Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: оқушылардың білімдерін жетілдіру, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау;
ІІ. Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру;
ІІІ. Тәрбиелік: тез шешім қабылдауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, таратпа материалдар, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: әділ-қазылар алқасын тағайындау, топтарды және сайыстың шартымен таныстыру.
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен көрермендер! Бүгінгі біздің «Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысалық...
1- жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар:
І топ: «Арифметика»
ІІ топ: «Логика»
ІІІ топ «Алгебра»
2- жүргізуші: Сайысымыздың І бөлімі «Танымдық сайыс» . Әр топқа жеке-жеке сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
І бөлім. «Танымдық сайыс»
"Арифметика» тобының сұрақтары:
1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
2. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? (Әл-Хорезми)
3. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (галактика)
4.Диаметрдің жартысы? (радиус)
5. Нәтижесі 4 болу үшін 2 санын қай санға бөлу керек? (0,5)
6. “Миллион” сөзін қазақ арасында жеткізуші ғалым? (Ы.Алтынсарин)
7. π саны латынның қай сөзінің бастапқы әрпінен алынған? (периферия – дөңгелек)
8. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын кім ашты? (И.Ньютон)
9. Байт неден тұрады? (бит)
«Логика» тобына қойылатын сұрақтар:
1) Санның 1/100 бөлігі? (пайыз)
2) Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров)
3) Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы? (принтер)
4) Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы? (периметр)
5) π санының жуық мәні? (3,14)
6) “ Алгебра ”оқулығының авторы? (9 класс)
7) Қандай негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді білесің?
8) Зат неден тұрады? (молекула)
9) Интернет желісіне қатынасу үшін қажетті құрылғы? (модем)
«Алгебра» тобының сұрақтары:
1) Тәуліктің 1/24 бөлігі? (сағ)
2) Қазақстандағы ғарыш кешені? (Байқоңыр)
3) Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең аз құрылғылар жиынтығын ата.
4) Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы? (π )
5) 0, 1, 2, 3, 4, 5 ,6, 7, 8, 9 сандарының қосындысы артық па әлде көбейтіндісі артық па? (қосындысы)
6) Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ? (Қ.Сәтбаев)
7) Үшбұрыштар ұқсастығын белгілейтін символ латынның қай сөзінің бастапқы әрпінен алынған? (similis –ұқсас)
8) Қай айда 28 күн бар? (барлық)
9) 1кбайтта қанша байт бар? (1024)
ІІ бөлім. «Сөз тапқанға...»
2-жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі «Сөз тапқанға ...». Бұл бөлім бойынша сайыскерлеріміз өздеріне қойылған сұрақтарға таратылған әріптен басталатын сөз арқылы жауап қайтаруы тиіс.
***
«Арифметика» тобына қойылатын сұрақтар. / М, Б, Е әріптері /
1)“Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің” – деген пікірге не айтасыз?
2) Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?
3) Интернет желісіне қалай қосыласың?
4) Сенің жақын құрбыңның әжесінің жасы нешеде?
5) Дүкенге барған кезде неше теңгеге сауда жасайсың?
***
«Логика» тобына қойылатын сұрақтар. / Т, К, Ж әріптері /
1) «Математика - ғылымдар патшасы» дегенді қалай түсінесіз?
2) Математикадағы қасиетті сандар туралы не ойлайсыз?
3) Геометриялық фигуралардың бірін ата.
4) Компьютерде жұмыс жасай аласың ба?
5) Сенің ойыңша ең үлкен қай сан?
***
«Алгебра» тобына қойылатын сұрақтар. / Н, А, С әріптері /
1) Математика ғылымы туралы өзіңіздің пікіріңіз қандай?
2) Математика ғылымы қызықты ма?
3) Математикалық термин
4) Информатика пәнінен соңғы рет қай тақырыпты өттіңдер ?
5) Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсың?
ІІІ бөлім. «Ойлан тап»
2-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап». Бұл сайыста сіздер ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
1-жүргізуші: Егер жауап бере алмай қалсаңыздар, қалған топтар жауап береді. Ұпай сол жауап берген топқа беріледі.
Математикалық жұмбақ:
10 ұпай. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы бір бойында.
(сызғыш)
30 ұпай. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап? (х)
50 ұпай. Айналған теңдеу шешу құралына
4 саны араласқан құрамына
Теңдеудің түбірлері нешеу деген?
Қандай сан жауап берген сұрағыма?
(дискриминант)
Логикалық есеп:
10 ұпай. Ақ ит сұр қоянның соңынан жүгіріп келеді. Ақ ит 2 км жүгірген соң тоқтады. Қайсысы қанша процентке көп терледі? ( ит пен қоян терлемейді)
30 ұпай. (бейне сұрақ) Сіздерге Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 8 «А» класс оқушысы Зекенова Гүлсанат сұрақ қояды. Экранға назар аударайық...
50 ұпай. Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді. Екі ауыл арасы сүт пісірімдік жер. Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп өшті. Үй иесі бұрын көре ме, әлде салт аттылар бұрын көре ме?
Ұлы математиктер.
10 ұпай. “Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей-ақ қойсын” деген кімнің сөзі? (Платон)
30 ұпай. “Математика – ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сандық арақатынасы мен кеңістік формалары туралы ғылым” - деп математикаға анықтама берген.... (Энгельс)
50 ұпай. “ Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі – математикамен шұғылдану, екіншісі одан сабақ беру”- деп кім айтқан? (Пуассон)
Әртүрлі.
1) Бейне сұрақ. Сіздерге кішкентай бауырымыз Абзал сұрақ қояды:
- Алманың жартысы неге ұсас?
2) Әтеш өзін құспын деп айта ала ма?
3) Үш ағайындының жастарының қосындысы 44 – ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз.
ІV бөлім. «Мені түсін».
1-жүргізуші. Сайысымыздың келесі бөлімі «Мені түсін». Бұл бөлім бойынша сіздер өздеріңіз таңдап алған бетте жазылған сөздерді іс-қимыл арқылы бейнелеулеріңіз қажет.
/ сызғыш, циркуль, транспортир, шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, принтер, клавиатура, модем)
V бөлім. «Кім жылдам».
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Кім жылдам». Экранда, өздеріңіз көріп отырғандай, әртүрлі сандар (1-52 дейінгі ) жасырылған. Сіздердің міндеттеріңіз – осы жасырылған сандарды рет-ретімен іздеп табу. /интерактивті тақтада уақыт көрсетіліп тұрады, оқушылар Асtiv pen көмегімен 1 минуттың ішінде ізделінді сандарды рет-ретімен тауып, белгілеп шығады/
ІІІ. Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.