СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Театр бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепке дейінгі балаларға арналған театр бағдарламасы

Просмотр содержимого документа
«Театр бағдарламасы»

















«ТЕАТР ӘРЕКЕТІ» КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ




























1



















5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған «Театр әрекеті» курсының бағдарламасы,1 жыл ішінде жүзеге асырылады. Оқу жоспарының вариативті бөлімінен аптасына 1 сағат, жылына 32 сағат бөлінеді.












2


МАЗМҰНЫ


  1. Түсініктеме хат .................................................................................................... 3

  2. Бағдарламаның мазмұны .................................................................................. 5

  3. Тақырыптық –оқыту жоспары ...........................................................................7

  4. Әдебиет тізімі ......................................................................................................8





































3


ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Театр – өнер түрлерінің балалар үшін оңай және тиімдісі, ол қазіргі заман педагогикасы мен психологиясының көкейкесті мәселелерін шешуге жағдай жасайды.

Театр баланың рухани және шығармашылық потенциалын ашады және әлеуметтік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.

Театр балаларға қуаныш пен шаттық әкеледі, көңіл-күйлерін көтереді. Бірақ қойылымды ермек ретінде ғана қарауға болмайды.

Мектепте психологиялық адаптация кезінде балалардың 67 – 69 % қорқыныш, үрей, тежеу, ал кейбіреулерінде керісінше абыржу пайда болады.

Балалардың көбінде тәртіп дағдылары болмайды, зейін мен есте сақтау қабілеттері жеткілікті дамымаған болады. Баланың эмоционалды ашылуына, сезінуге және көркемдік қиялдауға үйрету ең қысқа жолы – ойын, қиялдау, ойдан шығару болып табылады. Осының барлығын театр әрекеті арқылы жүзеге асыруға болады.

Театр әрекеті тәртіптің әлеуметтік дағдылары бойынша тәжірибені адамгершілікті насихаттайтын ертегілер мен әдеби шығармалар арқылы қалыптастырады. Ертегінің арқасында бала әлемді ойымен ғана емес жүрегімен таниды, танып –ақ қоймай өзінің жақсы мен жамандыққа көзқарасын білдіреді. Сүйікті кейіпкерлер еліктеу үлгісіне айналады, театр әрекеті арқасында педагогтар балаға позитивті әсер етеді.

Бағдарлама баланы жан-жақты жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қайталанбас ерекшелігін дамытуға негізделген. Бағдарламада алғаш рет театралды- ойындық

әдіс-тәсілдер жүйеленген, олар мектепалды шақ кезеңдерінің психоло-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкес бөлінген.

Мектепалды жаста басты әрекет – сюжетті-ролдік ойын. Сюжетті – рөлдік ойында бала басқа адамдардың өмірдегі жағдаяттарын өз басынан кешіргендей қабылдайды, олардың әрекетінің мағынасын түсінеді. Еркін ойындарда балалардың қорқынышы, үрейі, агрессиясы босап, балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауларын жеңілдетеді.

Жүзеге асыру тәсілі бойынша бұл көркем бағдарлама.Оқу жоспарының вариативті бөлімінен аптасына 1 сағат бөлінеді, жалпы 1 жылға 32 сағат.

Бағдарлама 1 жыл оқытуды көздейді. Тиімді балалар саны 10-12, бұл әр баламен жеке-дара жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Мектепалды жас қарқынды психологиялық дамудың кезеңі болып табылады.

«Театр әрекеті» бағдарламасы бес кезеңнен тұрады:

- Театр ойыны – 7 сғат

- Ритмопластика – 2 сағат

- Сөйлеу мәдениеті мен техникасы – 5 сағат

- Театр мәдениетінің негіздері – 7 сағат

- Қойылыммен жұмыс – 11 сағат


4


Негізгі орын қарапайымнан күрделіге жету принципі бойынша құрылған сөйлеу мәдениеті мен техникасын үйренуге, қойылыммен жұмыс жасауға бөлінген. Қайталау мен білім мөлшерін кеңейтуге негізделген бір деңгейден екінші деңгейге көшу.

Мақсат: театр әрекетімен айналысу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

1. Театр әрекеті негізінде баланың дамуына жағдай жасау.

2. Көру, есту зейінін, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық, қиялдау, кеңістік ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Балаларды театр түрлерімен таныстыру.

4. театралды – ойын әрекетіне, көрермен мәдениетіне тұрақты қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Түлек моделі:

- алаңда тегіс орналасу арқылы кеңістікте бейімделу біліктілігі;

- педагог берген мизансценаларды есте сақтау біліктілігі;

- бір фразаны немесе жаңылтпашты әртүрлі интонациямен айту біліктілігі;

- бұлшық еттердің жеке топтарын еркін босату және қатайту;

























5


БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


1. Сабақты ұймдастыру жұмысы

Топ құру, танысу, шығармашылық қабілеттерін анықтау.

Театр тарихы туралы әңгімелеу. Театрдың тәртіп ережелерімен танысу.

Мамандықтармен танысу.

2. Қарапайым этюдтер материалы негізінде қуыршақ жүргізу

дағдыларын меңгеру

2.1 Көлеңке театрындағы жүргізу тәсілдерін меңгеру.

Қарапайым этюдтерді үйрену.

2.2 Бас қуыршақпен жұмыс жасау.

Қолғап қуыршақтарын басқару. Қойылым көрсету.

2.3 Үстел театрының қуыршақтарын жүргізу тәсілдерін үйрену.

Үстел театрымен танысу және жұмыс жасау.

2.4 Қолмен жұмыс жасау.

Этюдтар. Мәнерлеп жестикуляция жасау іскерлігі. Импровизация.

3. Сөйлеу мәдениеті мен техникасы

Сахналық тілдің ерекшеліктері. Мәнерлеп оқу сабақтары, логикалық екпін.

Дикция. Артикуляция.

3.1 Халық шығармашылығымен танысу. Қазақ халық шығармашылығымен

жұмыс:мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар. Демалу ойын – жаттығулары.

3.2 Театр мәдениетінің негіздері.

Театр өнерінің ерекшеліктері. Театр өнерінің түрлері. Театр ішінен және

сыртынан.

4. Ритмопластика

Пластикалық импровизация. Жест және мимика арқылы образдар жасау.

4.1 Вестибулярды аппараты үйлестіру

4.2 Адам және жануардың жүріс-тұрысы

5. Драматизацияның негізгі принциптері

Таныс әдеби сюжеттер бойынша қойылымдар қою.

5.1 Ойын - драматизация

Образ жасау.Рөлді қалай дұрыс ойнау.

5.2 Театр әрекеті.

Әртүрлі ертегілерді ойнау.

5.3 Импровизация

Жест, мимика, қозғалыс, мезансценаның көмегімен әдеби шығармамен

жұмыс жасау.

6. Жеке-дара жұмыс

6.1 Қойылыммен жұмыс

6.2 Дауыспен жұмыс


6

7. Театралдық қойылыммен жұмыс.

7.1 Мәтінмен жұмыс

Идеяларды анықтау.Кейіпкерлер образы, сөздік әрекеттері.Мәнерлеп оқу

іскерлігін дамыту.

7.2 Рөлмен жұмыс

Кейіпкер образы.Кейіпкер мен актердің сахнадағы қарым-қатынасы.

Шығармашылық көрулер.

7.3 Репетициялар. Сахналық кеңістік.

Мезансценалар. әр сцена бойынша жеке жаттығу. Барлық қойылымның

репетициясы.Қорытынды репетиция.

7.4 Музыкалық шығармамен танысу.

7.5 Сөйлеу мәнерімен жұмыс жасау.

7.6 Театралдық қойылыммен жұмыс жасаудың қорытындысы

Қойылымды көрерменге көрсету.Ата-аналар алдында есеп беру.





























тақырыптар мазмұны

теория

практика

барлығы

1

Жұмысты ұйымдастыру


1

-

1

2

Қарапайым этюдтер материалы негізінде қуыршақ жүргізу дағдыларын меңгеру

2

4

6

2.1

Көлеңке театрының дағдыларын меңгеру

-

2

2

2.2

Бас қуыршақпен жұмыс

1

1

2

2.3

Үстел театры қуыршақтарын жүргізу дағдыларын меңгеру

1

1

2

3

Сөйлеу мәдениеті және техникасы


-

5

5

3.1

Халық шығармашылығымен танысу

-

2

2

3.2

Театр мәдениетінің негіздері

-

1

1

3.3

Сөйлеу техникасымен танысу

-

2

2

4

Ритмопластика


-

2

2

4.1

Вестибулярды аппараты үйлестіру

-

1

1

4.2

Адам және жануардың жүріс-тұрысы

-

1

1

5

Драматизацияның негізгі принциптері


1

4

5

5.1

Ойын - драматизация

-

1

1

5.2

Театр әрекеті

1

1

2

5.3

Импровизация

-

2

2

6

Жеке – дара жұмыс


-

2

2

6.1

Қойылыммен жұмыс

-

1

1

6.2

Дауыспен жұмыс

-

1

1

7

Театралдық қойылыммен жұмыс


3

8

11

7.1

Мәтінмен жұмыс

1

1

2

7.2

Рөлмен жұмыс

1

1

2

7.3

Репетициялар. Сахналық кеңістік

1

2

3

7.4

Музыкалық шығармамен танысу

-

1

1

7.5

Сөйлеу мәнерімен жұмыс

-

1

1

7.6

Театралдық қойылыммен жұмыс жасаудың қорытындысы

-

2

2

БАРЛЫҒЫ

7

25

32

7

ТАҚЫРЫПТЫҚ – ОҚЫТУ ЖОСПАРЫ



8



ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ



1. Артёмова Л.В. Театрализованные игры дошкольников. – М.: Просвещение,

1991.

2. Генов, Театр для малышей. – М.: 1987.

3. Маханева, Театрализованные занятия в детском саду. – М.: 2004.

4. Чурилова Э.Г. Методика театральной деятельности дошкольников. – М.:

2001.