СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тараздың бойтұмары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау. 

Просмотр содержимого документа
«Тараздың бойтұмары»

Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті №14 мектеп-гимназия

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Капанова М.Е.

Сынып: 7 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:



Сабақ тақырыбы:

Тараздың бойтұмары

Оқу мақсаты

7 А4 Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау.

7.О4 Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы Тараз қаласының тарихы жайлы ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады, сысныптастарымен сұхбаттасады.

Жаңа сөздер:

Бойтұмар- талисман, жаугершілік-, күмбез-купол, шайқас-битва, неке қию- заключение брака, балғын-.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Көне Тараз» туралы деректі фильм, тақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Төрт сөйлем» тәсілі, диалог, ойталқы, эссе, «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсат- ында интерактивті тақтадан «Көне Тараз» туралы деректі фильм көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, Тараз қаласының тарихы жайлы не білесіңдер?

Тараз қаласының басқа қалалардан қандай ерекшелігі бар?

Деректі фильмді көреді, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтар бойынша диалог құрады.


Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Диалогтегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады.


3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.


Ә) Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен белгіленген сөздерді орыс тіліндегі аудармасы- мен жазады, метафоралы тіркестерді теріп жазады.


Б) Айтылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Метафоралар қолданып, диалог құрады.


4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.


5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, ұлттық архитектураның ерекшелігі туралы түсінгенін айтады.

ІІІ. Ойтолғаныс

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қайнаркөздерді пайдаланып, Қазақстан жерінде бой көтерген ғашықтар кесенелерінің бірі туралы материал жинай- ды, тұсаукесер жасайды.

IV. Бекіту

А) Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Пікірталас өткізеді.


Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.