Просмотр содержимого документа
«Тетіктердің жұмыс сызбалары»
Тетіктердің жұмыс сызбалары
Өнеркəсіп орындарында əртүрлі аспаптар, станоктар, көліктер жəне тағы
басқа күрделі агрегаттар жасалады, олар шығарған өнімдер бұйым деп аталады. Бұйымдар жеке тетіктерден құралады. Ең алдымен əрбір жеке тетіктер өзінің жұмыс сызбалары бойынша жасап шығарылады (285, 286-сурет). Дайын тетіктерден құрастыру сызбасы бойынша тұтас бұйым құрастырылады. Тетіктерді жасау үшін, жұмыс сызбалармен қамтамасыз ету керек. Тетіктердің жұмыс сызбалары, құрастыру сызбалары бойынша сызу
бөлшектеу деп аталады. Бөлшектеудің мəнісі – құрастыру сызбасы бойынша
тетіктердің сызбасын сызу. Құрастыру бұйымына кіретін тетіктерді ойша
бөлшектеу шарт. Тетіктің жұмыс сызбасы бойынша, оның пішінін (формасын) атқаратын қызметіне басты назар аударылу керек. Жұмыс сызбасында оның пішінін түсінуге қажетті кескіндер (көріністер, тіліктер, қималар) өлшемі мен беттердің кедір-бұдырлығының белгіленулері
болады. Кескіндер санын анықтап алып, көрініс саны барынша аз, тетіктің
пішіні мен өлшемдерін анықтау үшін жеткілікті болу керек. Жұмыс
сызбасында кескіндер тік бұрыштап проекциялау əдісімен сызба құрал
көмегімен орындалады. Сызылатын тетіктерді кескіндеу үшін масштабы
таңдалуы қажет. Сызбада тетік жасалатын материалдар, олардың саны, тағы
да басқа мəліметтер көрсетіледі.
Құрастыру сызбаларын оқу және бөлшектеу
Құрастыру сызбасын оқу деп сызбасына қарап бұйымның пішінін, өлшемдерін және жұмыс жасау принципін анықтау процесін айтады. Құрастыру сызбасын төмендегідей ретпен оқуға болады:
бұйым атауы мен кескіндер масштабын негізгі жазу бойынша анықтау;
кескіндерге қарап сызбада қандай көріністер, тіліктер, қималар орындалғанын және әрқайсысының қолданылатын орнын анықтау; сызбаға түсірілген өлшемдер мен техникалық талаптарды оқу; сипаттізім мен сызбаны қатар қойып, тетікбөлшектер атауы мен кескінін ажырата білу; тетікбөлшектердің өзара қалай біріктірілгендігін, бұйымның жылжымалы бөліктері жұмыс кезінде қалай орын ауыстыратындығын айқындау; рет – ретімен әрбір тетікбөлшектің геометриялық пішіні мен өлшемдерін анықтау;
бұйымның ішкі және сыртқы пішіндерін ойша елестетіп, қызметін түсіну;
бұйымды ажырату және жинау ретімен танысу, яғни тетікбөлшектерді бір-бірінен қалай ажырату керектігін білу.
Сонымен бірге мыналарды естен шығармаған жөн: білік, сына, тойтарма шеге, шариктер және т.б. көлденең тілікке түспейді; көршілес тетікбөлшектерді тілікте немесе қимада кескіндегенде штрихтау бағыты (оңға, солға), немесе штрихтар арақашықтығы әртүрлі болады; құрастыру сызбасындағы барлық тіліктер мен қималарда жекелеген бір тетікбөлшектің штрихтау бағыты бірей және біркелкі болуы керек.
Бөлшектеу деп құрастырылған бұйым сызбасы бойынша тетікбөлшектердің сызбаларын орындауды айтады. Бұйымның құрастыру сызбасына қарап жұмыс сызбаларын орындау реті бұйымның өзіне қарап тетікбөлшек сызбаларын орындаудағыдай болып келеді. Тетікбөлшектердің пішіні мен өлшемі құрастыру сызбасын оқу барысында айқындалады. Тетікбөлшек атауы мен оның белгіленуі құрастыру сызбасының сипаттізімінен анықталады, ал материал маркасы - құрастыру сызбасында келтірілген түсіндірмеден алынады.
Бөлшектеу деп құрастырылған бұйым сызбасы бойынша тетікбөлшектердің сызбаларын орындауды айтады. Бұйымның құрастыру сызбасына қарап жұмыс сызбаларын орындау реті бұйымның өзіне қарап тетікбөлшек сызбаларын орындаудағыдай болып келеді. Тетікбөлшектердің пішіні мен өлшемі құрастыру сызбасын оқу барысында айқындалады. Тетікбөлшек атауы мен оның белгіленуі құрастыру сызбасының сипаттізімінен анықталады, ал материал маркасы - құрастыру сызбасында келтірілген түсіндірмеден алынады.