СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Таным» білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Таным» білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Просмотр содержимого документа
««Таным» білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.»

Екінші кіші «Сылдырмақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Күнге қонаққа барамыз

Мақсаты: Қоршаған маңайда бір және көп ұқсас заттарды таба білуін дамыту. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш геометриялық пішіндерді атап, танып білуін жандандыру. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Билингвальдік компоненті : Геометриялық пішіндер – геометрические фигуры

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Таңғы шеңбер:





Сюрприздік сәт: Есіктен күн кіріп келеді.

-Саламатсыңдарма, балалар! -Мені таныдыңдарма? -Дұрыс айтасыңдар! Мен күнмін! Балалар, мен сендерді өз үйіме қонаққа шақырамын. Менің үйіме келер жолда сендер әр түрлі қызықтарға кездесулерің мүмкін. Сендерді өз үйімде күтемін!



Күннің нұрын сүйеміз, Ән саламыз күнге біз. Балдай тәтті баламыз, Әрқашанда біргеміз.





Күннің келгені балаларға қызықты, таңдана қарайды.

Күнге қонаққа баратындарына қуанады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Тәрбиеші:

-Балалар, күннің көзі қандай пішін?

-Ал күннің шуақтары қандай пішін?

-Жарайсыңдар, балалар! Енді күнге қонаққа баруға дайынсыңдарма?

-Дайын болсақ жолға шығайық!

Жолда үшбұрышты кездестіру.

-Балалар, қараңдаршы, мынау не?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл үшбұрыш. Үшбұрыштың бізге арналған тапсырмасы бар екен, орындап тастайық.

«Артық затты тап!» Балалардың қолына суреттер беріледі. Арасынан пішін қатарына жатпайтын артық затты табу керек.

-Жарайсыңдар, сендер үшбұрыштың тапсырмасын дұрыс орындадыңдар! Жолымызды жалғастырамыз.

Жолда шаршыны кездестіру.

-Ал, мынаның не екенін білемізбе?

-Дұрыс бұл шаршы.

-Шаршының да бізге арналған тапсырмасы бар екен. Алдымызда тұрған сиқырлы пішіндер. Оларды құрастырсақ әр түрлі заттар пайда болады. Қане, құрастырып көрейік.

-Міне, пішіндерден машина, үй, күннің көзі пайда болды.

Балаларды сергіту мақсатында «Күн шуақтары» ойыны ойнатылады.

Музыка әуені, тәрбиеші «күннің көзі» дегенде балалар шеңберге, «күн шуақтары» дегенде екі-екіден тәрбиешіні қоршап тұра қалуы керек.

Одан әрі жолда дөңгелекті кездестіру.

-Қараңдаршы, балалар, мынау не?

-Дұрыс, бұл дөңгелек. Қандай заттар дөңгелекке жатады?

Дөңгелектің тапсырмасы: «Түймелер» Балалардың алдына жолақша мен түймелер беріледі. Тәрбиеші «бір» дегенде балалар жолақшаның үстіне бір түйме қояды. Ойын осылай жалғасады.

-Міне, балалар күннің үйіне келіп қалдық.



Балалар Күннің көзі дөңгелек пішін, ал күн шуақтары үшбұрыш пішін екенін айтып, күнге қонаққа баруға жинала бастайды.



Жолда үшбұрыштың кездесуі және оның тапсырмасы балаларды ынталандыра бастайды.







«Артық затты тап!» ойынында балалар қолдарындағы суреттермен қызыға жұмыс жасайды. Пішіндер арасынан артық затты табады. Артық зат ойыншық, жеміс немесе доп екенін айтады.



Балалар жолда кездескен шаршы деп жауап береді.



Шаршының сиқырлы пішіндерін құрастырады. Құрастыру барысында балалар қимыл-қозғалыс жасап, ойланумен қатар шапшаңдықтары арта түседі. Сиқырлы пішіндерден машиан, үй, күннің көзін құрастырады. Олардың ұандай пішіндерден тұратынын айтады.

Одан әрі балалар дөңгелекпен кездесіп, алдарындағы жолақша, түймелермен ойын ойнайды. Тәрбиеші «бір» дегенде бір түймеғ екі дегенде екі түйме, үш дегенде үш түйме жолақшаға қояды. Үшке дейін санап жаттығады.

Рефлекстік түзету

Күн:

-Сендер өте ақылды бала екенсіңдер! Барлық тапсырманы орындадыңдар. Үшбұрыш, шаршы, дөңгелекті жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге арналған сыйлығым бар.

-Қане, кім айтады, бұл не?

-Дұрыс, мандарин маған ұқсайды, түсі сары, дөңгелек.

-Балалар келесі кездескенше сау болыңдар!

Тәрбиеші:

-Өз ризашылығымызды білдіру үшін күнге арнап ән айтайық.






Балалар өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, қызықты ойындар ойнап, күннің үйіне жетеді. Күннің қолындағы мандарин екенін, түсі сары күнге ұқсайтынын айтады.



Күннің сыйлығына ризашылықтарын білдіру мақсатында ән айтады:

Күн дидарлы арайлы, Нұрын төгіп тарайды. Барлық бала шаттанып, Қуанышпен қарайды.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Қоршаған маңайдағы бір және көп ұқсас заттар

Болу: Геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш туралы ұғым

Қолдану: Сұрақ- жауап, тапсырманы орындау, таңдау