1.Мотивация 2.Ізденіс ұйымдастыру кезеңі 3.Сергіту сәті 4.Сергіту сәті 5.Қорытынды. | 1.Қол ұстасып тұрып, бір-біріне жүрек жылуларын және шырайлы күлкі сыйлау, жылы лебіздер айту. 2.Хабарлау. Сабақтың ерекшілігін айтып, сабақтың тақырыбын хабарлау. 3.«Тазалық» іліне қонаққа аттану. 4.Таң қалдыру «Дәрігер Салауатпен» кездесу. 5.Күн тәртібі әліппесі. 6.Тазалық пен әдептілік әліппесі. 7.Мақал-мәтелдер. 8.Ойын: «Біздің денсаулыққа не керек?» 9.Қорытынды. I–Балалар енді барлығымыз дөңгеленіп тұрып , қол ұстасып бір-бірімізге жылы лебіздер білдірейік. -Қайырлы таң! -Қайырлы күн! -Деніміз сау болсын! -Аспанымыз ашық болсын. -Отанымыз тыныш болсын. II-Балалар бүгін бізде экология сабағы. Осы сабақ ерекше түрде өтпек. «Тазалық» елінде тұратын Салауат дәрігерден хат алдым. Бұл хатта дәрігер Салауат бізді өз еліне шақырады. (Тәрбиеші хатты ашып оқиды) -Барасыңдар ма? -Алдымен «Тазалық» сөзінің сырын ашайық! «Тазалық-денсаулықтың белгісі», Тәні саудың-жанысау. Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы: тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды ұйқыға жатар алдындада соны орындауы керек. Оған кішкентай кезінен бала дағдылану керек. Енді Тазалық еліне бармас бұрын, айтатын сөзім, бұл елде біздің білімдерімізді сынайды, көп тапсырмалар болады, соны орындауға, төзуге дайынсындар ма? -Айтыңдаршы балалар денсаулықтың ең басты ережесі не? Өздерің күнде балабақшаға келгенде не айтып кіресіңдер? -Дұрыс айтасыңдар.Сәлемдесіп, біз бір-бірімізге денсаулық, аманшылық тілейміз. -Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? -Сондықтан да бүгінгі қонақтармен сәлемдесейік! III-Балалар Тазалық еліне қонаққа аттанады. «Дәрігер Салауатпен» кездеседі. Дәрігер Салауат. -Сәлеметсіңдер ме балалар? «Тазалық» еліне қош келіпсіңдер!Денсаулық туралы не білесіңдер? Дәрігер Салауат. -Біздің елде денсаулықты ұстану мақсатында «Күн тәртібін» сақтайды. Күн тәртібі дегеніміз не? Сендер білесіндер ме? Дәрігер Салауат. -Кәне, сендермен «Менің бір күнім» деп аталатын бір ойынды ойнайық. Ойын шарты: күн тәртібі салынған суреттер таратылады. Балалар сол суреттерді рет-ретімен орналастыруы қажет.  Ойын жаттығу: «Қызықты санамақ» Бір-таңертен тұр Екі-шынығып бекі Үш-тазала тіс Төрт-бетіңді жу Бес-сүртін тез Алты-үйді жина жалпы Жеті-киін енді Сегіз-тамақты жеп-іш Тоғыз-ыдысты жу тегіс Он-сабақ оқы. Дәрігер Салауат. -Балалар тазалық бар жерде, денсаулық болады. Тазалық жайлы не білесіндер? Тазалықты сақтайсыңдар ма? Тәрбиеші. -Біздің балалар тазалық сақтайды, әрі ол туралы көрініс те қойып бере алады. Балалар. (қойылым көрсетеді «Бұл қай бала?») Тәрбиеші. -Бұл қойылымда не байқадындар? Таза жүретін баланы қалай айтады: -Ал тазалықты сүймейтін, таза жүруді білмейтін баланы қандай десек болады: -Таза болу үшін не істейміз? -Дұрыс айтасыңдар, ал енді тазалық құралдары жайлы қандай жұмбақ білесіңдер? Дәрігер Салауат. -Жарайсыңдар балалар! Тазалық жайлы жұмбақ та біледі екенсіңдер? Ендеше, «Тазалық құралдарын тауып ал» деп аталатын ойын ойнайық. Ойын шарты: Тазалық құралдарын ата және құрастыр.   Төсектен тұрғанда Секіріп тез тұрма Керілтіп дененді Жадыра бос тұрма (керілеміз) Тәрбиеші. -Жарайсыңдар балалар! Бір тынығып алдық, енді тазалық жайлы тағы не қосқыларын келеді? Дәрігер Салауат. -Тамаша! Тазалық туралы көп біледі екенсіңдер.Дастархан басында өздеріңді қалай ұстайсыңдар, ас ішкенде бір-бірімізге не тілейміз? (Балалардың жауабы) -Дұрыс айтасыңдар, Жақсы тәбет тілейміз. Сол кезде тәбетіміз ашылып, ас жақсы ішіледі. Тәрбиеші. -Балалар енді айтыңдаршы, дастархан басында қалай отыруымыз керек? Денені қалай ұстауымыз керек? -Осы талапты орындамасақ қандай ауруға шалдығуымыз мүмкін? -Оны болдырмау үшін, орындықта арқамызды тік ұстап отырайық. Дұрыс отырып, денемізді тік ұстап әдемі жүрсек, денеміз сымбатты болмақ. Ендеше сымбат мүсін туралы не айтасыңдар? -Жақсы айттыңдар. Тағы сымбатты болу үшін не істейміз? Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір. Сағатқа қарап-ақ Жаттығу оңай-ақ. Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ. Қақпаға туралап Теп допты оң аяқ. Оң аяқ, сол аяқ Жаттығу оңай-ақ. Тік ұста бойыңды Жоғары соз қолыңды Соз қолыңды тағы да Жеткіз керік мойнына. Балалар денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтады. Ойын: «Біздің денсаулығымызға не керек!»(доппен) Мақсаты: Денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту. Балалар Салауатпен қоштасады. Сау болыңыз! Дәрігер Салауат. Сау болыңдар балалар! Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен сендерге пайдалы дәрумен сыйлағым келіп тұр. Үлкен азамат болыңдар! (Балалар өз еліне оралады) | -Иә! -Дайынбыз! -Сәлемдесу. (Балалардың жауабы) -Сәлеметсіздер ме? -Сәлеметсізбе? 1-бала: Денсаулық-ол шыныққан Барлық дене мүшесі. Денсаулық-ол тыныққан Жүйкетамыр жүйесі. 2-бала: Денсаулық-ол күлуің Көңіл-күйін жадырай. Денсаулық-ол жүруің Ешбір жерің ауырмай -Иә! Білеміз. 1-бала: Күн тәртібі-жұмыс пен Демалудың кестесі. Пайдасыз бос жүрістен Бір күнің де өтпесін. Сақтау үшін тәртіпті, Бөлу керек уақытты Бұл бала -Бұл бала Қай бала? Қай бала-Пай! Пай! Бай! Бай!-Тап-таза, Бет-ауыз-Ақ-қаздай. Бес батпан,-Киімі Мойыны-Мұнтаздай. Күс қатқан. -Тап-таза, ұқыпты, жинақы, әдемі кіршіксіз, ақ-қаздай, мұнтаздай. -Салақ бес-батпан, сатпақ, кір, лас, қожалақ. -Жуынамыз, тазалықты сақтаймыз. 1-бала: Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады. (Сабын) 2-бала: Жуынып болғаныңда, Жүреді қолдарыңда. 3-бала: Дәмі де жоқ, түсіде жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. 4-бала: Қалтаңда жатыр, тісі бар Тістемей-ақ істер ісі бар. 1-бала: Аяқ қолың болмай кір, Тырнағыңда алып жүр. 2-бала: Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді. 3-бала: Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса, тамағыңды тый. 4-бала: Ас алдында қолыңды жууды ұмытпа! (Балалар отырып көрсетеді) (Балалардың жауабы) 1-бала: Сымбат мүсін дегенің- Бітім көркі дененің. 2-бала: Сымбат жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап. Көтеріп сәл кеудені, Иық жазып дұрыстап.(Жүріп көрсетеді) (Балалар жаттығудың пайдасы жайлы, спорт түрлерін айтады) 1-бала: Тәні саудың-жаны сау. 2-бала: Денсаулық-зор байлық. 3-бала: Шынықсаң-шымыр боласың. 4-бала: Тазалық бар жерде, Денсаулық болады. |