Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні:.24.04.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Бір шаңырақ астында»
Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Әңгімені тыңдай, әңігмелей білуге, дағдыларын дамыту.
Оқыту: Қазақстан көп ұлтты мемлекет екенін үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, дамыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Түрлі ұлт өкілдерінің суреті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Таңғы шеңберге тұрғызу.
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң.
Бақытты өмір сүреміз!
2.Негізгі бөлімі:
Балалар, Жер ана бәрімізге ортақ.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.
Біздің кең байтақ қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта, бауырластықта өмір сүруде.
Сендер елімізде тұратын қандай ұлт өкілдерін белсіңдер?
Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?
Балалардың жауабы.
Дұрыс айтасыңдар, елімізде орыс, татар, ұйғыр, неміс, өзбек тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады.
Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрі, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары болады.
Біз барлық ұлт өкілдерімен татумыз, доспыз және бір щаңырақ астында тұрамыз.
Балалар 1 – мамыр ынтымақ пен бірлік мерекесі.
Ойын: «Қуыршақтың киімін ата»
Педагог кез келген қуыршақтың киімін көрсетіп (көйлек, мәсі, бөрік, сәукеле) оның қалай аталатынын, түсін сұрайды.
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көркі ,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
3.Қорытынды:
Біздің мемелекет қалай аталады?
Мемлекетімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
Балалардың жауабын естіп, оқу қызметін қорытындылау.
Балаларды мақтау, мадақтау.
Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні:.24.04.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән:Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Бір шаңырақ астында»
Тақырыбы: Ғажайып өоржын/ дидактикалық ойын/
Мақсаты
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Сөз қорларын дамыту
Оқыту: Есте сақтау қабілеттерін, сұраққа жаап беруге, сипаттап айтып беруге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндір, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
Себепті кызығушылығын ояту кезеңі
– Амансың ба, Алтын күн,
Жарқыраған жарқын күн.
Маған мейірім мен шуақ бер,
Қуаныш пен бақыт бер.
Балалар қолдарынан ұстап,
бір-біріне күлімсірей қарайды
2.Негізгі бөлім:
Қане, балалар орнымызға отырамыз.
– Балалар мен қолымдағы сырнайды әуенді ойнағанда ғажайып сәт болады, соны тамашалайық. (Әуен ойнайды, қоржынна жылан шығады.)
Жылан жылы:
– Сәлеметсіздер ме,балалар мен сіздерге қоржын алып келдім,
бұл жәй қоржын емес, Сиқырлы қоржын!
– Балалар қоржынды ашайықшы, ішінде не бер екен көрейік (қоржын ашылады)
– Қоржынның ішінде суреттер бар екен, қане, балалар алып тақтаға ілейік.
– Балалар біз жылдың қай мезгілін
құрастырдық?
– Қане, балалар кім қыс туралы әңгіме айтып береді?
– Өте жақсы, балалар!
– Қане, балалар қоржында тағы қандай тапсырма бар екен, қарайық.
– Балалар қоржында тағы не бар екен?
Балалар бір-бірлеп үй жануарлары туралы сипаттап айтып береді
– Балалар, кім айтады, мысық қалай дыбыстайды?
Ит қалай дыбыстайды?
Әтеш қалай дауыстайды?
Олай болса біз ойын ойнайық.
Қимылды ойын: «Соқыртеке»
Мақсаты: Балалардың дауыс арқылы тез таба білуге, есте сақтау қабілетін арттыру.
Шарты: көз байлаған бала бір баланы ұстап алады, сол баладан «сен кімсің?» деп сұрайды, «Мен мысықпын мяу-мяу» дейді.Көзі байлаған оның кім екенін тапса, сол бала соқыртеке
болады. Ойын жалғаса береді.
Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Мақсаты: Көре білу, байқау қабілеттерін дамыту, өз сөздерінің дұрыстығын дәлелдеу.
Балалар әр суреттерге зер салып қарайық,
не артық соны атаңдар?
Жылан жылы:
– Балалар, сендер тапқыр, ақылды балалар екенсіңдер, сендер менің тапсырмамды орындадыңдар, сендерге рахмет,
сау болыңыздар.
Іс – әрекетті бақылау кезеңі
-Балалар бізге кім келді?
-Ол не алып келді?
– Қандай тапсырмаларды орындадық?
3.Қорытынды:
-Балалар бізге кім келді?
-Ол не алып келді?
– Қандай тапсырмаларды орындадық?
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Жануарларды ажыратып,жануарлардың мекенін, ерекшелігін, үй жануарларының атауын, пайдасын айта біледі.
Баланың меңгеруі: Сиқырлы қоржындағы тапсырмаларды мүдірмей орындай білді.
Екінші кіші «Құлыншақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:25.04.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т.
Білім беру саласы:Шығармашылық
Өтпелі тақырып: Бір шаңырақ астында
Пән:Сурет салу
Тақырыбы: Мерекелік сәулелер.
Мақсаты:
Тәрбиелік: татулыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:сурет салуға деген ынтасымен қызығушылығын дамыту
Оқыту: Балаларды мақта таяқшалармен түзу сызықтарды және дөңгелектерді салуды үйрету;
Педагогикалық технологиялар:көрсету,түсіндіру
Ресустармен қамтамасыз ету: мерекелік суреттер
Блингвальдық компоненті : мерекелік сәулелер-салют
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балаларға суреттер бойынша жұмыс.
-Бұл қандай мереке? Неге барлық адамдар көңілді? Сендерге мереке ұнады ма?
Мерекелік отшашу жаққанда айнала жап-жарық болып, әдемі түстерге боялады.
Негізгі бөлім:
-Мерекелерде өте әдемі, жарқыраған оттары көп отшашулар атылды. Бояудың өздеріңе ұнаған түстерін пайдаланып, мақта таяқшалармен сызық жүргізу арқылы сол отшашу бейнесін салып көрейік.
Сергіту сәті:
Сергіту сәтін жасайды:
Шаңырақ астында
Шаңырақ болар дөңгелек.
Келсе қонақ күнде үйге,
Ас піседі бұл үйде.
Қазандықта от қызады.
Қазанда әр түрлі ас піседі.
Қолға тұрмас дөңгелеп,
Ыстық бауырсақ дөңгелек.
Отшашудың сәулелері әдемі болу үшін бояудың түстерін дұрыс таңдауға және оны үйлестіре сызуға мән береді. Отшашу түрлі түсті жарыққа бөленуі үшін қызыл, сары, жасыл, көк түстерді пайдалану қажеттігін айтады.
Балаларға саусақтарымен жаттығулар жасатады.
Түрлі түсті бояуды пайдаланып, үзік сызықтарды бірінің үстіне бірін кезекпен сызу арқылы отшашуларды салады.
Қорытындылау:
-Бүгін мерекелік отшашуды барлығың тамаша, әдемі салғандықтан, сендерге қуыршақ Айсана өзінің сүйікті әдемі қызыл шарын беріп жіберіпті. Осы қызыл шарды аспанға ұшыру үшін бәріміз терең дем алып, демімізді шығарып қалықтатайық.
Салған суреттерінен кешке ата-аналарына көрсету үшін көрме жасайды.