Просмотр содержимого документа
«Тиімді басшылық»
Тиімді басшының басқару стиліне мінездеме
Білімді менеджмент – бұл жетістіктің формуласы. Қазіргі кезде ағарту жүйесін басқарудың (педагогикалық менеджменттің) ғылыми негіздерін қалау, оны басқарудың стильдері мен әдістерін жетілдіру жолдарын үлкен назармен зерттеу ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі заман басшысы – ол: стереотиптерді еңсере алып, мектеп алдында тұрған міндеттерді шешудің дәстүрден тыс жолдарын табуға, инновациялық басқару технологияларын құрып, пайдалануға қабілетті шығармашыл тұлға; • қолда бар әлеуметтік жағдайлар мен қорлары ескере отырып, өз ұйымының даму болашағын бірнеше жыл алдын көре алатын стратег; • мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді әзірлеуші, қызметкерлер арасында жаңа құндылықтарды насихаттаушы, есіл дерті идеяға берілген, оны іске асыруда белгілі бір қиындықтарды жеңуге дайын болатын ұйымдастырушылық өзгерістерді тасымалдаушы, • өзін үнемі бақылап, өзінің кәсіби және жеке қасиеттерімен жұмыс жасайтын тұлға.
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль - ой дүниесі » десе, Бьюфурон «стиль - адамның өзі» деп тұжырымдайды.
- Алғаш рет басқару стилі ұғымын К.Левин қарастырды, ол басқарудағы авторитарлық, демократиялық, және анархиялық стилдерді көрсетті .
- Авторитарлық стиль - басқару бір адамның қолында болады, барлық шешімдер мен іс әрекеттер туралы тек соған ғана баяндалып отырады. Бұл басқару стилінде адамдармен қарым қатынаста белгілі бір шектеулер қойылған. Мұндай менеджер шешімді жеке өзі қабылдайды және қызметкерлермен қатал және әрқашанда бұйрық береді, бірақ ешқашанда өтініш білдірмейді .
Левин К.
- Автократ үшін догматизм және стереотипті ойлау тән. Барлық жаңа нәрсені аса байыптылықпен қабылдайды немесе мүлде қабылдамайды. Өйткені басқаруда ол байырғы әдістерді ғана қолданады. Барлық билік тек автократтың қолында ғана болады. Бұл қысымды жағдайды туғызады, сол себепті қызметкерлер мұндай менеджермен тығыз байланысқа түсуден қашады.
- Басшы автократқа өз қабілеті қызметкерлерінің қабілетінен төмен болған жағдайда немесе қызметкерлердің профессионалды қабілеттері басшыдан анағұрлым төмен болған жағдайда айналады. Бұл стиль жұмысқа деген құлшынысты тудырмайды, керісінше жұмыс тиімділігі мен деңгейін төмендетеді. Автократтың қол астында жұмыс істеу жағымсыз. Келіспеушілік жағдайларында ол үнемі «Біз бірге жұмыс істей алмаймыз» деген сөйлемді айтады. Мұндай жағдайларда, әрине, өз жұмысымен қанағаттандырылу деңгейі төмендейді, себебі автократқа бағынышт ылар өз еңбегі бағаланбады деген пікірге келеді.
- Демократиялық басқару стилін қолданушы менеджер-шешімдерді неғұрлым ұжымдық түрде қабылдауға тырысады, қызметкерлерді ұжымдағы жағдай туралы толық хабардар етуге тырысады және сынған дұрыс жауап береді. Қызметкерлермен әрдайым сыпайы сөйлеседі, олармен үнемі қарым қатынаста болады, адамдарға сене біледі. Ол талап етеді, бірақ әрдайым әділетті.
- Демократиялық менеджер іскерлік жиналыс кезінде ұжымның арасында отырады. Бұл проблемаларды шешуде адамдарға еркін жағдайды қамтамасыз етеді. Осылайша авторитарлық және демократиялық басқару арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Либералдық басқару стилінде басшы ұжым жұмысына мүлдем араласпайды, қызметкерлерге жеке және ұжымдық толық еркіндік беріледі. Мұндай басшы қызметкерлермен сыпайы, алдын ала жоспарланған жиналысты кейінге қалдыруға дайын, егер ол оның имиджіне нұқсан келтіретін болса.
Басқарудың демократиялық стилі - басқарушылық биліктің бөлінуі мен жұмысшылардың басқару ісіне қатысумен сипатталады. Яғни жауапкершілік жинақталмай таратылады
Көрсеткіштер
Демократиялық стиль
Шешім қабылдау әдістері
Топпен
Персоналға әсер ету
Ұсыныс
Жауапкершілік
Үстемдік етуге байланысты
Орындаушылардың бастамалары
Мараптталады, қолданылады
Қажетті жұмыскерлер
Білікті
Басшылық қол астындағылармен байланыс орнатуы
Тығыз байланыс орнатылған
Тәртіпке қойылатын талап
Ақылмен
Ынталандыру әдістері
Экономикалық
Қарым - қатынас
Ерікті
Жұмысқа ынтасы
Жоғары
Еңбек үдерісінің ерекшелігі
Жоғары сапалы
- Либералды басқаруда қызметкерлердің жұмысына әсер ету көндірулер мен өтініштер арқылы жүзеге асады.Басқарушуылық тапсырмаларды орындауда ол белсенді емес, «ағыс бойынша жүзеді». Либерал менеджер конфликттерден қорқады, көбінесе қызметкерлердің пікірімен келіседі. Қызметіндегі шектен тыс жұмсақтығы оның жұмысына кері әсерін тигізеді, қызметкерлер бұл жағдайды пайдаланып, одан кейбір нәрселерге көз жұмуын сұрайды,ал ол қызметкерлермен қарым қатынасын бұзып алмас үшін әрдайым көнеді. Либералды басқарушы өзінің іскерлік қабілетін көрсетпейді, қызметкерлердің қызметін ұйымдастыруда дәрменсіз .
Неміс зерттеушілері жұмыс нәтижесі мен басқару стилі арасында байланыс бар екендігін анықтады. Әртүрлі стильдердің тиімділігі үш жыл бойы зерттелді. Ең жоғарғы нәтиже ұжымдық шешім қабылдаушы, яғни демократтар стилі, ал ең төменгі нәтиже либерализм мен демократтар. Жұмыс өнімділігі, психологиялық климат және кадрлар мен пайда шығыны зерттелді. Айта кететін жайт, әрбір стильдің таза күйі өте сирек кездеседі. Басқарудың маңызы әрбір стильдің пайдалы жағын қолдану және жағдайға байланысты икемдеу болып табылады.