СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тармақталуды бағдарламалау. If шартты оператор

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шартты оператордың форматы мынадай: if (өрнек) оператор1; else оператор2;

Просмотр содержимого документа
«Тармақталуды бағдарламалау. If шартты оператор»

Ф.219

4. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні











Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.3. Тармақталу, таңдау цикл операторлары

Сабақтың тақырыбы: №4 Тармақталуды бағдарламалау. If шартты оператор

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Ойын элементі бар сабақ


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Амалдар. Меншіктеу операторы, cin, cоut енгізу шығару

Кәсіптік құзыреттілік

С++ тілінде операторлармен жұмыс істей білу


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Оқушылардың пәнге деген сауаттылығын арттыру мақсатында C++ тіліндегі if тармақталу операторымен таныстыру

тәрбиелік

С++ тілінде тармақталу операторын қолданып, бағдарлама құра білу

дамытушылық

С++ тілінде жұмыс істеуге дағдылану


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Бағдарламалау тілдері

К.т.№1.1 Object Pascal тілінің алфавиті, арифметикалық өрнектер

Қамтамасыз етілетін

Бағдарламалау тілдері

К.т.№1.2 Мәліметтер типі. Айнымалылар және тұрақтылар


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар


Таратпа материалдар

Тәжірибелік жұмыстар

Оқытудың техникалық құралдары

ДК, С++

Әдебиет: негізгі

И.Г.Семакин, А.П.Шестаков «Основы программирования»

Қосымша

С.В.Симонович «Информатика. Базовый курс»


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2.

Үй тапсырмасын сұрау (15 мин)

  1. Си тілінің шығу тарихы қандай?

  2. С++ тілін кім жасады?

  3. С++ тілінде қандай операторлар бар?

  4. С++ тілінің алфавиті қандай

  5. Көрсеткіштер дегеніміз не?

  6. Си тілінде қандай операторларды білесіңдер?

  7. Олардың қызметтері қандай?

  8. Cи тіліндегі қандай операцияларды білесіңдер?

  9. Арифметикалық операция дегеніміз не?

  10. Қатынас операцияларына не жатады?

  11. Логикалық операция деп қандай операцияны айтады?

  12. Меншіктеу операциясы дегеніміз не?

  13. «Тип» операциясы дегеніміз не?

  14. «Үтір» операциясы не үшін қажет?

  15. Шарт операциясы қалай есептеледі?



3.

Жаңа сабақ (20 мин)

Курс тақырыбы: №1.3. Тармақталу, таңдау цикл операторлары

Сабақтың тақырыбы: №4. Тармақталуды бағдарламалау. If шартты оператор

  1. Шартты операторлар

  2. Құрамды операторлар


4.

Жаңа сабақты бекіту (33 мин)

Ойын өткізу: «Детектив»

Тәжірибелік жұмыс


5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)



6

Үйне тапсырма беру (4 мин)

  1. Мұқашева М. «Программалау/С++Builder 6» 83 бет




Оқытушы __________ Г.К.Мукушова


















Дәріс №4


Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.3. Тармақталу, таңдау цикл операторлары

Сабақтың тақырыбы: №4 Тармақталуды бағдарламалау. If шартты оператор


  1. Шартты операторлар

  2. Құрамды операторлар

Шартты оператор

Шартты оператордың форматы мынадай:

if (өрнек) оператор1; else оператор2;

Бұл оператордың толық формасы. Әдетте қатынас және логикалық операциялардан тұратын белгілі бір шарт болып табылады. Егер өрнектің мәні нөлге тең болса, ол ЖАЛҒАН, нөлге тең болмаса, АҚИҚАТ болады. Егер өрнек АҚИҚАТ болса, онда оператор1 орындалады, ЖАЛҒАН болса, оператор2 орындалады.

Шартты оператордың синтаксисінің мына ерекшеліктеріне назар аудару керек:

  • өрнек дөңгелек жақшаның ішінде жазылады;

  • оператор1-дан кейін міндетті түрде нүктелі үтір қойылады.

Шартты оператордың толық емес түрі де болады. Оның форматы:

if (өрнек) оператор;

Екі a және b айнымалыларының үлкенін табудың программасын былай болады:

if (ab) max=a; else max=b;

Бұл шартты оператордың толық формасы.

Осы есеп шартты оператордың толық емес формасы былай жазылады:

max=a; if (ba) max=b;

Енді шартты операторға мысал келтірейік. Мынадай жүйені шешу керек:

  1. Осы есепті шешуде шартты оператордың толық формасында былай шешеді:



















if (x

if (x==0) y=0;

else y=-1;

else y=1;



  1. Шартты оператордың толық емес формасы:

y=1;

if (x

if (x==0) y=0;

else y=-1;


Құрамды оператор

Құрамды оператор дегеніміз {} жақшаға алынған операторлар жиынын айтады. Әрбір оператор жақшаның ішінде нүктелі үтірмен аяқталады.

Мысал:

#include

void main ()

{

float a, b, res;

printf (“Введите два числа:”);

scanf (“%f%f”, &a, &b);

if (b==0)

printf (“Отношение a/b не определено \n”);

else

{

res=a/b;

printf (“a/b равно %f\n”, res);

}

}


Балалар, енді өткен тақырыптарды қайталау үшін «Детектив» сабағын өткізейік. Сендердің барлықтарың жеке меншік іздеу агенттігінде детектив болып жұмыс істейсіңдер. Сендердің іздеу агенттіктеріңе мынадай ақпарат келіп түсті. Кеше түнде мұражайға ұры түсіп, оның ішінен өте құнды тарихи ескерткіш болып табылатын қағазды ұрлап әкетіпті. Бұл қағазда белгілі ғалымның жазған құнды ақпараты бар екен. Бізге келіп түскен соңғы ақпарат бойынша ұрлықшы қағазды бірнеше бөлікке бөліп, әрқайсысын жеке-жеке сейфтерге қойып, оларға пароль орнатып тастапты. Және ұры қылмыс орнына мына бір хатты тастап кетіпті. Онда не жазылған екен, қане кім оқиды?

Сәлем хат!

Мен – әлемдегі ең ақылды суперұрлықшымын! Менің сейфтерімді ашу үшін сұрақтарыма жауап беру керек. Бірақ менің тапсырмаларымды әлі бір де бір адам орындап көрген жоқ. Себебі менен де ақылды адамның болуы мүмкін емес, ха-ха-ха! Сендердің қандай екендеріңді көрейік! Сұрақтарыма жауап бере алмауларыңа шын жүректен тілектеспін. Чао!

Ізгі ниетпен, ұрлықшы.


Ұры хаттың ішіне парольды ашуға қажетті сұрақтарды қоса салып жіберіпті.

1-сейф паролін анықтау үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шықты?

  2. Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?

  3. Алгоритмді жазудың қандай әдістері бар?

  4. Қандай блок-схемаларды білесіңдер?

  5. Алгоритмнің қандай құрылымдары бар?

  6. Сызықтық құрылымды алгоритм дегеніміз не?

  7. Тармақталған құрылымды алгоритм дегеніміз не?

  8. Циклдік құрылымды алгоритм дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

  9. Интерпретатор дегеніміз не?

  10. Компиллятор дегеніміз не?

  11. Си тілінің шығу тарихы қандай?

  12. Си тілінің алфавиті неше топқа бөлінеді?

  13. Директивалар қалай жазылады?

  14. Программаның басы мен соңы қалай белгіленеді?

  15. Айнымалылардың қандай типтері бар?


2-сейф паролін анықтау үшін:

Компьютердегі сөзжұмбақты шешіңдер.

3-сейф паролін анықтау үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер:

І. Компьютерлік өзекшесі бар сөздерді табыңдар.

... АНТ (жоғарғы бала дауысы)

... ОНТ (банктің есептік проценті)

... ОБОЛ (лақтырумен айналысатын спртшы)

...УССИЯ (белгілі бір сұрақты немесе проблеманы талдау)

... ОТЕКА (музыкалық жастар клубы)

... ОМФОРТ (ыңғайсыздық, алаңдаушылық)

... РЕТТІ (үздікті)

... РИМИНАЦИЯ (тепе-теңдік құқықтың бұзылуы)

... ВАЛИФИКАЦИЯ (спорттық жарыстарға қатысу құқығынан айырылу)

РЕ...КА (ерте пісетін көкөніс)

(ДИСК)

ІІ.

... ЬЕ (қонақүйдің кілттерге, почтаға ие болатын қызметкері)

... РЕТ (адамның суреттегі бейнесі)

... МОНЕ (кішкене кошелек)

...ФЕЛЬ (мектеп сумкасы)

...УГАЛИЯ (Европадағы мемлекет)

С... (денсаулыққа өте пайдалы іс)

ПАС... (Азаматтың негізгі құжаты)

(Паспорт)

ІІІ.

... АДА (қарсыласының қаласын қоршап алу)

... НОТ (жазба үшін қажет кітапша)

...ИРОВКА (машиналардың, аппараттың жұмысындағы қателіктерді жоятын құрылғы)

(БЛОК)

IV.

...ОН (атмосферадағы төмен қысымды облыс)

...ОП (мифологиялық бір көзді құбыжық)

...ОТРОН (протондар мен иондарды үдеткіш)

ЭН...ОПЕДИЯ (ғылыми анықтамалық басылым)

МОТО... (транспорттық құрал)

4-сейф паролін анықтау үшін компьютердегі «Сәйкесті тап» тапсырмасын орындаңдар. Сәйкес сөздерді бір түспен бояңдар.

Сәйкестікті тап.

Си тілін құрастырған адам

Апостроф

Тильда

#

Амперсанд

&

Ондық бүтін сан

\n

Жаңа жолға көшу

#include

Бьерн Строуструп

~

Нөмір

%d

scanf ()

С++ тілін құрастырған адам

директивалар

Енгізу функциясы

Денис Ритчи

Шығару функциясы

printf ()


5-сейф паролін анықтау үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер:

Әзіл викториналық сұрақтар

  1. Неліктен мысықтар программисттердің қолын жалағанды ұнатады?

  2. Компьютер құрылғылары оркестрінің дирижерін қалай атайды? (опрациялық жүйе)

  3. Неліктен программисттер тұмаумен жиі ауырып, жөтеле береді? (себебі олар ашық терезенің алдында көп отырады.)

  4. Қандай банкілерді тек программисттер құрады? (берілгендер банкісін)

  5. Желіге шығу қауіпті ме? (Иә, егер бұл 220 вольттық тоқ желісі болса)

  6. Әр оқу орнында кем дегенде үш шығатын жер болу керек: басты, қосыша (запастной) және ... (Интернетке шығатын)

  7. Интернетчиктер қыста не киеді: қолғап па, әлде перчатки ме? (перчатки, себебі мұнда өздеріне жақын сөз естіледі ғой)

  8. Компьютерлік ортада нені шыдамдылықтың шыңы деп атауға болады? (дұрыс емес парольды тере беру, компьютер келіспегенше)

  9. Адамның компьютерлік вирустан өлуі мүмкін бе? (Бұл оның кімнің компьютеріне вирус жұқтырғанына байланысты)

  10. Компьютерлік вирустардан сақтанудың ең жақсы әдісі қандай? (одноразовые компьютеры)


Гипервикторина

  1. Гроссмейстер Гарри Каспаровты 1994 жылы кім жеңды? (Компьютер)

  2. «Жер семуляторы» деген жапондық суперкомпьютер ауа райын және планетадағы осы құбылысты алдын ала болжау керек. Бұл қандай құбылыс? (Жер сілкінісі)

  3. Бір фантастикалық әңгімеде бүкіл жер шарындағы компьютерлер бір суперкомпьютерге бірігеді. Оған қойылған бірінші сұрақ мынадай болады: «Құдай бар ма?». Бұған компьютер қалай жауап береді? (Енді бар!)

  4. АҚШ-та бұларды бірінші кезекте көңіл көтеру үшін қолданады, екінші кезекте білім алу үшін, үшінші кезекте отбасылық бюджетті жүргізу үшін қолданады. Әңгіме не жайында? (Компьютер)

  5. Статистикалық ақпараттарға жүгінетін болсақ, үйлерінде компьютерлері бар адамдардың үштен екісі компьютерді бірінші кезекте осы мақсатта қолданады? Бұл қандай мақсат? (Ойын ойнау үшін)

  6. Ноутбукты қолданушыларға оның астына тесігі бар пластинаны қоюға кеңес беріледі. Неліктен? (Аяқты күйдіріп алмау үшін, себебі ноутбук қатты қызады.)

  7. «Үш саусақпен шығу» деген компьютерлік жаргонның мағынасы қандай?

  8. Атақты «Матрица» фильмі қандай компьютерлік процесті еске салады? (перезагрузка)

  9. Бұл екі термин латынның «currere» - «жүгіру» деген сөзінен шыққан. Бұл қандай терминдер? (курсив және курсор)

  10. Қай белгілі компьютерлік фирманың атын қазақша аударсақ, «кішкентай, жұмсақ» деп аударылады?

  11. Бұл компанияға Токио, Париж және Орландодағы өз бизнестерін жабуға тура келді. Себебі компьютерлік анимация қатты қарқынмен дамып кетті. Бұл қай компания? (Уолт Дисней студиясы)

  12. Бір американдық адам компьютер үшін арнайы программа ойлап табады. Егер пернетақтадағы бірнеше пернелер бірден басылып қалса, онда ДК берілген моментте жұмыс істеп тұрған программаны блокировать етіп, ысылдай бастайды. Бұл программа не үшін қажет? (Компьютердің пернетақтасын мысықтың басыуынан қорғау үшін.

  13. Салмағы 2 г бұл микроқұрылғыны жасау үшін 1,6 кг мұнай, 72 г әр түрлі химикаттар және 32 л су қажет. Бұл қандай құрылғы? (микропроцессор)

  14. Қай латын әрпі әрі витаминнің, әрі қатты дискінің атауымен байланысты? (С)

  15. Ағылшынның бір қаласы мен 30/30 калибрлі қару және компьютердің бір элементінің арасында қандай байланыс бар? (Олардың барлығы «Винчестер» деп аталады)

  16. Уолл-стрит банкирлерінің арасында компьютердің осы құрылғысынан жасалған аквариумдарды сыйлау қабылданған. Бұл қандай құрылғы?

  17. Қатты көшірме алуға арналған құрылғыны атаңыз. (принтер)

  18. Орта ғасырларда оларды тау хрусталінен және арнайы үгітілген мраморлардан жасаған. Олардың кейбірлерін тізеге байлап жүрген. Қазіргі кезде олар тұрмыста кездеспейді деуге болады, бірақ компьютермен жұмыс істейтін адамдар оларды өте жиі көреді. Олар не? (Құм сағат)

  19. Топ оқушыларының тізімі қай уақытта менюге айналады? (Оқытушы осы тізім бойынша бір оқушыны тақтаға шығармақшы болғанда)

  20. Кім өзінің қоқысқа арналған себетін үстелдің астында емес, үстелдің өзінде ұстайды? (Windows қолданушылары, себебі корзина жұмыс үстелінде тұрады)

  21. Қай белгіше әрқашан жұмыс үстелінде тұрады және папкаға сақталынбайды? (Менің компьютерім)

  22. Қандай құралмен тышқанды үйретеді? (Свойства: мышь диалогтық терезі арқылы)


6-сейф паролін анықтау үшін Си тілінде мына программаны жазып, нәтижесін анықтаңдар:

#include

void main ()

{

float a, b, res;

printf (“Введите два числа:”);

scanf (“%f%f”, &a, &b);

if (b==0)

printf (“Отношение a/b не определено \n”);

else

{

res=a/b;

printf (“a/b равно %f\n”, res);

}

}

Компьютерде жазылған ақпарат сияқты еш нәрсе де қымбат бағаланбайды. Еш нәрсені де осы ақпарат сияқты оп-оңай жоғалту мүмкін емес.





Оқытушы __________ Г.К.Мукушова