Бекітемін
ДТІЖЖО
А.М.Жасакова __________
«______» ______________ 2016 ж.
ЖОББ Совхоз мектеп-балабақшасы
Математика, физика және информатика
апталығына арналған
сыныптан тыс шара
«Таңғажайып алаң»
Интеллектуалды ойын
5-7-сыныптар
Ирформатика пәні ұғалімі: Құбаев А.Ж.
2016 жыл.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық-гигиеналық талаптарын орындату.
Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс-сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, компьютер.
Жоспары :
1-іріктеу туры
1-тур
2-іріктеу туры
2-тур
3-іріктеу туры
3-тур
Көрермендермен ойын
Финал
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Марапаттау
Жүргізуші:
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсыңба елеңдесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде физика, математика және информатика пәні апталығы өтіп жатыр.
Бүгін сіздермен бірлесе отырып, «ТАҢҒАЖАЙЫП АЛАҢ» атты интеллектуалды ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі ойынымыз 5-7 сыныптар арасында өткелі тұр. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылғалы тұрған оқушылардың білімін ортаға салғалы тұрмыз. Ендеше оқушылар бүгінгі ойынның шартын түсіндіруге рұқсат етініздер.
Ойынымыз 3-ірікте турынан, 3-турдан және финалдан тұрады.
1-іріктеу туры: Бұнда әр сыныпқа 1 сұрақ қойылып, әр сыныптан бір-бір оқушыдан 1-ші турға өтеді.
1-ші тур: Бұнда іріктеу турынан өткен 3 оқушы сынға түседі.
Осылайша 3-іріктеу туры ойналады және іріктеу турынан өткен оқушылар бір-бірімен сынға түсетін болады. Осы 3-турдан женіп шыққан оқушылар финалда бір-бірімен бақ сынасады. Ойын шарты түсініктіме?
Ойын шарты түсінікті болса «ТАҢҒАЖАЙЫП АЛАҢ» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық.
1- іріктеу тур сұрақтары:
Бас әріптермен жазу үшін қандай пернені басу керек? (Caps Lock ) 7-сынып
Мәліметтерді көрсететін құрылғы қалай аталады? (Монитор) 6-сынып
Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2 ) 5-сынып
1-тур сұрағы:
Шамамен б.э. дейінгі V ғасырдан бастап Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде арифметикалық есептеулер үшін қолданған есептеуіш тақта? (АБАК)
2-ірікте тур сұрақтары:
Экранда орналасқан жерін көрсетіп тұратын арнайы индикатор. (курсор)
Ақпараттарды тасымалдау, өңдеу және сақтау әдістері мен тәсілдері, заңдары туралы ғылым. (информатика)
Ақпаратты өлшеудің ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
2-тур сұрағы:
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды қалай атайды? (КОДТАУ)
3- ірікте тур сұрақтары:
Сегіздік есептеу жүйесінде қандай сан жоқ? (8)
Көрінетін бейнелер мен символдар арқылы берілетін ақпарат түрі? (визуалды)
Команданы енгізу үшін немесе келесі абзацқа ауыстыруға арналған пернені атаңыз. (Enter)
3-тур сұрағы:
Базалық логикалық операцияның атауы? (ИНВЕРСИЯ)
Көрермендерге сұрақ:
Бұл арнайы жазылған, шағын көлемді бағдарламаның атауы дәл өз-өзін көбейтуге қабілеттілік белгісі бойынша биологиядан алынған. Қандай атау? (ВИРУС)
ФИНАЛ:
Ағылшынның ұлы ақыны Джордж Байронның қызы, бірінші бағдарламашы әйел? (ЛАВЛЕЙС)
Жүргізуші:
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Өмір деген өнермен үйлеспей ме
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып бүгінгі көріп тамашалаған “ТАҢҒАЖАЙЫП АЛАҢ” атты интеллектуалды ойынымыз өз мәресіне жетті, жеңімпаз оқушымызға қошемет білдірейік. Бүгінгі ойынға қатысқан оқушыларға көп рахмет. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысым шексіз! Жақсы күндерде кездескенше сау саламатта болыңыздар!