Просмотр содержимого документа
«Текті білу тегін емес»
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
______ Қ. Төлегенова
____ ____2015ж
Күні: 9.01.-27.01.2016ж
2-сынып «Өзін-өзі тану»
Сабақ тақырыбы: 17-сабақ Текті білу тегін емес
Мақсаты:
«Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
• Ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
• Ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрады, сәлемдеседі. Үнтаспадан естілген әнге қосылып айтады.
Келші, келші, балашым
Сөзі: Қ.Ыдырысов
Әні: Е.Хасанғалиев
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Айдарыңнан айналдым,
Маңдайыңнан айналдым.
Торсық шеке, тоқ шеке,
Бақ болар деп ойладым.
Ашық жанар көңілің,
Ақ болар деп ойладым.
Әңгімелесу
• Өз аталарың туралы не білесіңдер?
• Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?
• Жеті атаңды айта аласың ба?
Мәтінмен жұмыс
Ж.Дәуренбековтің «Арұлан» атты әңгімесін оқып беру.
Тыныштық сәті: Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Балалар денесін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз, жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың исін сезінесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз(тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыныз. (тыныштық) көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз(тыныштық). 1,2,3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана – табиғатқа «рахмет» деп айтайық.
Сұрақ-жауап әдісі:
• Арұлан қандай бала? Аружан ше?
• Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?
Тапсырма
• «Өз отбасыңдағы қуанышты кездесулер» туралы айтып беру. Тапсырма бойынша балалар ата әжелері, нағашылары, жиендері, ағайын туысқандары, туғандарымен қуанышты кездесулерін естеріне түсіріп, айтып береді.
Шығармашылық жұмыс
«Біздің отбасымыздағы дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып, сыныпта көрсетіп, ол туралы әңгімелейді.
Жаңа ақпарат
«Адамның жақсы қасиеттерінің бірі өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін бірі сыйлап, қамқорлық жасайды». Балалар сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, өзара сыйластық, өзара ой пікірлерін қосымша айтып береді.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: «Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешіңдер.
1. Әкеңнің шешесі ....
2. Атаңа сен кім боласың?
3. Әкеңнің әкесі ....
4. Сенен кейінгі туысың ....
5. Сенен үлкен туысың .....
6. Алтыншы ата ....
7. Сені дүниеге әкелген жан ....
Шешуі: әже, немере, ата, іні, аға, шөпшек, ана.
Жүректен жүрекке
Оқушыларға ата бабасына деген құрметтерін өлең арқылы білдіреуге мүмкіндік береді.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Оқушылар өлең жолдарын қайталайды.
Ата, бізге келіңіз!
Е. Өтетілеуов
Ата, бізге келіңіз!
Дайын Сізге төріміз!
Өстіп бізге күлімдеп:
«Өс, жарығым - күнім», -деп
Күнде бата беріңіз!
Жүзіңізден әр таймай,
Жүз жасаңыз қартаймай!