, мектеп жұмысын жоғары деңгейге көтерудікөшбасшылар ынтымақтастығы негізінде шешемін деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулықтар

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы

Үлестірме материалдар