СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Темір жолдың қиылысу құрылымдарының тәртібі

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Темір жолдың қиылысуы, басқа көліктермен түйісуі

Темір жолдың басқа темір жолмен, трамвай жолдарымен, троллейбус желілерімен, автомобиль жолдарымен және қала көшелерімен қиылысуын Құрылыс мөлшерінің тәртіптерімен келісіліп жасалады.

Трамвай және троллейбус жүретін жерлерден пойызды жіберуге рұқсат етілмейді. Автобустар жүретін жерлерден тек қана жол бастығының рұқсатымен ғана жіберіледі.

Темір жол өтпелері өте қауіпті зона болып саналады, автомобиль көліктері сияқты темір жолдада жүріс мөлшері көп болады, онда жылжымалы құрамдардың соғысуы да болады, әр қауіпті қауіпсіздікті қорғауды қажет етеді. Темір жолдағы жүрістің  жиі өсуіне байланысты өтпелерде автомобильдердің ұзақ күтіп тұрып қалуы, көліктің техникалық құрылғыларын тиімді пайдаланбаудан, жүктерді жеткізуді кешіктіріп, көлік үрдістерінің тиімділігін азайтады, сондықтан, жаңадан салынатын темір жол желілерімен кірме жолдардың басқа темір жолдар мен кірме жолдарға, троллейбус желілерімен, жалпы қалалық мәндегі магистральды көшелермен қиылысқанда, қалалық авто көліктердің жылдамдығын арттырып, сондай-ақ,  I-III категориядағы автомобиль жолдарын әр деңгейде жобалау. Темір жолдың  автомобиль жолдарымен қиылысуы  IV и V категорияда әр түрлі деңгейде қарастыру, егер: автомобиль жолдары басты және үш жолды кесіп өтетін болса; пойыздар жүрісінің жылдамдығы  120 км/сағ көп болғанда қиылысатын темір жол телімдері; ойда орналасқан темір жолдар мен жақсы көрінбейтін өтпелерде;  автомобиль жолдарында, троллейбус жүрістері мен трамвай жолдарына қиылысуы қарастырылады.

Темір жолмен автомобиль жолдарының қиылысуы, стансада ғана емес үлкен маневр қозғалыстарында жолдың тік телімдерінде және тік бұрыштарында болуы мүмкін. Егер тік бұрыштарда қиылыспаса, онда қиылысу бұрышының үшкілігі  60кем болмайды.

Жол өтпелері жүріс жиілігіне байланысты, пойыздар жүрісінің жылдамдығы және көлік құрылғылары, жол өтпелерінің жабдықталған сигнал құрылғылары, сондай-ақ, сигналдардың көрінуі шлагбауымен және шлагбауымсыз болуы мүмкін.

Кезекші жұмыскер жол өтпелерінде мынадай жұмыстар атқарады:

  • I және II категория, кіші темір жол телімдеріндегі сигналдардың көріну жағдайы қиын болғанда немесе кірме жолдарды автоматты бағдаршам сигналдарымен жабдықтағанда, сондай-ақ, кіші кірме жолдарда маневр қозғалыстарының болуы, тік – айналым шлгбаумдарымен жабдықталғанда, жақсылап жабылатын кірме жолдарда;
  • III және IV категория телімде жолаушылар пойызының жүріс жылдамдығы 100 км/сағ артық болғанда;
  • III категория сигналдардың анық көрінбеу жағдайында және бағдаршам сигналдарының автоматты жабдықталмауында, сондай-ақ,  станса ішінде үлкен маневр жұмыстарының жасалуында;
  • IV категория сигналдардың анық көрінбеу жағдайында және бағдаршам сигналдарының автоматты жабдықталмауында.

 I және II категориядағы жол өтпелері автоматты сигналдармен жабдықталады (бағдаршамды немесе ескертуші).  III және IV категориядағы жол өтпелері пойыздың жүріс жылдамдығы мен жиілігіне байланысты, көлік құрылғылары мен көріну жағдайларына байланысты сигналдармен жабдықталады.

Кезекші жұмыскерлер қызмет атқаратын жол өтпелерінде, жақын стансалар мен қосымдарға (телімдердегі диспетчер орталықтарымен жабдықталған – пойыз диспетчерімен) тікелей телефон немесе радио байланысы болуы қажет.

 I және II категориядағы барлық жол өтпелері электірмен жабдықталуы керек, сондай-ақ, III және IV категория жол өтпелері де. Телімдерде орналасқан тура бағыттағы желілерді электірмен қамтамасыз ету, автоблокировкамен немесе жақында орналасқан тұрақты электр тоғымен қамтамасыз етіледі.  Жол өтпелеріне қажетті жағдайларда прожектор құрылғыларын орнатады.

Сигнал шамдары  шлагбаумдарда түнде жағылады, сондай-ақ, күндіз де анық көрінбеген жағдайда қосылады (тұман, боран және т.б.).

Қалыпты жағдайда автоматты шлагбаумдар жол өтпелерінде ашық болады, ал автоматты еместері  – жабық болады. Басқа жағдайларда жол өтпелеріндегі көлік құрылғыларының жүрісі жиі болғанда, қалыпты жағдайдағы автоматты емес шлагбаумдарды жол бөлімшелерінің бастықтары ашық қалдыруға рұқсат береді.

Жол өтпелерінің типтік жер төсемі мен кірме жолдары болуы керек, бағаналар мен сүйеніштен қоршалады. Жол өтпелеріне жақындағанда ескерту белгілері тұрады: пойыздар келетін жақтан – «С» ысқыру сигнальнал белгісін береді, автомобиль жолдары жағынан, көрсетілген нұсқалар бойынша береді. Кезекші жұмыскерлер тұрмайтын жол өтпелерінің алдынан, пойыздардың келетін жағынан анық көрінбеген жағдайда қосымша «С» сигнал белгісі бекітіледі. 

Просмотр содержимого документа
«Темір жолдың қиылысу құрылымдарының тәртібі»

18 САБАҚ ЖОСПАРЫ

БЕКIТЕМIН:

Директордың ОӨЖ орынбасары

УТВЕРЖДАЮ:

Зам. директора по УПР

----------------/А.Г.Молдиярова/

Топ ОПУД-333

Күні .

Пән: Техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі

Сабақтың тақырыбы: Темір жолдың қиылысу құрылымдарының тәртібі

Сабақтың

мақсаты

Білімділік: Темір жолдың қиылысу құрылымдарының тәртібі тақырыбы бойынша студенттерге ақпаратты толық жеткізу және дұрыс түсінуін қадағалау.

Тәрбиелік: Жауапкершілік, жұмыс жасау қабілетін дамыту, өз мамандығына қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Есте сақтау, тыңдау қабілетін, логикалық, абстрактылы сана-сезімін дамыту, тез қабылдай отырып, қорытынды жасауға дағдыландыру.


Сабақтың типі: Оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ

Сабақтың түрі: Тәжірибелік


Пән аралық байланыс

Пойыздар қозғалысының арақашықтығын реттеудің жүйесі «Сигналдарды жіктеу», « Бағдаршамның құрылысы».

Сабақтың жабдықтары

Көрнекіліктер:

Үлестірме материалдар: жеке карточкалар

Оқытудың техникалық құралдары: калькулятор


Негізгі әдебиет: Бекжанов З.С. «Теміржолтану негіздері»,

Алматы 2006 ж.Бекжанов З.С. «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және поездар жүрісін басқару», Астана 2005 ж.

Қосымша әдебиет: Техникалык пайдалану ережесі, Астана 2011 ж.






Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жумыстың түрлері

Уақыт мөлшері

1.



2












3











4









5

Ұйымдастыру сәті



Үй жұмысын тексеру

Темір жол өтпелері қалай болып бөлінеді?

Өтпелік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталмаған немесе кезекші қызметкер қызмет көрсетпейтін темір жол өтпелері қандайға жатады?

Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде қанша м болуы тиіс

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырыбы: Темір жолдың қиылысу құрылымдарының тәртібі

  1. Жәй бұрмалы бағыттама сызбасы

  2. Айқаспалы бағыттаманың сызбасы

  3. Симметриялы бұрмалы бағыттаманың сызбасы

Қорытынды

Жаңа тақырыпты бекіту

Доғал айқастырма дегеніміз не?

Жылжымалы өзекшелі айқастырма?

Бұрмалы бағыттаманың геометриялық бөліктері?

Екі жол осьтерінің қиылысу нүктесі?

Бағыттаманың толық ұзындығы?

Бағалау ,үй тапсырмасы

Темір жолдың қиылысу құрылымдарының тәртібі

Сәлемдесу,танысу,студенттерді түгендеу, сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

Ауызша сұрақтар қою.












Сабақ түсіндіру,











Бекіту сұрақтарын қою









Техникалык пайдалану ережесі, Астана 2011 ж.Пункт 3.4, бет 84-90

5 мин



15 мин












50 мин











15 мин









5 мин


Фазылов Е.А. .