№ 6 «Балауса» екінші кішілер тобының «Тентек торай» атты жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі
Зал іші әдемі безендірілген, музыкамен балалар залға кіреді. Мерекенің жүргізушісі Аққала.
Аққала:
Айналайын, балалар!
Сәлем ата – аналар!
Келе жатыр жаңа жыл,
Ән салады балалар.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір!
Кел, Жаңа жыл біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!!!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі мерекеміз өзгеше болайын деп тұр, себебі мерекені мен, яғни Аққала жүргіземін. Мені балалар серуенге шыққанда қардан соғып, жасады.
Мерекеміздің ажарын әсем әнмен ашайық!
Ән: «Шыршаға бардық»
(Әннен соң балалар отырады)
Аққала:
Айлин: 1
Ақ қырауға оранған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Ақжол: 2
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Баян: 3
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Бекзат: 4
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты ол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Саматов Алинұр: 5
Жапалақтап ақша қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаналарын арқалап.
Тлеген Бекнұр: 6
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Жанғазы Айсана: 7
Наша елка высока,
Наша елка велика.
Выше мамы, выше папы,
Достает до потолка!
Музыкамен залға Торай жүгіріп кіреді.
Торай:
Аққала:
Торай, сәлеметсің бе! Кімге не бермеймін деп мазақтап жатырсың?
Торай:
Сәлем! Сәлем! Сәлем! Хм, Тышқанға сиқырлы сағатты бермей қашып жүрмін.
Аққала:
Неге? Енді жаңа Тышқан жылы келу керек қой. Ал, сен келесі кезегің келгенше демаласың.
Торай:
Ал , мен әлі кеткім келмейді! Маған мында ұнап қалды. Көңіл – күйімді бұздыңдар, ренжіттіңдер мені, қуып жібергілерің келеді мені.
Аққала:
Торай, сен бізге ренжімеші! Әр жылдың өз иесі болады. Бір жыл бойы Торай сен бізбен болдың, енді Тышқан келу керек. Біраз жыл өткен соң, сен қайтадан қайтып келесің ғой. Сиқырлы сағатты Тышқанға бере ғой.
Торай:
Жоқ! Бермеймін! Қазір сындыра салсам, жаңа жыл мүлде келмейді! Сындырайын ба?
Аққала:
Жоқ! Олай етпе! Оданда төрге шық, бізбен бірге мерекені тойла! Сенің көңіліңді көтерейік. Балалардың өнерін тамашала. Ойлан!
Торай:
Ендеше, менің билегім кеп тұр.
Аққала:
Олай болса, қыздарымыздың әдемі биін тамашалаңыздар.
«Ақшақарлар» биі
Аққала:
Ерсұлтан: 8
Snow on the ground,
Snow on the tree.
Snow on the house,
Snow on me!
Нұрдос: 9
Скоро, скоро новый год,
Он торопится, идет!
Постучится в двери к нам,
Дети, здравствуйте, я к вам!
Арнай: 10
Снег идет, снег идет,
Значит скоро новый год.
Дед Мороз к нам придет,
Всем подарки принесет!
Азаматова Айсана: 11
Crunch, crunch, crunch, crunch,
Up the hill we go,
Sliding , sliding, sliding, sliding,
Down the hill we go.
Азиза: 12
Жаңадан тақпақ,
Аламын жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Сұлтан: 13
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдыз,
Көз тоймайды қараса.
Әли: 14
Елочка, елочка,
Зеленая иголочка.
Шарики блестят,
Огоньки горят.
Көркем: 15
Елочка, елочка,
Яркие огни!
Бусами, бусами,
Елочка звени!
Аққала:
Торай, ойын ойнағың келе ме?
Торай:
Аққала:
Онда біздің балаларымызбен «Жаңа жылдық костюм» деген ойынын тамашала, үйрен. Тура осы ойынды біздің ата – аналармен ойнап көресің сосын.
«Жаңа жылдық костюм» ойыны
(балалармен, ата - аналармен)
Торай:
Рахмет, сендерге балалар! Маған ренжімеңдерші. Міне сағат, ала ғой. Мен барып, Аяз атаны шақырып келейін. Сау болыңдар, достар!
(Торай залдан шығып кетеді.)
Аққала:
Сау бол, Торай! Рахмет саған! Кездескенше!
(Аққала сағатқа қарап шошып кетеді.)
Балалар, жаңа жыл болса жақындап қалды. Ал, Аяз ата мен Ақшақар әлі жоқ. Қане, бәріміз шақырайықшы!
Балалардың барлығы:
Аяз ата, Ақшақар , ау-у-у! (3 рет)
Музыкамен Аяз ата кіреді. Балалармен амандасады.
Аққала:
Сәлеметсіз бе, Аяз ата, біз сіздерді ұзақ күттік. Төрге шығыңыз! Отырып, дем алыңыз. Біздің балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыз.
Аруна: 16
К нам на елку – ой-ой-ой!
Дед Мороз пришел живой!
Ну и дедушка Мороз!
Что за щеки, что за нос!
Зере: 17
Құтты болсын жаңа жыл!
Жаңа бақыт, жаңа нұр.
Тіледім мен бар әлемге ,
Құт – берекені!
Бексұлтан: 18
Тышқан жылы келеді,
Ел тоқ болып жүреді.
Ескі жылмен қоштасып,
Жаңа жылға енелік.
Айерке: 19
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түңгі аспан.
Аққала:
Осы күзде тобымыздағы Айсезім қызымыз көркем сөз өнерінен өткен «Тай жарыс» атты сайысқа қатысып, І және ІІ орынға ие болып қайтты. Сол Айсезім қызымыз бүгін Сіздерге Абай атасының «Қыс» өлеңін оқып береді.
Айсезім:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды....
Аққала:
Аяз ата, бізбен бірге ән айтыңызшы. Хороводпен «Шел по лесу Дед Мороз» әнін айтады.
«Шел по лесу Дед Мороз» әні (қимылдарымен)
Аяз ата:
Уһ, шаршадым, ыстықтап барамын!
Аққала:
Ендеше біраз тынығып алыңыз. Біздің балаларымыз тек ана тілдерінде ғана емес орыс және ағылшын тілінде де өнер көрсете алады. Балаларымызбен автобуспен саяхаттағанды жақсы көреміз. Жақында өткен ашық сабағымызда айтқан ағылшын тіліндегі автобус туралы әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән : «Funny bus»
(НАРБОТА, АМИР, Қ. АЛИНҰР, Ф. АЙАРУ, БЕКЖАН, АЙЗАДА,
Қ. АЙАРУ, С. БЕКНҰР, АЯЛА, АБЫЛАЙ)
(Әннен соң балалар отырады)
Музыка ойнап, Ақшақар Тышқанды ертіп кіреді.
Ақшақар (Рысгуль):
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендердің әсем әндеріңді естіп, Тышқан екеуміз жолды тез тауып келдік.
Тышқан :
Сәлем, достар! Міне, мен де келдім. Аяз ата, шыршаның шамдарын жағуды ұмытып кетіпсіз ғой.
Аяз ата:
Ой, балалар, кәрілік деген осы. Мүлдем ұмытып кетіппін ғой. Қане сиқырлы сөздерімізді бірге айтайық.
Барлығы: (3 рет қайталайды)
Шамдарыңды жарқырат!
(Шыршаның шамдары жанады. Айгерім мен Алуа)
Аққала:
Келген жаңа Тышқан жылына арнап, әдемі ән айтып берейік.
Ән: «Ахау, Жаңа жыл»
(Әннен соң балалар отырады)
Ақшақар:
Аяз ата, ал балаларға сыйлық қайда?
Аяз ата:
Тышқан:
(Сыйлықтарды шанамен сүйретіп, алып кіреді.Аяз ата балаларға сыйлықтарын таратып, мереке мәресіне жетеді. Аяз ата басқа баратын жерлеріміз бар деп, кейіпкерлер қоштасып шығып кетеді.