І - кезең мотивациялық-қозғаушы | Бақшамызға барғанда Жолыққан бар жандарға. Ертемен ақ пейілмен, «Қайырлы таң» деймін мен Балалар шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді
| Көңілді шаттық шеңбер жасау |
ІІ - кезең ұйымдастырушылық ізденушілік | -Балалар, бүгін біз оқу іс-әрекеті құрастыру мен танысамыз. - Қоршау туралы түсіндіріліп, суреті көрсетіледі. -Балалардың серуенде жүргенде қоршау көргендерін естеріне түсіреді. Олар өте үлкен. -Қоршау ол біздің айналамыздағы үйімізді қоршап тұрады. - Қазір сендер қандай қоршауды қатты қағаздан құрастырасыңдар. - Алдымен қатты картонды қиып алып,желіммен жапсырамыз жан –жағын. Үйімізге арналған немесе балабақшамызға арналған қоршау жасай алады екенбіз. Міне, әдемі биік қоршау құрастырдық. Құрастырып көріңдер. -Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Шаршаған шығарсыңдар сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті: Жел себеді, бетімізге Тербелейді, ағаштар Кіп-кішкентай, ботақандар Үп-үлкен боп, өседі. -Бірнеше рет өздері қойып, үлгіні қарап, соңында қоршауды жасап шығады. Қиналған кейбір балаларға тәрбиеші өзі көмектеседі. Дидактикалық ойын: «Қақпа құрастыр» Шарты: Балалар, алдарында тұрған кубиктардан қақапа құрастырады. Ойын әрі қарай жалғаса береді. | Тақырыпен танысу Суретке қарау Қоршау жайлы түсінік Тәрбиешіні мұқият тыңдау Жұмыс жасау Қоршауды құрастыру Сергіту сәтін жасау Сергіту сәті -Балаларға көмектесу Алақай,ойын Ойын ойнау |
ІІІ - кезең рефлексивтік түзетуші | -Балалар, сен бүгін не? құрастырдыңдар? -Сендерге, бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? | Қоршауды құрастырдық -иә, ұнады |