СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тармақталу алгоритмдерін программалау                                                                                                                                                                                                                                  .

Просмотр содержимого документа
«Тармақталу алгоритмдерін программалау»


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7.3В Шешімдерді программалау

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исмоилов. М. М.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

7.3В. Тармақталу алгоритмдерін программалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.2.1-программалау тілінде алгоритмді жазу

7.3.3.2-сызықтық және тармақталу алгоритмдерін өңдеудің кіріктірілген ортасында жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:

Тармақталған алгоритмдердің операторларын біледі және құрылымын ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Бағдарламалаудың модульдік және өңдеудің кіріктірілген ортасында шартты тексеру операторларын программа құруда қолданады.

Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:

Өңдеудің кіріктірілген ортасында тармақталу алгоритмдерінің бағдарлама кодын құрастырады, қателерді талдайды.

Бағалау критерийі

Тармақталған алгоритмдердің құрылымын және шартты тексеру операторларын біледі және оларды бағдарлама құрғанда қолданады.

Өңдеудің кіріктірілген ортасында сызықтық және тармақталу алгоритмдерінің программалау кодын құрастырады.

Өңдеудің кіріктірілген ортасында бағдарлама кодын орындайды, қателерді тексереді.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика және терминология:

Алгоритм, бағдарламалау ортасы, бағдарламалау тілі, код

операторлар, енгізу/ шығару, шарт

Сұхбатқа /хатқа арналған пайдалы сөздер:

Мен бұл сабақта шартты операторлар … түсіндім.

Өңдеудің кіріктірілген ортасында бағдарламалау … қажет.

If.., Then..., Else...

Құндылықтарға баулу


Оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау және қарым –қатынас жасау қабілетін арттыру

Пәнаралық байланыс

математика - алгоритм , шарт

ағылшын - код операторлары

орыс тілі – ресурстар

Алдыңғы білім


Сызықтық алгоритмдерді өңдеудің кіріктірілген ортасында программалау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

0-2мин





Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушыларды топқа геометриялық фигуралар арқылы бөледі. Топтарға «сызықтық», «тармақталған» деген атау беріледі.

Оқушылар іс-әрекеті:

«Шаттық шеңбері» әдісі оқушылар бүгінгі күнге сәттілік тілейді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

геометриялық фигуралар, топ ережесі құрылған плакат, бағалау парағы




3-9мин

Білу

«Өткен сабаққа шолу» электронды дереккөздерінен беріледі.

10 сұрақтан тұратын тест

Оқушылар «Бағдаршам» арқылы өз-өздерін бағалайды.

9-10 ұпай- жасыл

7-8 ұпай –сары

5-6 ұпай –қызыл

https://learningapps.org/display?v=p9rvwucs317


10-13мин



«Қызығушылығын ояту» Оқушылар көрсетілген бейнекөрініс арқылы тақырыпты өздері ашуына ықпал жасаймын.


https://bilimland.kz/kk/#lesson=16351

Сабақтың ортасы

13-20мин






















21-23 мин














24-28 мин






















29-34 мин

















35-38 мин








39-40 мин

Қолдану

Топтық жұмыс. Бейнекөрініс арқылы жаңа білім алады.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Мақсаты: топтарда бір - бірін бағалау әдісі жүреді. Екі топ берілген тақырыпты қаншалықты дұрыс меңгергендігі, түсінгендігі және түсіндіре алғандығы көрсетіледі.

Оқушылардың іс-әрекеті:

Топтағы оқушылар жаңа тақырыпты қарастырып, бірге отырып талқылап, түсіндіреді. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, ізденеді.

Топтар бір-бірін бағалау «Бас бармақ» арқылы жүргізіледі.


«Ой қозғау»

Мақсаты: өмірмен байланысты алгоритм құрайды, мысал келтіреді. Шартты тексеру операторын бағдарлама құруда қолданады.

(Д)1 тапсырма: оқушылар егер, онда, әйтпесе көмекші сөздер арқылы өмірге байланысты алгоритм құрайды.

Дескриптор:

Оқушылар берілген көмекші сөздерге байланысты алгоритмге мысал келтіреді.

Берілген сөздердің ішінен бір көмекші сөзге ғана мысал келтіреді.

Оқушы егер, онда, әйтпесе көмекші сөздер арқылы толық мысал келтіреді.

(Д)2 тапсырма:72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесін тауып, блок-схемасын сыз.

Басы

21-ді қос

75-ті алып таста

Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса, онда 15-ті қос, ал егер 10 үлкен болса, 2-ні алып таста

Нәтижені жарияла

Соңы

Дескриптор:

Алгоритмнің нәтижесін дұрыс табады.

Блок-схемасын сызады.

Нәтижесін дұрыс тауып, блок-схемасын дұрыс сызады.

(Д)3 тапсырма: Екі санды салыстырып, үлкен мәнді экранға шығар.

PROGRAM ERKEZHAN;
VAR a,b: real;
Begin
Write(‘vedite a,b’);
read(a,b);
if ab THEN write(‘max a’) else write(‘max b’);
end.

Дескриптор:

Бағдарламада есептің шартын дұрыс орналастырады.

Екі санды салыстырады.

Тексеру арқылы үлкен мәнді дұрыс табады

Бағалау: Фигуралар арқылы.


Сергіту сәті. Дене қимыл қозғалысы.

Оқушыларға бейнекөрініс көрсету арқылы әр түрлі жаттығуларды жасату.


Талдау.

Жинақтау.

«Сәйкестікті тап» берілген сұрақтарға дұрыс жауапты сәйкестендір.

Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

Then

Тармақталу операторының толымды түрі

Қадамдардың тізбектеп орындалуы шартқа байланысты болатын алгоритм

Блок-сызбада шарт қай блоктың ішіне жазылады?

Else

Егер

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады

Онда

If

Әйтпесе

Блок-сызбада шарт тексеру блогына ромб қолданылады

«Смайликтер» арқылы бағалау.



https://www.youtube.com/watch?v=OZ0LSIrma-M














дәптер












Дәптер





















Компьютер

















https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU







Таратпа қағаздар






















Сабақтың соңы

40-45


Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер»




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сыныптағы саралау жұмыстарында тапсырма, дерек көздері, баяндау, түсіндіру әдістері қолданылады.

Оқушылар бірлескен топтарда топтық жұмыстарда, жұптық жұмыстарда бірін- бірі қолдайды. Көшбасшы оқушылар топты ұйымдастырып алға жетелеп отырады. Қабілеті төмен оқушыларға егер қажет болса, қосымша көмек көрсетіледі және уақыт беріледі. Оқушылардың деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырмалар дайындалып, сараланып жеке қабілеттері ескерілді. Әр оқушыдан күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Тұйық, ұяң оқушылардың белсенділігі арту үшін, сабақ үстінде белсенді оқушымен жұмыс жасауын қамтамассыз ету. Электронды дереккөздерден құрастырылған «Өткен сабаққа шолу» тест өткен сабақты қалай меңгергенін білу мақсатында қолданылады. «Қызығушылығын ояту» стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты ашу оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді.

«Ой қозғату» әдісі дайындалған тапсырмалардың көмегімен оқушылардың жаңа сабақты қалай игергендері жайлы түсінік қалыптастыру. «Сәйкестікті тап» таратпа қағаздар арқылы берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру. Қарқыны жылдам, дереккөздермен жұмыс істей алатын кейбір оқушылар үшін С деңгейінде тапсырмалар табыс критерий бойынша жеке бағаланады.


«Бағдаршам», «Бас бармақ», «Фигуралар арқылы», «Смайликтер» арқылы бағалаймын. Оқушыларға әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындатамын, кеткен қателіктерін түсіндіріп, түзетіп отырамын. Топпен жұмыс жасауда дұрыс бағдар беремін.

Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде оқушыға не қызықты, не қиын, нені меңгермегенін анықтап, алдағы уақытта түсінбеушіліктерін жою қарастырылады.

Сабақ басталмас бұрын оқушылардан қауіпсіздік техника ережелерін сақтау ескертіледі. Компьютермен жұмыс жасау кезіңде сақталатын қауіпсіздік ережелерін айтамын. Оқушылар бір бірлеріне кедергі жасамау керек. Мұғалімнің рұқсатынсыз артық заттарға тиісуге болмайтыны, артық сөз айтпау керектігін ескертемін. Сергіту сәті кезінде дене мен қимыл қозғалысты әуенмен орындайды.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?