СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Техникалық тұрмыстық заттар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Техникалық тұрмыстық заттар

Просмотр содержимого документа
«Техникалық тұрмыстық заттар»

Тақырыбы: Техникалық тұрмыстық заттар

Мақсаты:

Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.

Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру, тазалыққа, жинақылыққа баулу.

Көрнекі құралдар:тұрмыстық техника ойыншықтары, суреттер, дидактикалық ойындар, слайд.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын технологиясы, зерттеу технологиясы, сұрақ-жауап, қорытындылау, мадақтау, ғажайып сәт.

Полингвальды компонент: тоңазытқыш – холодильник-refrigerator, шаңсорғыш – пылесос-vacuum cleaner, үтік-утюг-Lron, шаш кептіргіш-фен-hair dryer, электр плитасы- электрический плита-electric flag, кір жуатын машина- стиральная машина -washing machine.


Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылсын!

Көкке шуақ шашылсын!

Құтты қонақ келіпті.

Төрімізге еніпті.

Амандасау үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге,

Қуанамыз бізде,

Қуанасыз сізде

Күліп шыққан күнге.


-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қазір қыстың қай айы?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңыздар?



Балалар шаттық шеңберге тұрып өлең шумақтарын айтады.










-Балалар сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар менің қолымдағы не?

Ол жұмыс істеп тұрма?

Жұмыс жасау үшін біз не істеуіміз керек?

(біз артына батерейка салуымыз керек)

-Дұрыс айтасыңдар!

Бұл батарейкада оң заряд және теріс заряд деп аталатын электр заряды болады. Әр аттас зарядтар бір-бірін тартады.

- Шаңсорғыш, үтік, теледидар, шаш кептіргіш, ноутбук. Бұның бәрін бір сөзбен электротехникалық тұрмыстық заттар деп атаймыз. Себебі бұл құрылғылар тоқ күші арылы іске қосылады.

Үтік (утюг). Бұл үтіктің де бірнеше түрі бар.Біз оны киімдерді, перделерді т.б үтіктеу үшін қолданамыз .Ол қызғанда өте ыстық болады, одан бу шығады.Біз киім үтіктеу үшін үтіктеу тақтасын қолданамыз.

Теледидар (телевизор). Көптеген түрлері бар.Біз келедидар арқылы жаңалықтар, кинолар, мультиктер, концерттер тамашалаймыз.

Шаңсорғыш (пылесос). Бұл үйдегі шаңды сорып алатын құрылғы.

Кір жуатын машина(стиральная машина). Бұл біздің лас болған киімдерімізді жуады.

Тоңазытқыш (холодильник). Бұл азық -түлікті сақтайтын құрылғы.Тоңазытқыштың түстері де, көлемдері де әртүрлі болып келеді.Тоңазытқыш іші бірнеше бөліктерге бөлінеді.

Электр плитасы (электрический плита). Бұл құрылғының көмегімен тамақ пісіреміз.Плита бірнеше бөлікке бөлінеді.Шай қайнатамыз, нан пісіреміз.Аналарымыз тәтті тоқаштар пісіреді.

Балалар осы аталған бұйымдардың бізге пайдасы өте көп.

Полингвальды компонент:

тоңазытқыш – холодильник- refrigerator, шаңсорғыш – пылесос-vacuum cleaner,

үтік-утюг-Lron,

шаш кептіргіш-фен-hair dryer,

электр плитасы- электрический плита-

electric flag,

кір жуатын машина- стиральная машина- washing machine.

Қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.

-Сулы қолмен токты қосуға немесе ажыратуға болмайды;

-Балаларға үлкендерсіз электр токтарын ұстауға болмайды;

-Ерексектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.

-Пеш қызып тұрғанда балалар қасына жақындауға болмайды.

-Кір жуатын машинаға қолды салуға болмайды.

Сергіту сәті

Токтар сымның бойымен

Жүгіреді тоқтаусыз.

(денемізге саусақтарды жүгіртеміз)

Топқа жарық сыйлайды,

Барлығына ұнайды.

(қимыл-қозғалыс көрсету)

Электр энергиясын қалай жүзеге асатынын тоқ күшінің бар жоғын анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жасайық. Сіздер 4 топқа бөлініп отырсыздар, сол топтар бойынша өздеріңізге берілген зерттеу жұмыстарын орындайсыздар.

Бірінші топ: үтікті тоқ көзіне қосып орамалды үтіктеуіміз керек.

Екінші топ: Қуыршақтың шашын шаш кептіргішпен кептіруіміз керек.

Үшінші топ: Шарды шашқа үйкелеу арқылы электрмагнит өрісін анықтап шығаруымыз керек.

Төртінші топ: щетканы пакетке үйкелеу арқылы электр өрісін пайда болғанын бақылау. Дидактикалық ойын:

«Электротехникалық тұрмыстық заттарды ажырат»

Ойынның шарты: Көптеген ыдыс аяқтардың суреттері көрсетіледі.Балалар солардың ішінен эл.техникалық .заттарды табу керек.

-Сағат

-Жоқ

-Ол үшін біз артына батерейка салуымыз керек.


Балалар тыңдайды.



-Балалардың жауабы.




















-Балалар қайталайды.




















Тәрбиешінің қауіпсіздік ережелерін мұқият тыңдап, ұғынады.

-Балалар мұқият тыңдайды




-Балалар есте сақтайды.

Өлеңді қайталап, мазмұнына сай қимыл-қозғалыс көрсетеді.










Балалар қызығушылықпен жұмыстарын жасайды.









-Балалар қызығушылықпен ойнайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Ал, енді, балалар, бүгінгі оқу - қызметіміз ұнады ма?

Біз қандай заттармен таныстық?


Қандай қауіпсіздік ережелермен таныстық?


Электро бұйымдардың қандай пайдасы бар?

Балалар, бүгінгі оқу-қызметімізде естеріңізде не қалды және қандай әсерде болдыңыз?


Балалар мен сендерге оқу-қызметтен қандай мағұлмат алғандарыңызды жұмбақ жасыру арқылы көрейін.


1.Шаң-тозаңды сүймейді,

Тазалап оны жүр дейді.


2.Бүкіл әлем ішіне сияр

Аты оның ...


3.Біздің үйде бір зат бар

Сақтайды онда тамақты.

Болсын мейлі күз бен жаз

Іші оның қатты аяз.

Балаларды мадақтау.

«Ғажайып сәт»

Балалар қараңдаршы менің қолымдағы не нәрсе? Балалар бұл жәй үй емес , бұл

«тәттілер қоймасы». Тәттілер қоймасының есігін кім келіп ашады.

(Ортаға бір бала келіп қоңырауын соққанда ішіннен тәттілер төгіледі)

Иә


-Техникалық тұрмыстық заттар

- Техникалық тұрмыстық заттар ережелерімен

-Пайдасы өте көп


Балалар жауап береді.







-Шаңсорғыш.



-Теледидар.




-Тоңазытқыш.





-Үй



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: тұрмыстық техниканы дұрыс пайдалануды, үлкендердің көимегінсіз электр тогына қоспау.

Түсінеді: тұрмыста қолданылатын заттарды қалай пайдалану керектігін; олардың атқаратын қызыметін;

Қолданады: өмір қауіпсіздігі ережелерін.