СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Техническая карта по уроку сөйлеуді дамыту для дошкольных классов с казахским языком обучения на целый год
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Білім еліне саяхат.
Мақсаты: 1.Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек – Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.
2.Саяхат жасау арқылы балаларға білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.
3.Ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. -Армысың асыл күн, армысың жан досым. Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.
|
Балалар бір-бірінің қолдарын ұстап не сезінгендерін айтады. -Жылуылық, қуаныш |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
1.«Әдебиет әлемінде» аялдамасы. Бұл аялдамада өлең-тақпақтар, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі. 2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы. -Дыбысты айтамыз, естиміз. -Әріп-дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз. Дидактикалық ойын: «Дұрыс айт». Шарты: дауысты а дыбысын әртүрлі интонациямен айтылатынына мысалдар арқылы айтып көрсету. Балалар бірнеше рет қайталайды. 3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады. 1.Балалар онға дейін санайды. 2.Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суреттерін көрсетеді, балалар айтады. 3.Математикалық есеп шығарады. Мысалы: Ағашта үш торғай отыр еді, бір торғай ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? (2 торғай)
Дәптермен жұмыс: а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру.
Сурет бойынша қойылатын сұрақтар: 1.Балабақшада не үйрендіңдер? 2. Балалар мектепке не үшін барады? 3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды? 4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады? ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді. б) Дәптерде берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату. Сергіту сәтін өткізу. |
Аялдамадағы тапсырмалармен танысады. Олар туралы әңгімелейді.
Әріп, дыбыс туралы білетіндерін ортаға салады.
Сандар туралы әңгімелейді. Санап айтып шығады.
Фигураларды айтады, білмейтінін сұрайды.
Есептің шешуін табады.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Суреттегі заттарды пайдаланып сұрақтарға жауап береді.
Оқу құралдарын танып, біледі.
Мақалдардың мағынасын түсінеді.
Сергіту сәтін орындайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылайды.
|
Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:«1 Қыркүйек – Білім күні» екенін , білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттайтындарын.
Игереді:саяхат жасау арқылы балалар білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамытады.
Меңгереді:достық қарым-қатынасты.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Жомарт күз.
Мақсаты: 1. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.
2. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойларын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Шаттық шеңберіне тұрып, көздерін жұмып, күз мезгілін елестетеді. Балалар жауап береді. | -Балалар мектепке бара жатыр. -Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады. -Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу. Тірек сұрақтар: 1.Қазір қай мезгіл? 2. Күз екенін қайдан білдіңдер? 3. Неліктен жомарт күз дейміз? 4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер? 5. Неліктен күзді жақсы көресіңдер? 6. Күз туралы не білесіңдер? 7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? Дидактикалық ойын: «Ненің жапырағы?». Шарты: балалар серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратып табады. Дәптермен жұмыс: а) Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу. Элеватор – мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат. Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала. Қырман – астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң. Сергіту сәті. ә) Бидайдың сабағының суретін салу. б) Жұмбақ жасыру. | Суретке зер салып қарайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Дидактикалық ойынды ойнайды.
Сөздік жұмысын жүргізеді. Жаңа сөздерді жаттайды.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәтін орындайды. Бидайды салады. Жұмбақты шешеді: бидай. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | «Алтын күз» өлеңін оқып, сөздік жүргізу, сұрақтар қою: Сарғайды тоғай, Сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. -Маңай , айнала неге сап-сары? - Тоғай неліктен сарғайып кеткен? - Құстар қайда және не үшін қайтып кетті? - Маңай деген сөзді тағы қалай айтуға болады? - Құстар қайтып кетті дегенді ше? |
Өлеңді мәнерлеп айтады.
Сұрақтарға барлығы қосылып жауап береді. |
Біледі:қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы.
Игереді:табиғатты аялауды, әсемдікті көре білуді, сезінуді.
Меңгереді:күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: ҚатынасКүні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Бау – бақшада.
Мақсаты: 1. Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіндіру.
2. Олардың аталуы, құрамында кездесетін дәрумендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Жемістедің суретін тақтаға ілу. Сұрақтар қою:
Сөздік жұмыс: Орамжапырақ – бақшада өсетін көкөніс түрі. Қызанақ – қызыл түсті көкөніс. Суретпен жұмыс: дәптердегі екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылын түсіндіру.
Жұмбақ шешу: Жаздай інге тығылып, Көк ала лағым, Жатқан қызыл түлкіні. Көгалда жатыр семірді. Құйрығынан суырып, (қарбыз) Әкелді әжем бір күні. (сәбіз) Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қоржын». Шарты: қоржыннан көкністер мен жемістерді алып, оның қатты, тәтті, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.
Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс: а) Тәрелкедегі жемістерді атау. ә) «Теңестір» жаттығуын орындату. -Шөп арасында неше қоян жүр? - Үш қоян. - Суретте неше сәбіз берілген? - Екі сәбіз. - Онда қояндарға неше сәбіз керек? - Бір сәбіз керек.
Жаңылпаш жаттау: Алма теріп балақайлар, Алақайлар, талапайлар. | Суретке қарайды. -қауын, қарбыз, картоп, қияр -бақшада -алма, өрік, шие, алмұрт -бақта
Сөздік жұмысын есте сақтайды.
Жұмбақты шешеді. -қарбыз -сәбіз
Шарты бойынша ойын ойналады.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Жаңылпашты жаңылмай айтып үйренеді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | -Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. Еңбектің арқасында жақсалық та, қуаныш та, байлық та болады? | Көкөністер мен жемістер туралы әңгімелеп, сұраққа жауап береді. |
Біледі: жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы.
Игереді:олардың аталуын, құрамында кездесетін дәрумендерін, оның адам денсаулығына маңыздылығын.
Меңгереді:күзгі еңбек түрлерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісі.
Мақсаты: 1. Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.
2. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.
3. Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. | Жақсы тілектерін айтып, амандасады. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Суретпен жұмыс: -Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? - Нанды неден пісіреді? - Ұнды қалай жасайды? - Мынау бидайдың сабағы, масағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы аралыстырып, қамыр илеп, нан пісіреді.
Сөздік жұмыс: Наубайхана – нан пісіріп, жабатын орын. Наубайшы – наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен – дәндә-дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын. Комбайн – әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.
Жұмбақ шешу: Қыр басында әрқилы, Сары теңіз толқиды (Егін).
Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай. Трактор мен комбайн Жүргізуге мен дайын.
Дәптермен жұмыс: «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқып беріп, түсіндіру. Ертегіні бөлім-бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қою.
Жазбаша жұмыс. Жұмбақ шешу. | Суретке қарайды. Сұрақтарға жауап береді.
Бидай туралы әңгімені тыңдайды. Өз ойларын ортаға салады.
Жаңа сөздермен танысып, еске сақтайды.
Жұмбақты шешеді. -егін Сұраққа жауап береді.
Сергіту жаттығуын қимылмен орындарынан тұрып орындайды.
Ертегіні мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Жазбаша жұмысты орындап, жұмбақты шешеді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | -Тышқанды қандай сұмдық мазалады? - Нан қайдан келеді? - Тышқан сұрағына жауап ала алды ма? - «Нан – байлық, нан - береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Қаншама адам еңбек етеді. Сондықтан олардың еңбегін құрметтеуіміз керек. | Сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды.
Нан туралы білетіндерімен бөліседі. |
Біледі:нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын
Игереді:нанды қастерлеу керектігін.
Меңгереді:адамдардың еңбегін құрметтеуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: 1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберіне тұрады. Бір-бірімен амандасады, жылы лебіздерін білдіреді, мақтайды. | -сәлеметсіңдер ме -сендерді көргеніме қуаныштымын -сен әдемісің, мейірімдісің. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Суретпен жұмыс: отбасы мүшелері бейнеленген. -Отбасы мүшелері қайда тұрады? - Олар қалай тұрады? Сөздік жұмысы: Нағашы ата – анасының әкесі. Нағашы әже – анасының анасы. Немере – ұл-қыздарынан туған бала. «Ойлан, тап» тапсырмасы.
Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау-бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?
Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, бұлақты, құрақтың суреттері ілінеді. Тәрбиешінің көмегімен мақал құрастыру. Әке – асқар тау, Ана – етегіндегі бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ. Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б. Сергіту сәті: Атам жылқы бағады, Ағам пішен шабады. Жеңгем сиыр сауады, Әжем киіз қағады. Жазбаша жұмыс: 1.Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу. 2. «Сыңарын тап» ойыны. | Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сөздік жұмысын жүргізеді. Танысады.
Тапсырманы мұқият тыңдап кім туралы айтқанын табады.
Өздерінің ата-әжелері туралы әңгімелейді.
Суреттерге қарап, мақал құрастырады.
Мақалды жаттайды.
Сол сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрастырады.
Орындарынан тұрып, қимылмен орындайды.
Дәптердегі жазбаша жұмыстарды орындайды.
|
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
| Отбасы мүшелерін атап, олар туралы әңгімелейді. |
Біледі:отбасы және отбасы мүшелері жайлы.
Игереді:үлкенге ізеттілік көрсетуді, кішіге қамқор болуды.
Меңгереді:отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Біздің үй.
Мақсаты: 1. Балаларға әр адамның тұратын үйі болатынын түсіндіру.
2. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
3. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: жиһаз, жатынжай, мансард.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Өте қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл-ойларың, Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз. | Балалар шаттық шеңберін құрып, өлеңді мәнерлеп айтады. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Бүгінгі сабақта өтетін тақырыпты хабарлау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы кіріспе әңгімені өткізу: -Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар? - Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме? -Үйде қандай бөлме түрлері болады?
а)Суретпен жұмыс: -Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз.
ә) Сөздік жұмысы: Коттедж-жеке ауласы бар сәнді салынған 2-3 қабатты үй. Мансард – шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме. Жиһаз – үй бұйымы, мүлік. Жатынжай – ұйықтайтын бөлме.
б) Салыстыру жұмысы: дәптердегі көп қабатты үй мен коттедждің айырмашылықтарын әңгімелету. - Көп қабатты үй мен коттедждің айырмашылығы қандай? - Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке-жеке отбасы тұрады. Олардың ауласы бәріне ортақ. Ал коттеджде бір ғана отбасы тұрады. в) Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату.
г) «Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрастыру.
ғ) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны.шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау. | Кіріспе әңгіме бойынша сұрақтарға жауап береді.
Суретпен жұмыс жүргізеді. Үй туралы әңгімелейді.
Сөздік жұмысын жүргізеді жаңа сөздермен тнысады.
Көп қабатты үй мен коттедждің айырмашылықтарын салыстыра айтады.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Шарты бойынша ойынды ойнайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
| Сұрақтарға жауап беріп сабақты аяқтайды. |
Біледі:әр адамның тұратын үйі болатынын.
Игереді:сөйлемді толық, анық айтуды, өз ойын жеткізе білуді.
Меңгереді: достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі.
Мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру.
2. Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: шаһар, мұржа, таулы өлке, ну орман.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберіне тұрғызу. | Шеңберге дөңгелене тұрып, «Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін, себебі ...» деп, өздері тыңдаған ертегілері арқылы нені үйренгендерін айтады. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Тыныштық сәті. а) «Қасқыр, түлкі және әтеш» ертегісін оқып, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіру.
ә) Сөздік жұмысы: Шаһар – қала. Мұржа – пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік. Күлтеле – шоқтау, шоғырлау. Түлкінің күлтеленген құйрығы.
б) Сұрақтарға жауап беру: 1.Ертегі кейіпкерлерін атаңдар. 2. Қасқыр, Түлкі және Әтеш не салмақ болды? 3. Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма берді? 4. Түлкі өзі не істеді? 5. Ертегі қалай аяқталды?
в) Балалардың пікірлері тыңдалады. г) «Қасқыр, Түлкі және Әтештің жолын тап» ойыны. Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолын сызып көрсету.
ғ) Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуі: әтеш, түлкі.
Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату. Мысалы: әдемі әтеш, қу түлкі. Әтеш шақырады. Түлкінің құйрығы ұзын. Ол күлтеленіп тұрады. | Тыныштық сәтін өткізеді. Ертегіні зейін қоя тыңдайды. Сурет арқылы мазмұндайды.
Сөздік жұмысын жүргізіп, жаңа сөздермен танысады.
Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Дәптердегі ойынды ойнап, сызықпен қосады.
Жұмбақтың шешуін табады.
Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
|
Ертегінің мазмұнын меңгереді. Мазмұндап айтуды үйренеді. |
Біледі:. ертегі мазмұнын, кейіпкерлерін.
Игереді:. қоршаған ортаға мейірімді болуды.
Меңгереді:ертегінің мазмұнын меңгереді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары.
Мақсаты: 1. Үй жануарлары мен үй құстарының тіршілігін баяндап, балалардың үй құстары мен үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
2. Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсыларының өздеріне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
3. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін құру.
Құстар, жануарлар туралы әңгіме жүргізу. «Әтеш пен Тоты» ертегісін оқып беру. Сұрақтар қою. | Балалар шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | а) Дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгімелеу. Сөз, сөйлем құрастыру. «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы, жеке атауларын атау. ә) Музыканың сүйемелдеуімен құстардың қалай ұйықтайтындарын, суды қалай ішетіндерін қимылмен көрсету. Дәптермен жұмыс: дәптерде берілген балапанның суретін сызық арқылы бастырып салады. Тыныштық сәтін өткізу. Жұмбақ жасыру. Мінсең - желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі. Алып ұшар алысқа, «Ер қанаты» деседі. (Жылқы) Сергіту сәтін өткізу: Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді, Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді. Алға созып мойынын, ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.
Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары» . шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі.әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетін немесе өз ойын, пікірін баяндайды. Сиыр, жылқы сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу. | Сурет бойынша сөз, сөйлемдер құрап айтады.
Құстардың қимылдарын жасайды.
Сызықпен бастырып балапанның суретін салады.
Жұмбақты шешеді.
Сергіту сәтін орындарынан тұрып орындайды.
Сурет бойынша ойынды ойнайды, тынығады.
Сөздерге дыбыстық талдау жасап үйренеді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру. | Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:үй жануарлары мен үй құстарының тіршілігін.
Игереді:Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуды, оларды күте білуге баулып және құстарды қорғауды.
Меңгереді:тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Жабайы аңдар.
Мақсаты: 1. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.
2. Балаларға ертегінің мазмұнын жоспар бойынша айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
3. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. | Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
«Тапқыр қоян» ертегісін оқу. Ертегінің мазмұнымен таныстыру.
Сөздік жұмыс:миығынан күлу – езу тарту, мұртынан күлу.
Жұмбақ шешу. Қолыңмен тиме,үсті толған ине. (кірпі) Паналайды үңгірді, іздемейді тасаны. (аю) Қорықпайды күшті аңнан, Қорқады тек тышқаннан. (піл) Бұлаңдаған құйрығы- Бір алдарлық қулығы. (түлкі)
Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс: суреттен жануарлардың құйрығын тауып, сызып көрсету. | Суретке қарап тәрбиешінің қойған сұрақтарына барлығы толық жауап береді.
Аңдардың балаларының атауларын жаттайды.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
Сөздік жұмысындағы жаңа сөзбен танысады.
Жұмбақтардың шешуін дәптердегі аңдардың суреттерін көрсетіп табады.
Сергіту сәтін орындайды. Дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегіні қалай түсінгендерін сұрау. | Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:жабайы жануарлардың мекенін, қоректенуін.
Игереді:табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуды.
Меңгереді:ертегінің мазмұнын жоспар бойынша айтуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы.
Мақсаты: 1.Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.
3. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Қуанамын мен де, қуанасың сен де, Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге. -Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін! | Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлеңді хормен айтады. Бір-біріне тілектер айтады. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Олар көрме ұйымдастырып, ойыншықтар мерекесін өткізуге көмектеседі. Біздің көрмеге ойыншықты күтіп ұстайтын мейірімді Перизат (Фея) келіпті. Қош келдіңіз. Мейірімді Перизат сұрақтар қояды: -Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады? - Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар? - Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?
Сергіту сәті: Ойыншықтарды шашамыз, Шашамыз да, жинаймыз. Бөлмемізді өрнектеп, Мерекеге біз дайын.
Барлық балалар ойыншықтарды аралап көріп шығады. Қолмен ұстап көреді. Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады. «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасату. Дәптермен жұмыс: «Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқып беру. | Келегн қонақтарды қошеметпен қарсы алады.
Перизатпен танысады.
Перизаттың қойған сұрақтарына жауап береді.
Орындарынан тұрып, сергіту сәтін орындайды. Қимылмен жасайды.
Көрмені аралайды. Ойыншықтарды ұстап көреді. Өздерінің ойыншығы туралы әңгімелейді.
Әңгімені тыңдайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сұрақ-жауап әдісін қолдану, сабақты бекіту. | Сұраққа жауап береді. |
Біледі:ойыншықтарды күтіп ұстауды.
Игереді:тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуді.
Меңгереді:жаңа сөздерді, әңгіменің мазмұнын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ел ордасы – Астана.
Мақсаты: 1. Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.
2. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.
3. Астанадағы әдемі, көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
Жаңа сөздер: елорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
| -Қазақстан Республикасы -Елордамыз – Астана қаласы. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңімен таныстыру. Болашаққа бастаған, Шарықтайды асқақ ән. Елордасы Отанның, Мақтанышым – Астанам. -Өлеңде не туралы айтылған? - Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? Астана туралы мәлімет беру. Астананың көрікті жерлерінің фотоларын көрсете отырып, таныстыру. • Сулы Жасыл бульвар – Астана орталығындағы жаңа көше. • Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. • Бәйтерек – Астананың басты белгісі. • Тәуелсіздік Сарайы – мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады. • Парламент үйі – Өкімет үйі. • Бейбітшілік пен келісім сарайы – Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат. • Астана циркі – цирк ойындары көрсетілетін ғимарат. • Хан шатыры – Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы. • Мұхит аралы – мұхит жануарларын көрсететін орын. Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып сөйлем құрату. Дидактикалық ойын «Ойлан, тап». Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрату. А – ана, алма, ... С – су, сан, сағат, ... Т – таң, тамаша, ... А – асыл, ата, ... Н – нан, нар, ... А – апа, алқа, алша, ... Балаларға өздері білетін өлең жолдарын айтқызу. | Өлеңді мұқият тыңдау. Өлеңді жатқа айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Суреттерге қарап астана туралы өз ойларын жеткізеді.
Астананың көрікті жерлерімен сурет арқылы танысады.
Сөздерден сөйлем құрайды. Сөз құрайды. Ойынды осылай жалғастырады. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту. | Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:. Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы.
Игереді:өлеңді мәнерлеп оқуды, ойларын жүйелі жеткізуді.
Меңгереді:өлеңнің мазмұнын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі.
Мақсаты: 1. Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
2. Берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
3. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберіне тұрғызу. -Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін, - Дос болайық. - Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар. - Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын! | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап». Шарты: балалардың білетін шығармаларынан үзінді оу. Балалар оның қай шығарма екенін тауып айтады. Дәптермен жұмыс: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін оқып беру. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қою.
Сөздік жұмысы. Жусан – ащы дәмді, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп. Жабағы – қой мен түйенің көктемде қырқып алған қысқы жүні. Бақташы – мал бағушы. Өркеш – түйенің арқасында бір немесе екі айыр болып тік шаншылған қомы. Сергіту сәті: Саусақтарым бір-бірімен амандасайық, Саусақтардан гүл ашайық. Саусақтарды ашып-жұмып, А-ә, г-ғ, ұ-ү, н-ң, к-қ, о-ө Дыбыстарын дұрыс айтайық. Логикалық ойын: «Кім зерек?». Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақтармен жауып қою.
«Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойыны. Тыныштық сәті. | Оқылған шығармаларды үзінді арқылы тауып ойнайды.
Ертегіні зейін қойып тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Сөздік жұмысын жүргізеді. Жаңа сөздермен танысады.
Орындарынан тұрып сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Берілген ойындарды ойнап, зеректіктерін шыңдайды.
Тыныштық сәтін өткізеді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Е. Өтетілеуұлының «Жыл аттары» өлеңін оқып беру, жаттату. Дәптердегі қазақша жыл аттарын атату: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит. Доңыз жылы. | Өлеңді тыңдап, жатқа айтады. Жыл аттарын жаттап келеді. |
Біледі:жыл басына таласқан жануарларды.
Игереді:әр жануарладың қорегі мен тіршілігін.
Меңгереді:жануарларды күтіп-баптауды, ертегінің мазмұнын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Қысқы киімдер. (Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты: 1. Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киім түрлері туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
2. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
3. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | -Қайырлы таң! Бұгін қандай күн? Ауа райы қандай? - Жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінде қалай киінеміз? | Балалар шаттық шеңберін құрады. Сұрақтарға жауап береді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Әр балаға киімдер бейнеленген суреттер таратып беру. Балалар киімдерге сипаттама беруі керек. Мысалы: Малақай – құлағы бар жылы баскиім, құлақшын. -Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
Сөздік жұмысы. Пима – жүннен басылған қысқы аяқкиім. Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім. Ішік – іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім. Байпақ – етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату. «Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрау.
Дидактикалық ойын: «Қай мезгілде киеміз?». Шарты: ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау. Дидактикалық ойын: «Мынау кімдікі?» . шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығы айтылады. Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату. | Суреттерге қарап киімдерге сипаттама береді.
Сұраққа жауап береді.
Сөздік жұмысы жүргізеді. Жаңа сөздермен танысып, есте сақтайды.
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды.
Дидактикалық ойындарды шарты бойынша ойнайды.
Санамақты жатқа айтады. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?». -Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық? - Туфли. Өйткені туфлиді күз, көктем мезгілдерінде ғана киеміз. - Киімдерді топтап айтқызу. Малақай, құлақшын – баскиімдер. Байпақ, кебіс, пима – аяқкиімдер. | Қай киім артық екенін тауып айтады. Киімдерді топтап айтып шығады. |
Біледі:киім түрлері, қысқы киім түрлерін.
Игереді:әр мезгілде киетін киімдерді, қысқы киімдерді ажыратуды.
Меңгереді:киімді ұқыпты, таза киюді, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Көңілді қыс. (Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты: 1. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейту.
2. Жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін құрады. Сұрақ-жауап әдісі арқылы «Көңілді қыс» тақырыбының мазмұнын ашу.
Жұмбақ шешу. Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (Қар) Көзіңе көрінбейді, Тоңдырып қызартады. Күні-түні ерінбейді, Өзенге мұз артады. (Аяз) | Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақты шешеді. Қыс мезгілін біледі. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Қыс, боран, қар, күн сөздерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрату.
қарлы Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық. Дала аяз болып тұр. Боран соқты. Сөздік жұмысы. Дөң – көтеріңкі биік жер, төбе. Қос – екі. Қос аяқта – екі аяқта.
Дәптермен жұмыс: «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрату. Қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат, жылы киінген балалар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізіледі.
Дидактикалық ойын: «Аққала». Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді алып, көздерін жұмып тұрып, тақтаға жабыстырады. Т. Елеусізовтың «Қыс» леңін жаттату. «Қайсысы артық?» ойыны. | Сөйлемдер құрайды.
Сөздік жұмысымен танысады.
Әңгімені тыңдайды. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ойынды шарты бойынша ойнайды.
Өлеңді жатқа айтып үйренеді. Ойынды ойнайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау. | Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:жыл мезгілінің ерекшелігін.
Игереді:қыстағы ойын түрлерін.
Меңгереді:табиғатты аялауды, әсемдікті көре білуді, сезінуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар.
Мақсаты: 1. Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеуге баулу.
2. Табиғатты сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Жұмбақ шешу: Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (Аяз) Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
| Жұмбақтың шешуін табады.
Сұрақтарға жауап береді.
-қыс мезгілінде - қатты суқ, бетті, қолды тоңдырады. -болады |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Ауыл алды ақша қар, Ақша қарда балалар. Соғып жатыр аққала, Жалқауы жоқ жұмысқа. Аққаламен қосылып бір-екі дамыту жаттығуын жасату. Қыздырайық денені, кел балалар, кел бері, Қыздырайық денені, орнымызда тұрып-ақ. Жүгірейік бір уақ, бір, екі, үш, Бір, екі, үш, екпіндей түс, Аяқты алға созайық, тік көтеріп қозғайық! Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру. Тірек сөздер: ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді. Тірек сұрақтар. 1.Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнайды? 2. Ақ қоян не істеді? 3. Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет? 4. Кірпі сыртқа не алып шықты? Дәптермен жұмыс: қысқы ойынға қажетті құралдардың суретін салады. Жұмбақ шешу. | Қыс туралы білетіндерін ортаға сала әңгімелейді.
Өлеңді жатқа айтады.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Суретке қарап ертегі құрастырады.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Жұмбақты шешеді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Дидактикалық ойын «Кім жылдам?». Шарты: тақтаға шананың. Шаңғының, коньки, аққала суреттері ілінеді. Балалар суреттегі заттарды айтады, сонан соң сөз тіркестері мен сөйлемдер құрайды. Сұрақтар қойылады. | Ойынның шартымен танысып, ойнау арқылы сабақты қорытады. |
Біледі: қысқы ойындарды.
Игереді:табиғатты қорғауды.
Меңгереді:бір-біріне қамқор болуды, ұйымшылдықпен ойнауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Тәуелсіздік төрімде.
Мақсаты: 1. 16 желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.
2. Тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін артыру.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберіне тұрғызу | Шаттық шеңберінде бір-біріне жақсы тілектер айтып сәлемдеседі. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Қазақстан Республикасының картасын көрсету. -Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-асыр жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері –бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни, егеменді мемлекет.
Сөздік жұмысы. Тәуелсіз – толық еркі бар, бағынышты емес. Егемен – өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.
-Тәуелсіз ҚР тұңғыш президенті кім? - Тәуелсіз ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев. - Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қай қала? - Астана. - Алматы қандай қала? - Алматы – әсем қала. Бұрын Алматы қаласы астанамыз болған. - Дұрыс айтасыңдар, қазір Алматы еліміздің мәдени орталығы болып саналады. Еліміз туралы әңгімелеп түсінік береді. Қазақстан, егемен, тәуелсіз сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
Ө. Ақыпбекұлының «Қазақстан картасы» өлеңін жаттату: • Педагог мәнерлеп оқиды. • Сөздік жұмысын жүргізу. Құт дала – берекелі бай дала. Қараймын да тамсанам – бұл жерде қуанамын, мақтанамын деген мағынада.
• Өлең жолдарын балаларға бірнеше рет қайталату. • Бір-екі балаға жатқа оқыту. | Картаға қарап, Қазақстанның кең байтақ екенін біледі. Мемлекетіміз туралы әңгіме жүргізеді. Өз ойларын, білетіндерін ортаға салады,
Жаңа сөздерді есте сақтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді жатқа айтады.
Сөздікті жаттайды.
Өлеңді бір-екі бала жатқа оқиды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Мақал-мәтел: • Туған жердің күні ыстық, түні де ыстық. • Халықтың ортақ үйі – Отаны. | Мақал-мәтелді тыңдайды, жатқа айтады. |
Біледі:16 желтоқсан тәуелсіздік күні екенін.
Игереді:тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын.
Меңгереді: Отанға деген сүйіспеншіліктерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: 1. Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру.
2. Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқылы сөздік қорларын молайту. Өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету.
3. Балаларды сыйластыққа баулу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызу. | Балалар жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғандарын естеріне түсіріп әңгімелейді. Жақсы тілектер айтады. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Жұмбақ жасыру. Шашуы көп, дәмі мол, тастамайды қабын ол, Жаһан кезіп баланың қуантпақшы бәрін ол. (Аязата) Сөздік жұмыс: жаһан – әлем. Пікір алмасу. -Жаңа жыл мерекесі қашан болады? - Жаңа жыл мерекесі басқа мемлекеттерден қалай ерекшеленеді? Несімен қызықты? Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру. С. Қалиұлының «Шырша» өлеңінен үзінді жаттау. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Тыныштық сәті. Суретпен жұмыс: дәптердегі шыршаның суретін бояп, безендіру.
Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла, көп ойла». Шарты: балалар кезекпен з мен ш дыбыстары кездесетін сөздер айтып жарысады. Көп сөз айтқан топ немесе бала жеңімпаз атанады.
|
Жұмбақты мұқият тыңдап шешуін табады.
Сөздік жұмысын жүргізеді.
Бір-бірімен пікір алмасады. Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.
Өлеңді жатқа айтады.
Тыныштық сәтін өткізеді. Суретпен жұмыс жүргізеді.
Шарты бойынша ойынды барлығы ойнайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру.
|
Әңгімені балалардың өздері құрастырады. Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы.
Игереді:сурет бойынша әңгіме құрастыруды, Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыруды.
Меңгереді:мерекенің ерешеліктерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Құстардың тіршілігі.
Мақсаты: 1. Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.
2. Сабақ барысында орындатылған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балалар шаттық шеңберіне тұрады. - Көгершінім. - Балапаным. - Қарғам. - Қарлығашым. - Тотым. | Құстардың атына байланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ-жауап ойыны арқылы суреттеу. Балалар, ұя, құстар деген сөздерге сөйлем құрастырады. Сергіту сәтін өткізу: Құстар біздің досымыз, Бау-бақшаны қорғайды. Ұя жасап қарсы алсақ, Құстар бізді қолдайды. Дәптермен жұмыс: «Құстар қалай қыстайды?» деген ертегіні оқып беру. Қыстың бір суық күні Суықторғай, Қарға, Торғай, Тоқылдақ, Құр, Сауысқандар кездесіп, әңгіме-дүкен құрыпты. Қарға: Адамдар тұратын жерлерге жақын келіп орналасқанымыз жақсы болады. Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен. Құр: Бірдеңе таптың ба? Маралдар да келмей қойды. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім. Торғайлар: Мынандай қалың қара дән қайдан табылсын. ағаш бүршігімен күн көре тұрамыз да. Сауысқан: Ей, Қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер? Қаздар: Әй, Сауысқан-ай, танымадың ба? Біз отырықшы Қаздармыз. Кейбір жабайы Қаздар ғой жылы жаққа ұшып кететін. Сендер өздерің неге жылы жаққа кетпедіңдер? Сауысқан: Мен туған жерге қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты Алақарға, Шымшық, Тоқылдақ, Торғай қыста өз туған жерлерінде қыстайды. Суретпен жұмыс. «Құстарға көмектес» тақырыбына әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, сарышымшықтар, жем салды, т.б. Сөздік жұмысы. Сарышымшық – сұр, қоңыр түсті, бауыры сары қауырсынды кішкентай құс. Құр – тауық тұқымдас жабайы құс. | Сұраққа жауап беру арқылы қыс мезгілін суреттейді. Сөйлем құрайды. Сергіту сәтін өткізеді.
Ертегіні тыңдайды.
Құстар туралы өз ойларын айтады. Әр құсқа мінездеме беруді үйренеді.
Қыстап қалатын құстар туралы біледі.
Тақтадағы суретке қарап, тірек сөздерді қолданып сөйлемдер құрастырады.
Сөздік жұмысымен айналысады. Жаңа сөздермен танысады. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?». Шарты: тақтада құстардың суреті ілінген. Балалар суреттен қыстап қалатын құстарды атайды. Ал жабайы үйректің артық екенін айтады. -Қандай құстар қыста қыстап қалады екен? - Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек? - Қандай ертегіні тыңдадыңдар? Ол не туралы? | Дидактикалық ойынды ойнау арқылы білімдерін бекітеді. Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:құстардың қысқы тіршілігі туралы.
Игереді:сабақ барысында орындатылған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін.
Меңгереді:әңгіменің мазмұнын, құстар алған білімдерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.
Мақсаты: 1. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | -Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір-бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік. | Шаттық шеңберін құрып, құстарға деген жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады. -Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? - Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?
Суретпен жұмыс. Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру. -Қыста аңдар немен қоректенеді?
Сөздік жұмысы. Суыққа дірдектеп – қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу. Айдын – жайылып жатқан су алабы.
Дәптермен жұмыс. Бір қоян, бір аюдың суретін салу. Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу. Ә. Табылдының «Ақ аю»жаттату.
Сөздік жұмысы: Балпаң-балпаң – теңселе басып баяу қозғалу.
|
Жануарлар туралы сұрақтарға жауап береді.
Суретке қарайды. Жануарлардың қысқы тірішілігі туралы әңгімелеп береді.
Жаңа сөздермен танысады.
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Сөздік жұмысын жүргізеді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | «Ақ аю» өлеңін 1-2 балаға жатқа айтқызу. Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. -Қандай жануарлар қысқа азық жинайды? - Ал қандай жануарлар қысқа азық жинамайды? - Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік? Дидактикалық ойын: «Қандай жануар?». Шарты: бір бала хатқалтадан жануарлардың суретін алады. Сол жануардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді. |
Өлеңді жатқа айтады.
Сұрақтарға жауап береді. Сабақты аяқтайды. |
Біледі:жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы.
Игереді:сурет бойынша толық сөйлем құрастыруды, сұраққа жауап беруді.
Меңгереді:. жануарларға қамқорлық жасау керектігін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Көшедегі көліктер.
Мақсаты: 1. Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.
2. Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру.
3. Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. | Бір-бірінің қоларын ұстап, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Суретпен жұмыс. Тақтадағы суретке қарап, қандай көлік түрлерін білетіндерін анықтау. Көліктердің пайдасы туралы әңгімелету. Сөздік жұмысы. Жедел жәрдем – қолма-қол берілетін көмек. Өрт сөндіргіш – өрт сөндіруге арналған техника. Су сепкіш – су себуге арналған техника. Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машинасы су сепкіш сөздерін пайдаланып сөйлемдер құрастырту. Дидактикалық ойын: «Төртінші артық». Шарты: көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып, олардың аттарын атайды. Балалар аталған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейді. Жұмбақ шешу. Күрделі сөздермен жұмыс. Сүт тасығыш машина, өрт сөндіретін машина, су себетін машина, жедел жәрдем. Сергіту сәті. | Суретке қарап көліктермен танысады.
Жаңа сөздерді естеріне сақтайды.
Сөйлемдер құрайды.
Шарты бойынша ойынды ойнайды.
Жұмбақтардың шешуін табады. Күрделі сөздермен жұмыс жасайды. Сергіту сәтін орындайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Суретпен жұмыс: көлік түрлерінің суреттері арқылы оның пайдасы туралы әңгімелейді.
Дидактикалық ойын: «Толықтыр». Шарты: сөйлемді толық айтпау. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырып айтады.
Дидактикалық ойын: «Суретті жина». Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Көліктердің суреті салынған парақ бірнеше бөлікке бөлініп, екі хатқалтаның ішінде болады. Әр топ балалары қағаз қиықтарын біріктіріп, көлік түрін құрастырады да, сол көлікке байланысты жұмбақ ойластырады. Жұмбақты келесі топтың балалары шешеді. Мысалы: 1.Бұл көлік қалада жүреді. Электр күшімен қозғалады. Жолаушы тасиды. 2. Ол - вагон көлік. Рельспен жүреді.
|
Суретке қарап көліктер туралы әңгімелеседі.
Сөйлемді толықтырып айтады.
Көліктің қиықтарын толықтырып ойынды ойнайды.
Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:. көліктер туралы және олардың түрлерін ажыратуды.
Игереді:сөздік қорларын толықтырып, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы.
Меңгереді:ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» ертегісі.
Мақсаты: 1.Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру.
2. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту.
3. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным-түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Жаңа сөздер: жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. | Бір-бірінің қоларын ұстап, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Жеті саны неліктен киелі екеніндігіне түсінік беру. Ертегіні мәнерлеп оқу. Дәптердегі ертегі мазмұны бойынша салынған сурет арқылы мазмұнын түсіндіру. Сөздік жұмысы. Мадақтау – біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру, дәріптеу. Аластау – біреуді ығыстау, қуып тастау. Жағымпаздана – жағыну, жарамсақтану, жалбақтау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын ашу. -Аң патшасы – Арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды? - Аңдар қалай жауап береді? - Аңдар неге ашуланды? - Иттің жауабын кімайтады? Жеті қазына туралы мағлұмат беру. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады. 1.Жүйрік ат – қанаты. 2. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. 3. Қыран бүркіт – қуаты. 4. Берен мылтық – қаһарлы оты. 5. Қақпан – серті. 6. Майланғыш ау – әдіс-айласы. 7. Өткір кездік – сұсы. Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп те атайды. Оларға төмендегідегі ұғымдарды жатқызады: 1.Адамның ақылы, ой-санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ана). 4. Бала. 5. Көңіл. 6. Жер. 7. Ит. | Жеті саны туралы біледі.
Ертегіні зейін қойып тыңдап, мазмұнын игереді.
Сөздік жұмысын жүргізіп жаңа сөздермен танысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жеті қазынаға нелер жататындығымен танысып, жаттайды.
Жеті ырысты танып біледі. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Мақал –мәтел: Ақылды адам айтқызбай біледі, Қыран қаққызбай іледі.
| Мақал-мәтелді тыңдайды. Мазмұнын түсінеді.
Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын.
Игереді:жеті қазынаның мағынасын.
Меңгереді:халқымыздың таным-түсініктерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: 1. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылығын тудыру.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. -Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып-білеміз. -Міне, көрдіңдер ме балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек. | Шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жақсы тілектерін айтады. Тәрбиешімен бірге мамандық туралы әңгімелеседі. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Жұмбақ шешу: Кірпіштен сарай, үй салады, Ол адам кім болады. (құрылысшы) Дидактикалық ойын: «Кім болам?». Шарты: балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай мамандық иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады. Дидактикалық ойын: «Мамандықты ата». Шарты: дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандақ иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиция, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді:
«Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру. Дәптермен жұмыс: аспан әлемі бейнеленген суретті аяқтау. Ғарышкер – ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам. Жұмбақ жасыру. | Жұмбақтың жауабын табады.
Ойынды шарты бойынша ойнайды.
Өздерінің өскенде қандай мамандық иесі болғысы келетіндерін ортаға салады, әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Сызық арқылы мамандық иелерін анықтайды.
Жұмбақты шешеді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Бірнеше мамандық түрлерін айту. Балалар әр мамандық туралы әңгімелейді. -Ұшқыш ұшақты жүргізеді. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшқыш, әскери ұшқыш болады. - Полиция қызметкері елдің тыныштығын қадағалап жүреді. Мамандықтың бәрі жақсы , тек қандай мамандық иесі болу үшін көп оқу керектігін айтып, сабақты қорытындылау. | Мамандық түрлері туралы әңгімелейді.
Өз ойларын ортаға салады.
|
Біледі:әртүрлі мамандықтар туралы.
Игереді:сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.
Меңгереді:жақсымамандық иесі болу үшін ақылды, білімді болу керектігін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесі.
Мақсаты: 1. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге үйрету.
2. Шығарманы мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Сөздік жұмыс: педагог, немере қызы.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балалар шаттық шеңберіне тұрады. | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Ы. Алтынсарин туралы мағлұмат беру. -Ыбырай Алтынсарин – қазақтың тұңғыш педагогы. Қазақ даласына тұңғыш рет орыс үлгісіндегі мектептер ашып, оған орыс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды. Өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.
Әңгімені оқып, мазмұнына түсінік беру. Шапан, мақтаның қиқымы, мамық сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу.
Шапан – астарына жүн не мақта салып сырып тігілген сырт киім. Қиқым – бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы. Мамық – өқұстың үлпілдеген жұмсақ жүні. Сұрақтар ұйымдастыру: -Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді? - Қыз артылып қалған мақтаны не істеді? - Мақтаны не іліп алып кетті? - Торғайға мақта не үшін қажет болды? Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашу.
Дидактикалық ойын: «Ұйқасын тап». Шарты: педагог өлеңді дауыстап оқиды. Балалар «торғайды» деген сөзді тауып айтады.
Жаңылтпаш жаттау. |
Ы. Алтынсарин туралы мағлұматты тыңдайды.
Әңгімені тыңдайды.
Сөздік жұмысын жүргізеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Бірнеше бала әңгіменің мазмұнын айтып береді.
Шарты бойынша ойынды ойнайды.
Жаңылтпашты жатқа айтып үйренеді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Әңгімені қорытындылап, сұрақтар қою. Әңгіменің мазмұнын балалардан сұрау.
|
Сұрақтарға жауап беріп, сабақты аяқтайды. |
Біледі:Ы. Алтынсарин туралы.
Игереді:Әңгіменің мазмұнын.
Меңгереді:әр затты ысырап етпеуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Көктем.
Мақсаты: 1. Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
2. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
3. Құстарға, ағаштарға қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Тақтаға көктем мезгілін бейнелеген бірнеше суреттерді іліп, балалардан жылдың қай мезгілі екенін анықтату.
| Суретке қарап қай мезгіл екенін анықтап табады.
|
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Т. Молдағаливтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Сөздік жұмысы: Шартылдайды – сартылдайды, тарсылдайды. Қып-қызыл отпен белгі – бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр. Өпкен жел – бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.
Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.
Дидактикалық ойын: «Көктемгі гүлдер». Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттайды.
Дәптердегі үлгіге қарап бәйшешектің суретін салдыру.
| Өлеңді тыңдайды.
Сөздік жұмысына назар аударады.
Көктем мезгілінің өзгерістері туралы балалар өз ойларын айтып, әңгімелейді.
Шарты бойынша ойынды ойнайды.
Сурет салады. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | «Өрік ағашы» әңгімесін оқу. Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау. Балалардың сабақта алған білімдерін пысықтау. | Әңгімені зейін қойып тыңдайды. Сұрақтарға жауап беріп сабақта түсінгендерін пысықтайды. |
Біледі:көктем мезгілінің өзгерістері туралы.
Игереді:әңгіменің, өлеңнің мазмұнын .
Меңгереді:көктемдегі еңбек түрлерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Аналар мерекесі.
Мақсаты: 1. Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке – аналар мерекесі туралы түсінік беру.
2. Өлең, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу. Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі іс-әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. | Бір-біріне аналарының өздерін қалай еркелетінін айтып, ойларын бөліседі. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Көктемде болатын мерекелер жайлы әңгіме жүргізу.
Суретпен жұмыс. Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі – халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.
Дәптермен жұмыс: «Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салу.
Ғ. Ормановтың «Жан анам» өлеңін оқу. Балаларға өлеңді жаттату.
Сергіту сәті.
Дидактикалық ойын: «Кімнің дауысы, табайық!». Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысын танып айтады.
|
Көктем туралы, мерекелер туралы әңгіме жүргізіп, өз ойларын айтады. Суретке қарап аналар мерекесі туралы әңгімелейді.
Дәптерге сурет салу.
Өлеңді мұқият тыңдау. Жатқа айтып үйрену. Сергіту сәтін орындайды.
Шарты бойынша ойынды ойнайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Сабақ барысында аналар туралы өздері білетін тақпақтарын айтады.
|
Тақпақтарын айтып, сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке – аналар мерекесі туралы.
Игереді:өлең, мақал-мәтелдердің мазмұнын.
Меңгереді:аналарға құрметпен қарауды, оларға қамқор болуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар.
Мақсаты: 1.Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.
2. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
| Жақсы тілектер айтады.
|
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Тыныштық сәті. Сөздік жұмысы. Хайуанат – жан-жануарлардың жалпы атауы. Хайуанаттар бағы – жан-жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме. Суретпен жұмыс. Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу. Хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар тәрбиешінің көмегімен торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді. Қасқыр – ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды. Қоян – ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол – өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды. Аю - ірі денелі, икемсіз жануар. Ол – жыртықыш аң. Ақ, қоңыр, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды. Сондай-ақ басқа да аңдар туралы мағлұмат беру. Суреттерін көрсету. Қоян, қасқыр, аю сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: қорқақ қоян, сұр қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр. Жұмбақ жасыру. Дидактикалық ойын: «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз». Шарты: шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді. | Тыныштық сәтін өткізеді. Сөздік жұмысымен жұмыс жасайды. Жаңа сөздермен танысады.
Дәптердегі суреттермен жұмыс жүргізеді.
Суретке қарап әңгіме құрайды.
Сол аңдарға қарап бірнеше сөз тіркестерін құрастырады.
Жұмбақтың шешуін табады. Ойынды шарты бойынша ойнайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады. Сабақты балалардың жануарлар туралы білетін тақпақтарын айтып аяқтау. | Сұрақтарға жауап береді. Өздері білетін тақпақтарын айтады. |
Біледі: хайуанаттар бағы туралы , жабайы аңдар туралы.
Игереді:аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуды.
Меңгереді:жан-жануарларды қорғауды, қамқор болуды, сүйіспеншілікпен қарауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Наурызға шашу. Наурыз мейрамы.
Мақсаты: 1. Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.
2. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
3. Елге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: наурыз, уыз, ұршық, алтыбақан.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | -Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар, ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жатыр. бәрі бір-біріне "Наурыз құтты болсын!" деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіруді. | Балалар шаттық шеңберін құрады.
Әңгімені тыңдап, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу. Дәптермен жұмыс: суретке қарап әңгіме өткізу. • Тал егіп жатқан балалар. • Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар. • Гүл егіп жатқан қыздар. • Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар. Сөздік жұмысы: Көшет – көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар, көкөніс екпелері. Раушангүл – әдемі ашық түсіт алқызыл гүл.
Ә. Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату. Салт-дәстүрлер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі. Дидактикалық ойын: «Сен білесің бе?». Шарты: қоржын ішінен кереге, уық, шаңырақ, түндік жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру. Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы. Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің сүйектерінің бірі. Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер. Түндік – киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз. Наурызкөже туралы түсінік беру. Дәптердегі сурет арқылы оның жасалу жолын түсіндіру. |
Наурыз мерекесі туралы өз білетіндерімен бөліседі. Сурет бойынша әңгімелеседі.
Жаңа сөздермен танысады.
Өлеңді жатқа айтады.
Киіз үйдің бөлшектерін ажыратып, табады.
Сурет бойынша наурызкөжеге түсінік береді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру. Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. | Мақалды тыңдап, мағынасын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:наурыз мерекесі, қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы.
Игереді:ұлттық салт-дәстүр түрлерін.
Меңгереді:грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі.
Мақсаты: 1.Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
2.Оқушылардың шығармашылығын , қол өнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
3. Жанашырлыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. | Бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп сәлемдеседі. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Суретпен жұмыс: Дәптердегі берілген суретке қарап «Алтын сақа» ертегісінің мазмұнына түсінік беру. Сурет бойынша балаларды сөйлету. Ертегіні бөлім бойынша оқып беру. Мазмұнын түсіндіру. Балаларға бөлім бойынша бөліп сахналауды тапсыру. Сөздік жұмысын жүргізу. Мақал – мәтел жаттау. Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары» . Шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі.әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетін немесе өз ойын, пікірін баяндайды. Сиыр, жылқы сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Асық туралы мәлімет беру. Асықты үй жануарлары , атап, айтсақ малдарда болатыны туралы айтып түсіндіру. Жұмбақ жасыру. Сергіту сәті: Құстар біздің досымыз, Бау-бақшаны қорғайды. Ұя жасап қарсы алсақ, Құстар бізді қолдайды.
| Суретке қарап ертегі туралы білімдерін ашады.
Балалар өздері білетін ертегі туралы әңгімелейді.
Сөздік жұмысына мән береді. Мақалдарды жатқа айтады. Шарты бойынша ойынды ойнайды.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Жұмбақты шешеді.
Сергіту сәтін орындарынан тұрып орындайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап әдісін ұйымдастыру. | Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:ертегі кейіпкерлерін танып, біледі.
Игереді:ертегінің мазмұнын.
Меңгереді:жанашырлықты, әдемілікті, ұқыптылықты.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ынтымақ мерекесі.
Мақсаты: 1.1- Мамыр Қазақстан халықтарынының ынтымақ күні мерекесі туралы түсінік беру.
2. 1 – Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Дөңгелене тұрғызып, «Достығымыз жарасқан» өлеңін орындату.
|
Бір-біріне мерекеге арнап тілектер айтады. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Дәптермен жұмыс: ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.
Сөздік жұмысы: Ынтымақ – адамдар арасындағы бірлік. Мереке – салтанатты той.
С. Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқып беру, мазмұнына түсінік беру. Өлеңді балаларға бірнеше рет қайталатып жаттату.
Біз – балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз – бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан!
Ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру.
| Суретке қарап әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Сөздік жұмысымен айналысады.
1-мамыр мерекесі туралы өз ойларымен бөліседі. Тәрбиешінің әңгімелеуін тыңдайды.
Өлеңді зейін қойып тыңдайды.
Жатқа айтады.
Сурет салады. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сұрақ –жауап әдісі арқылы сабақты бекіту. | Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:1- Мамыр Қазақстан халықтарынының ынтымақ күні мерекесі екенін.
Игереді:1 – Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін.
Меңгереді:елімізде тұратын ұлттарды сыйлауды, олармен достық қарым-қатынаста болуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Жеңіс мерекесі.
Мақсаты: 1. Жеңіс күні туралы түсінік беру.
2. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Жеңіс, Отанын қорғаушы, соғыс ардагері.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. |
Бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп сәлемдеседі.
|
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Жеңіс күні мерекесі туралы балаларға түсінік беру.
Сөздік жұмысы: Отан қорғаушы – Отанды қауіп-қатерден сақтаушы. Жеңіс – соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық. Майдангер – соғысқа қатысқан ардақты, қадірлі адам. О. Асқардың «Менің атам - майдангер» өлеңін жаттату.
Бейнетаспадан Жеңіс шеруі түсірілген фильмнен үзінді (2-3 минут) көрсету. Балаларға Жеңіс шеруі жайлы әңгімелету.
Сұрақтар:
Жеңіс мерекесіне арналған отшашудың суретін салдыру.
|
Жеңіс мерекесі туралы білетіндерін әңгімелейді.
Сөздік жұмысын орындайды.
Өлеңді мәнерлеп айтып, жаттайды.
Жеңіс шеруі туралы әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Отшашудың суретін салады. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
|
Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:жеңіс күні туралы.
Игереді:сөздік жұмысын жүргізуді.
Меңгереді:соғыс ардагерлерін құрметтеп, оларға қамқорлық жасауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: 1.Мектеп, мектепке қажетті құралдар туралы түсінік беру.
2. Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру.
3. Білімпаз болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: мектеп, сызғыш, қоңырау.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | -Балалар, мектепте оқитын балаларды кім деп атайды? - Балалар метепке не үшін барады? - Мектепке қажетті құралдарды атаңдар. - Балалар қалай киінеді? -Жылдың қай мезгілінде оқиды? - Балаларды мектепте кім қарсы алады? | -оқушылар
- білім алуға - дәптер, кітап, қаламсап, т.б - мептеп формасын - күз - мұғалім |
Ізденістер. Ұйымдастырушы | Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту. Оқу құралдарынынң жеке аттарын атату. Мысалы: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш, т.б. бұлардың бәрін оқу құралдары деп атайды. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Сағаттың жүрісін көрсетейік, Тыныс аламыз. Сабақ, үзіліс, қоңырау сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту. Мысалы: Сабақ басталды. Үзіліс болады. Қоңырау соғылады. Жұмбақ шешу. Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (Кітап) Дәптермен жұмыс: сызба бойынша сөйлем құрастырту., өрнектің мәнін тапқызу. Дидактикалық ойын: «Ұйқасын тап». Шарты : дауыстап оқу. Балалар қажетті ұйқас сөзді тауып айтады. Жаңылтпашты жатқа айтқызу. Айша жазу жазды, Қайша сызу сызды. Қайша жазу жаза ала ма? Айша сызу сыза ала ма? Дауыстап оқу. Балаларға бірнеше рет қайталатып хормен, жеке-жеке айтқызу. | Сурет бойынша барлығы әңгіме құрастырады.
Сергіту сәтін қимыл жасай отырып орындайды.
Сөздерді қолданып сөйлемдер құрайды.
Жұмбақтың шешуін табады.
Сызба бойынша сөйлемдер құрастырады.
Шартымен ойынды ойнайды.
Жаңылтпашты жатқа айтады.
Хормен қайталайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Кітап туралы мәтінді оқып беру. Сұрақтар қою. | Мәтінді тыңдайды. Сұраққа жауап береді. |
Біледі:мектеп, мектепке қажетті құралдарды.
Игереді:сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруді, сөйлем, әңгіме құрастыра білуді.
Меңгереді:. білімпаз болуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Жаз .
Мақсаты: 1. Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру.
2. Берілген сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету.
3. Табиғатты сүюге баулу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Жаз мезгілі туралы әңгіме төмендегі ретпен жүргізіледі: • Жаз мезгілінің ерекшелігі. • Жаз айлары. • Ойналатын ойындар. • Жаздағы мереке. | Бір-бірімен жылы тілектерімен бөліседі. Жаз туралы ойларымен бөліседі. |
Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Гүл алаңына сырттай саяхатқа шығу. Гүл алаңы бейнеленген сурет ілінеді. Суреттің бірнеше жеріне ілінген тапсырмалар жазылған қағазды алып, оны балаларға оқып беру.
1-тапсырма. Қазір қай мезгіл? 2-тапсырма. Гүл алаңында өсіп тұрған гүлдердің аттарын ата. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр. 3-тапсырма.Арық сөзін қатыстырып сөйлем құра. 4-тапсырма. Гүлдерді қалай күтеміз? Әр тапсырманы орындау арқылы «Гүл алаңы» деген әңгіме құрастырады.
Үлгі: Жаз. Балалар гүл алаңына келді. Гүл алаңында түймедағы, раушан гүлі өсіп тұр. Арықтан сылдырлап су ағып жатыр. Құстар сайрайды. Балалар гүлдерге су сепкішпен су құяды. Арам шөптерін жұлады.
Дәптердегі сурет бойынша «Жазғы демалыс» тақырында әңгіме құрастырту.
Сөздік жұмысы: Шалғын – қалың өскен көгорай, шөп. Шалғын сөзін қатыстырып, сөйлем құарту. Жаз мезгілінде пісетін жеміс – жидектер, көкөністер туралы тақпақ-өлеңдер оқыту. Жаңылтпашты жатқа айтқызу: Келді жаз, Жазға бала мәз. Көлде қаз, Көл жағасы саз. | Тақтада ілінген сурет бойынша тапсырмаларды орындайды.
Тапсырмаларды тауып, орындайды.
Әңгіме құрастырады.
Сурет бойынша әңгіме құрайды.
Сөздікпен жұмыс жасайды.
Жаңылтпашты жатқа айтады. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сұрақтар ұйымдастыру. | Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі:жаз мезгілінің ерекшелігі туралы.
Игереді:берілген сұраққа толық жауап беруді, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуді.
Меңгереді:сабақтың мазмұнын.