СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Техника және біз

Нажмите, чтобы узнать подробности

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер? - Көліктер үш түрге бөлінеді. Жерде, ауада, суда жүретін көліктер.  Көліктерді жүргізуші жүргізеді.  -Балалар жеңіл көліктер не үшін керек? -Автобус, троллейбус, трамвай не үшін керек?

-Бүгін біз көліктің бір түрі –автобустың суретін салатын боламыз. (Автобусты қалай салу керектігін үлгіні көрсете отырып түсіндіру)-Алдымен тік төртбұрышты пішін саламыз -Дөңгелектерін саламыз -Алдыңғы бөліміне кабина пішіні салынамыз

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Техника және біз»

Ортаңғы «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.02.2018ж

Тәрбиеші: Балғынбаева К.Г

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Тақырыбы: «Автобус»

Мақсаттары: Көлік туралы жалпы білімдерін бекіту.Түрлі-түсті бояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып,автобустың суретін салуды үйрету,сурет салу дағдыларын қалыптастыру. 1.Тәрбиелік: Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Түрлі-түсті бояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып, автобустың суретін салуды үйрету, сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқыту: көлік туралы жалпы білімдерін бекіту.

Педагогикалық технологиялар: Шаттық шеңбер,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: көліктердің, автобус, аялдамалар суреттері, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар. 
Билингвальдық компонент: көлік-транспорт

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1 . Ұйымдастырушылық кезең: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінің айларын атап көріңдерші
-Бір аптада неше күн бар?
-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. -Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр
Алысты жақын еткізеді
Керек жерге жеткізеді.
2. Негізгі бөлімі: -Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Көліктер үш түрге бөлінеді. Жерде, ауада, суда жүретін көліктер. 
Көліктерді жүргізуші жүргізеді. 
-Балалар жеңіл көліктер не үшін керек?
-Автобус, троллейбус, трамвай не үшін керек?

-Бүгін біз көліктің бір түрі –автобустың суретін салатын боламыз.
(Автобусты қалай салу керектігін үлгіні көрсете отырып түсіндіру)-Алдымен тік төртбұрышты пішін саламыз
-Дөңгелектерін саламыз
-Алдыңғы бөліміне кабина пішіні салынамыз
-Терезесін кішкене төртбұрыштардан жасаймыз
-Балалар салған автобустарыңды өздерің қалаған түспен боясаңдар болады.

Сергіту сәті:

Сурет салу барысында балалардың жұмыстарын қадағалау.Жұмыстарын аяқтағаннан кейін әр баладан кімнің суреті ұнағанын сұрау.


3.Қорытынды: -Балалар біз бүгін қандай көлік түрлерінің суретін салдық?
-Сендерге бүгінгі оқу-іс әрекетіміз ұнады ма?
(балалар салған автобус суреттерін қарап шығу) -Балалар бізге автобус не үшін қажет?Балаларды мадақтау.