Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Бекітемін: ____
Әдіскер Сарсекова Г.
Келісемін: ____
Сынып жетекшісі: Баймағұлова А.Ж.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тазалық– денсаулық кепілі»

Өткізген:Тлеукенже Н.Е.
Сыныбы: 5 «В»
Мерзімі:
Бағасы:
Семей 2018
Сабақтың тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты:
Тазалық туралы әңгіме жүргізу, ақыл-ойларын, сөйлеу дағдыларын дамыту,
оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту,Дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту.
Денсаулықтарын, тазалықты сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тапсырмалар орындау.
Сабақ көрнекілігі : суреттер
Сабақтың құрылымдық жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, сабақ тақырыбын ашу
II. Негізгі бөлім
- Денсаулық туралы кіріспе сөз.
- Сөздікпен жұмыс.
- Сұхбат құрастыру
- Сәйкестендіру
- Тест
III. Қорытынды
Рефлексия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын тақтадағы суреттер арқылы анықтау.
ІІ. Негізгі бөлім
Тазалық-денсаулық кепілі
Машықкер сөзі:Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Ол үшін дұрыс тамақтану керек.Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаласа жөн болады.
Сөздікпен жұмыс.
Таныс емес сөздерді табу. Сөздік арқылы аудармасын айту.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру. (Ауызша)
Сөздік:
тазалық – чистота
денсаулық кепілі – залог здоровья
мықты болу үшін – чтобы стать сильным
гигиеналық талаптар – гигиенические требования
орындау керек – надо выполнять
тазалықтың ережелерін – правила чистоты
сақтау керек – нужно сохранить
ұмытпау керек – нужно не забывать
көпшілік орындары – общественные места
Сұхбат құрастыр.
- Сіз зиянды нәрселер мен пайдалы нәрселерді ажырата білесіз бе?
- Иә, мен оларды ажырата білемін.
- Зиянды нәрселерге не жатады?
- Зиянды нәрселерге ...,....,..... жатады.
- Пайдалы нәрселерге не жатады?
- Пайдалы нәрселерге ....,....,..... жатады.
- Сіз балаңызға, (қызыңызға) қандай нәрселерді үйретесіз?
- Мен балама, (қызыма) пайдалы нәрселерді үйретемін.
Сәкестендір
түнгі пайдалы
ұйықтау ұйқы
жақсы денсаулық
уақытымен зиян
ұйқының серуендеу
Тест
1. Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
А. спортпен жаттығу керек
В. темекі шегу керек
С. диванда жату керек
Д. нан көп жеу керек
2. Тазалық, денсаулық кепілі, ағза
А чистота, залог здоровья, организм;
В. вред, залог здоровья, гигиена;
С. чистота, гигиена, здоровье;
Д. питание, вода, организм.
3. Мақалды аяқта: «Денсаулық-.......».
А. көп байлық
В. зор байлық
С. үлкен байлық
Д.кең байлық
4. Адамның дене мүшелерін белгіле.
А. Шаш, өкпе, бауыр
В. Аяқ, қол, бас
С. Көйлек, өкпе, жүрек
Д. Көз, аяқ, асқазан
5. Көзге көрінбейтін ағзаларды белгіле.
А. Өкпе, асқазан, жүрек
В. Аяқ, қол, бас
С. Бала, үй, мектеп
Д. Бауыр, кірпік, тіс.
6. Буын түрлерін анықта.
А. Септеу, тәуелдеу, бітеу.
В. Жіктеу, ашық, бітеу.
С. Ашық, тұйық, бітеу.
Д. Тұйық, көптік, бітеу.
7. Сан есімнің түрлерін белгіле.
А. Есептік, реттік, жинақтық
В. Сапалық, қатыстық
С. Дара, күрделі
Д. Жалпы, жалқы
ІІІ. Қорытынды бөлім
Денсаулық -зор байлық .Денсаулықты сақтап,аурудың алдын алу үшін дене жаттығулары немесе қимыл қозғалыстан артық ештеңе жоқ.Адам үнемі дене еңбегімен, спортпен шұғылданса , мүшелерге әсер етіп, төзімділігі артып, ауруларға қарсы тұра алады. Мұндай адамның бұлшық еті нағыз шыныққан, сүйегі мықты, көңілі жарқын, денесі мығым, жүріс-тұрысы әдемі қалыптасады.Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану керек.Денсаулыққа пайдалы тағамдар ішу керек.
Рефлексия
Сабақ соныңда оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан түйген ойларын жазып тақтада ілініп тұрған суретке апарып жапсырады.





