Мотивациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер бойына тұрғызу.Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан»өлеңін оқып беру. Балалар «Мен»деп сөзді хормен айтады.-Жүрегім менің кім? -Тірегім менің кім? –Жаным менің кім? -Сәнім менің кім? -Ботақаным,Бағлан қозым, Не деген тәтті баласың өзің.
|
Балалар шеңбер бойына тұрады.
«Мен»деп жауап береді.
-Мен -Мен. -Мен. -Мен.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Кіріспе әңгіме.
-Бүгін іс-әрекетімізде «Тату доспыз бәріміз»деген тақырыпқа әңгіме құраймыз.Алдымызда бізде үлкен мереке болайын деп жатыр.Ол 1-мамыр Халықтардың бірлік мерекесі.Әр ұлттар бір-бірімен дос болады тату тәтті жүреді, көмек жасап араларында сыйластық болады.Ақ,қара болсын, бәрі дос болып бірге жүреді. –Балалар,біздің топта көптеген ұлдар мен қыздар бар,ұлтымыз кім?
-Біз көп ұлтты халықпыз.Біз бәріміз тату-тәтті тұрамыз. Сурет бойынша әңгіме құрату. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. -Біздің аулымызда әртүрлі ұлттар тұрады,ал сендер ұлттарды атап бере аласыңдар ма? -Біздің ол ұлттармен қарым-қатынасымыз қандай?-Біз өз балабақшамыздың ішінде қандай ұлттың тілін меңгеріп жатырмыз,осы меңгеріп жатқан тілімізде өлең айтып бере аласыңдар ма?
Дидактикалық ойын: «Не деу керек?»
Алма мен доптың суретін салып,бояу.
Сөздік жұмысы: Тату – тәтті болу
Билингвальды компонент:Тату доспыз бәріміз-мы все друзья,тату тәтті-дружно.
|
Балалар тыңдап отырады.
Тапсырманы орындайды.
-Қазақпыз.
Түрік,орыс,қазақ,неміс, украин,беларуст.б.
Әр бала өз тілінде өлең айтады.
Ойын ойнайды.
Тапсырманы орындайды.
Балалар қайталайды.
Қайталайды: Тату доспыз бәріміз-мы все друзья,тату тәтті-дружно.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Өлең арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау. Жақсылыққа,бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл. Ақпыз,қара,сарымыз, Ағайынбыз бәріміз.
|
Балалар қайталайды.
|