Лексика-грамматикалық блок
1- нұсқа
1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы
В) а
С) о
D) у
Е) ә
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) д, т, р
В) қ, ң
С) р, н, д
D) а, о, м, д
Е) й, у, ж
3. Тек ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) байлық, қорықтар
В) бай, асхана
С) жорық, кілем
D) қала, мереке
Е) басшылық, ұлттық
4. Буын үндестігіне қарай жалғанатын қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
А) –мен, -пен
В) –ның, -нің
С) –сыз, -сіз
D) –мын, -мін
Е) –тар, -тер
5. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз.
А) Гүлдер
В) Өлең
С) Өтірік
D) Шын
Е) Есік
6. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Ынталы
В) Киелі
С) Тамаша
D) Білімді
Е) Атақты
7. Болжалдық сан есімді табыңыз.
А) Бес-бестен
В) Беске таман
С) Бесінші орын
D) Бес адам
Е) Сағат бесте
8. Есімдікпен толықтырыңыз: ... кісі менің әкем.
А) Күллі
В) Бұл
С) Қалай
D) Өзі
Е) Сіз
9. Түбір сөзді табыңыз.
А) Қоныстан
В) Қондыру
С) Қону
D) Қон
Е) Қоныстану
10. Дефис қойылуы тиіс одағай сөзді табыңыз.
А) Тәйт
В) Ойбай пәлі
С) Пәлі ойбай
D) Әттең
Е) Ойбай ай
11. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз. Я, яки, не, немесе.
А) Талғаулықты
В) Қарсылықты
С) Іліктес
D) Ынғайластық
Е) Себеп-салдар
12. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Жазғы демалыста Раушан ауылда болды.
В) Раушан жазғы демалыста ауылда болды.
С) Жазғы демалысты Раушан ауылда өткізді.
D) Жазғы демалыста Раушан ауылға барады.
Е) Раушан жазғы демалыста ауылға бар.
13. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз. Біз бұлақтардың көзін ... .
А) мол болады.
В) болмайды.
С) қараған.
D) аштық.
Е) қорғауы тиіс.
14. Тура толықтауышты табыңыз. Сәуле дүкеннен қызық кітап сатып алды.
А) Сәуле
В) Дүкеннен
С) Кітап
D) Сатып алды
Е) Қызық
15. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықтаңыз. Еңбек жазды.
А) Сұраулы
В) Толымсыз
С) Жалаң
D) Лепті
Е) Хабарлы
16. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті.
В) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр.
С) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады.
D) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады.
Е) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.
17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.
А) сонымен
В) сондықтан
С) да.
D) бірақ
Е) немесе.
18. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Мұғалім, ұстаз, оқытушы
В) Әдемі, сұлу, алтын
С) Тақта, орындық, бүгін
D) Қараша, қабат, үй
Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші
19. «Алға» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) алыс
В) кең
С) артқа
D) төменге
Е) жоғары
20. Мақалдың жалғасын табыңыз.
Жеті жұртың тілін біл,
Жеті түрлі ... ... .
А) елге құрмет.
В) тіл біл.
С) тас жарады.
D) білім біл.
Е) ұлт жоқ.
2-нұсқа
1. «Невада-Семей» қозғалысының президентін табыңыз.
А) С.Әбдильдин
В) Амантай қажы
С) О.Сүлейменов
D) М.Шаханов
Е) Р.Сейсембаев
2. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған уақытын көрсетіңіз.
А) 1992 ж.
В) 1988 ж.
С) 1990 ж.
D) 1991 ж.
Е) 1989 ж.
3. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Үлкен мектеп
В) Көрші ауыл
С) Терең ой
D) Жаңа қала
Е) Жазғы кеш
4. Мақалды табыңыз.
А) Ғылым - теңіз, білім - қайық.
В) Ғылым адамды биіктетеді.
С) Ғылым шыңдайды.
D) Ғалым ғылыммен айналысты.
Е) Ол - әйгілі, білімді ғалым.
5. Антоним сөздерді табыңыз.
А) Жылдам, ақырын
В) Сұлу, әдемі
С) Алғаш, тұңғыш
D) Көзі, мұрны
Е) Қыздар, әйелдер
6. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Менен, жетеу
В) Көркем, сұлу, көрікті
С) Қыс, жаз, күз, көктем
D) Сырмақ , шекпен, алаша
Е) Сөк, түс, көз
7. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді.
В) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жуып алыпты.
С) Ағам келетін уақыт болды.
D) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті.
Е) Түн. Ай жап-жарық
8. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды, бірақ жиналыс әлі басталған жоқ .
В) Ұшақ сағат бесте ұшуы керек еді, алайда ұша алмады.
С) Ән басылды, бірақ домбыра сазы тоқталған жоқ.
D) Ертең доп ойнауға я Бейсен барады, я сен барасың.
Е) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.
9. Сөйлемді аяқтаңыз: Балалар қыста шанамен ... .
А) сүйрейді.
В) сырғанайды.
С) отырады.
D) секіреді.
Е) тұрады.
10. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А) Аппақ қар.
В) Олар кешігіп келді.
С) Оқушылар үйге келді.
D) Мен әлі отырмын.
Е) Сабақ басталды.
11. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.
А) Анықтауыш
В) Баяндауыш
С) Толықтауыш
D) Пысықтауыш
Е) Бастауыш
12. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз. Мүмкін, келіп қалар.
А) Еліктеу
В) Одағай
С) Қаратпа
D) Қыстырма
Е) Шылау
13. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Орманға таман.
В) Мал мен бас.
С) Мектепке қарай.
D) Мен келдім.
Е) Сен отыр.
14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
А) Бекерге қиналу.
В) Орта мектеп.
С) Қазыбектің жоспары.
D) Жиналыстан кейін.
Е) Дәл өзі.
15. Жекіру одағайын көрсетіңіз.
А) Жә!
В) Кә-кә!
С) Уһ!
D) Пай-пай!!
Е) Шөк!
16. Күрделі нақ осы шақ бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Биыл көктем кеш келді.
В) Қар еріп жатыр.
С) Өзендерде мұз еріді.
D) Өзен, көлдерден сең кетті.
Е) Бүгін ауа-райы жақсы болды.
17. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) келдім
В) алдың
С) отырмын
Д) келемін
Е) жүрді
18. Есімдікті табыңыз.
А) Сонау, мына
В) Белсенді
С) Әрине, мүмкін
D) Бәрекелді, пәлі
Е) Қызыл, көк
19. Барыс септік жалғауында тұрған өздік есімдігін табыңыз.
А) Өзіңе
В) Өзі
С) Өзіңде
D) Өзіміз
Е) Өзіңмен
20. «Он бес» сөзі қандай сан есім екенін белгілеңіз.
А) Дара
В) Толық
С) Күрделі
D) Жай
Е) Көптік
3-нұсқа
1.Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз таптарын
В) Тіл дыбыстарының жүйесін
С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін
D) Сөз құрамын
Е) Сөз мағыналарын
2. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
А) Езулік
В) Қысаң
С) Еріндік
D) Жуан
Е) Ашық
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) г, ғ
В) л, м
С) н, р
D) д, ж
Е) п, т
4. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) П,Ғ,В,К...
В) П,У,Х,В...
С) Д,Ж,С,В...
D) Б,В,Р,Л...
Е) Б,В,Ғ,З...
5. Бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) Таразы
В) Іні
С) Шағала
D) Жаңғақ
Е) Ұлт
6. Тек ашық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Отбасы, адам, жексенбі
В) Жеміс, егін, ағаш
С) Құстар, жаңбыр, аспан
D) Терезе, таза, мағына
Е) Достар, автобус, демалыс
7. Буынның жуан, жіңішкелігіне қарай болатын үндестікті көрсетіңіз.
А)Үндестік заңы
В)Кейінді ықпал
С) Буын үндестігі
D) Ілгерінді ықпал
Е) Дыбыс үндестігі
8. Үндестік заңындағы үндестіктің атауларын көрсетіңіз.
А) Буын үндестігі, дыбыс үндестігі
В) Үндеу, дауыстау
С) Ашақ буын, бітеу буын, тұйық буын
D) Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Е) Тасымал, екпін
9. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.
А) Алакөл маңы.
В) Ердің анасы - елі.
С) «Балдырған» журналы.
D) Қазақстан Республикасы.
Е) Есіл өзені.
10. Киім тігумен айналысатын адамды белгілеңіз.
А) Тігінші
В) Ұста
С) Хатшы
D) Басшы
Е) Мұғалім
11. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Семіз өзен
В) Тәртіпті ой
С) Жуас кітап
D) Әдеби тіл
Е) Тәтті ауыл
12. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кімнің? ненің?
В) Қандай? қай?
С) Қанша? неше?
D) Қайда? қалай?
Е) Не істеді?
13. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.
А) Екіден
В) Мың
С) Он
D) Тоғызыншы
Е) Біреу
14. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Өзім
В) Сен
С) Бұл
D) Біреу
Е) Бәрі
15.Ауыспалы нақ осы шақты белгілеңіз.
А) жүр
В) жазады
С) жазды
D) отыр
Е) жатыр
16. «Қазақ хрестоматиясы» кітабының авторы.
А) М.Әуезов
В) М.Жұмабаев
С) Қ.Мырзалиев
D) Ы.Алтынсарин
Е) А.Байтұрсынов
17. XVIII ғасырда қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ханды белгілеңіз.
А) Уәлиұлы Абылайхан
В) Шығайұлы Есімхан
С) Әбілқайыр хан
D) Жәңгір хан Бөкейханұлы
Е) Жолбарыс хан
18. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
А) Ақырын қозғалу
В) Жел мінез
С) Жүйрік ат
D) Ұйқыдан ояту
Е) Бұзаулы сиыр
19. Достық туралы мақалды табыңыз.
А) Өнерлінің өзегі талмас.
В) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
С) Отан оттан да ыстық .
D) Ұрлық түбі – қорлық.
Е) Ер дәулеті – еңбек.
20. Антонимді табыңыз.
А) Үйір-табын
В) Арсыз-әдепсіз
С) Жина-шаш
D) Жүрдім-бардым
Е) Шұғыл-жедел
4-нұсқа
1. «Аласа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) Әдемі
В) Жақсы
С) Таза
D) Биік
Е) Төмен
2. «Бетінен оты шығу» фразеологизмінің синонимін табыңыз.
А) Тез
В) Қорқақ
С) Ұялу
D) Жылдам
Е) Жоғалу
3. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
В) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды.
С) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
D) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді.
Е) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді.
4. Сөйлемді аяқтаңыз. Көктемнің алғашқы гүлі - ... .
А) Қалампыр
В) Раушан
С) Көкнәр
D) Бәйшешек
Е) Қызғалдақ
5. Толымсыз сөйлемді табыңыз.
А) Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді.
В) Сен теледидар алдында ұзақ отырғаның үшін ата-анаңнан ескерту аласың. С) Ол бағдарлама қанша уақытқа созылуы керек?
D) Теледидарды көп қарайсың ба?
Е) Балаларға арналған жеке бағдарлама болуы керек.
6. Толықтауыштың сұрақтарын анықтаңыз.
А) Кіммен? Немен?
В) Қалай? Қайдан?
С) Қайтты? Не істеді?
D) Кім? Не?
Е) Нешінші? Қайсы?
7. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Балалар, кешке мектепте жиналыс болады, кешікпей келіңдер.
В) Отан қорғауға дайын болыңдар!
С) Меніңше, бұл-өте жақсы оқушы.
D) –Сіз менің айтқанымды түсінесіз бе?
8. Әрине, әлбетте, рас, шынында деген сөздердің сөз табын анықтаңыз.
А) Есімдік
В) Оқшау сөздер
С) Сан есім
D) Сын есім
Е) Етістік
9. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз.
Қыста ... күзде күн суық болады.
А) бірақ
В) және
С) арқылы
D) әйтпесе
Е) мен
10. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) қуу
В) жабық
С) күл
D) түне
Е) кірген
11. Белгісіздік есімдіктерді көрсетіңіз.
А) Сені, сендерге
В) Өзі, өздері
С) Әлдекім, әлдене
D) Оларды, мені
Е) Кімге, неге
12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
А) Қырықыншы
В) Елу мың
С) Жеті жүз
D) Біреу
Е) Жетіден бес
13. Сын есімді табыңыз.
А) Бөлме
В) Төсек
С) Кілем
D) Жайлы
Е) Төсеніш
14. Қатаң дауыссыз дыбыстан тұратын сын есімді көрсетіңіз.
А) Ұлы
В) Әдемі
С) Жабайы
D) Қысқы
Е) Дәмді
15. Жіктік жалғауын табыңыз.
А) –ын, -ін
В) –пын, -пін
С) –ға, -ге
D) –мен, -бен
Е) –дың, -дің
16. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Көктемгі
В) Жазғытұры
С) Күзде
D) Жазғы
Е) Қыстың
17. Жалқы есімді табыңыз.
А) Қарлыға
В) Дуадақ
С) Қарға
D) Сауысқан
Е) Тауық
18. Негізгі зат есімді анықтаңыз.
А) Білім
В) Жақсылық
С) Адам
D) Қойшы
Е) Бұрғы
19. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Таулар
В) Доп
С) Ала-құла
D) Аурухана
Е) Қара
20. Әлия Молдағұлова кім болғанын көрсетіңіз.
А) Биші
В) Әнші
С) Күйші
D) Мерген
Е) Ақын