Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберін құрып «Есімдер акронимі» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату. Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі 1-топ:Көкшетау 2-топ: Астана 3-топ: Қазығұрт Әр топтан топ басшысын анықтап алып бағалау парақшасын таратып беремін Дұрыс жауапты «+» , «-» белгілейді. Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | 1-тапсырма «Жедел тест» | 2- тапсырма«Еркін жазу стратегиясы» | «Хан тағы» әдісі | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұраймын Бағалау: «Басбармақ» арқылы өзара бағалайды. 1. Оқылым алды: (Сыныппен жұмыс) 1-тапсырма: Белсенді оқу әдісі: «Суреттер аллеясы» әдісі Ой қозғау арқылы суреттерге қарап сабақ тақырыбы мен мақсатын жетекші сұрақтар арқылы анықтайды. Ой қозғау үшін жетекші сұрақтар: 1.Қандай суреттер көріп тұрсыңдар? 2.Неге бұл суреттерді көрсетіп тұр деп ойлайсыңдар? 3.Осы суреттер арқылы Қазақстанның экономикасына қалай үлес қосуға болады деп ойлайсыңдар? 4. Қазақстанның көрікті , көркем жерлерін сақтау арқылы неге қол жеткізе аламыз? Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру 1-тапсырма «Жедел тест» әдісі (Мәтінді тыңдап құрылымдық ерекшелігіне назар аударып , жедел тестке жауап береді) Қазіргі таңда республикамызда туризмнің барлық түрлері дамып келеді. Сондықтан болар, демалуға қолайлы ел ретінде Қазақстанның танымалдылығы күн санап артуда. Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек? Бірінші орында кіші Швейцария –Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған. Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескерткіштері, атап айтсақ, Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады. Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты , Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қотан-қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең , көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан басқа не керек? (Мәтін қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағынан алынды) Мәтін бойынша жетекші сұрақтарға жауап бере отырып негізгі ойды анықтайды. 1. Мәтін қанша бөлімнен тұрады? Ж:4 2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылған? Ж: Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы 3.Мәтіннің негізгі ойы қандай? Ж: Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық. Дескриптор Мәтіннен құрылымдық ерекшелігін анықтайды Сұраққа жауап береді Мәтіннен негізгі ойды анықтайды. Бағалау: «Смайликтер» арқылы өзара бағалайды Дискриптор арқылы кері байланыс беремін. |