СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тік белдемшені өлшеп шақтауға дайындау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тема номер №1 с технологической картой. И последовательность описания опираций пошива юбки.

Просмотр содержимого документа
«Тік белдемшені өлшеп шақтауға дайындау»

Кужакова Тойдык Куанышевна

Өңдірістік оқыту шебері

Орал «Сервис» технологиялық колледжі

1 сабақтың жоспары


Бағдарлама тақырыбы: Тік белдемшені өңдеу.


Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшені өлшеп шақтауға дайындау.


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік : оқушылардың тік белдемшенің пішім бөлшектері туралы білімдерін қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың құрал-сайман, аспаптарды, жабдықтарды пайдалана білу дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: тік белдемшені өңдеуде ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


қ/с

Сабақ кезендерінің атауы

Уақыт мин.

Іс-әрекет пен мазмұнын сипаттау

Оқыту әдісі

Сабақтың жабдықталуы

I.

Ұйымдастыру бөлімі.

5 мин.

Қатысушылардың сабаққа қатысын тексеру. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.

Кезекшінің баяндамасы.


II.

Кіріспе нұсқау.

55 мин.

Сабақтың тақырыбы:Тік белдемшені өлшеп шақтауға дайындау.

Мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Тік белдемшенің пішім бөлшектері. Бөлшектердің сызықтары мен қиықтарының атаулары. Бірінші өлшеп шақтауға дайындау. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әңгіме, түсіндіру, үлгілер көрсету, көрнекілік, оқу құралдары.



Пішім бөлшектері,

үлгілер, дайын бұйымдар.

III.

Оқушылардың жаттығуы және ағымдық нұсқаулар.

3 сағ.

50 мин.

Оқушылардың тік белдемшені бірінші өлшеп шақтауға дайындау бойынша өздік жұмысы.

Репродук-

тивтік әдіс.

Тік белдемшенің пішім бөлшектері.

IV.

Қорытынды нұсқау.

30 мин.

Сабақ қорытындысын шығару.

Орындалған тапсырмаларды бағалау және талдау.

Үй тапсырмасы.

Көрнекілік.

Ауызша.

Тік белдемшенің пішім бөлшектері.


Белдемшенің пішім бөлшектері

  1. алдыңғы бой - 1 бөлшек.

  2. артқы бой – 2 бөлшек.

  3. белдік – 1-2 бөлшек.





















Алдыңғы бой қиықтары

1-

бел қиығы

2-

бүйір қиығы

3-

етек қиығы сызықтары

4-

алдыңғы бойдың орта сызығы

5-

мықын сызығы

6-

бүкпе орны

7-

қайыру сызығы



;

1







2

















Артқы бой қиықтары

1-

бел қиығы

2-

бүйір қиығы

3-

етек қиығы

4-

артқы бойдың орта қиығы

5-

мықын сызығы

6-

бүкпе орны

7-

қайыру сызығы

1



5

4

7

3

2

6











Тік белдемшені өлшеп шақтауға дайындау.


Тік белдемшені өлшеп шақтамас бұрын бірнеше ретті қадамдар жасаған дұрыс:

  1. Пішім бөлшектерінің түгел болуын тексеріп, бөлшектердің өң бетін белгілейміз.

  2. Бір бөлшектен екінші бөлшекке барлық бор сызықтарын түсіреміз.

  3. Белдемшенің алдыңғы бөлігінің ортасы, бөксе сызығы, қалта және т.б. бойымен бақылау жібін жүргіземіз.

  4. Белдемшенің алдыңғы бөлігіндегі бел бүкпелерін көктейміз.

  5. Белдемшенің артқы бөлігіндегі орта қиықты түймелікке берілетін қосымшаға дейін көктейміз.

  6. Белдемшенің артқы бөлігіндегі бел бүкпелерін көктейміз.

  7. Белдемшенің бүйір қиықтарын көктейміз.

  8. Белдемшенің етегін қайтарып көктейміз.

  9. Бел қиығы бойымен корсаждық таспа немесе ызба дайындап, қосып көктейміз.

  10. Белдемшені бастыра өтектейміз (1 сурет)


1-сурет.


Тік белдемшені бойға шақтап өлшеп көру. Киім пішуші бұйымды тапсырыс иесіне кигізеді, іштартқыш бауды бел сызығы бойынша түйреуішпен шаншиды да, бұйымның тепе-теңдігін тексереді. Киім пішуші тепе-теңдікті анықтау үшін (егер ол бұзылса) бүйір тігісін қайтадан түзете түйрейді, бұл үшін белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктерін төменді-жоғарылы қажетті шамада жылжытып, түйреуіштерді қайта шаншып бекітеді. Бұдан әрі қарай бұйымның бел маңын, мықынын, етек кеңдігін тексеріп көреді, бүкпелердің ұзындықтарын, ендерін шамалап анықтап алады, содан кейін жоғарғы жиекті тексеріп шығады да, бұйымның ұзындығын анықтайды.



Тік белдемшені пішімінің бөлшектерін дәлдеу.

Тапсырушының денебітіміне бұйымды дәлдеген соң барлық сызықтар бойымен тігеміз. Егер өлшеп шақтау кезінде бұйым біраз өзгеріске ұшыраса, көктеу тігістерін алып, барлық тігістеріне, қатпарларына, бүкпелеріне қажет қосымша қалдырып, тігіс түсіреміз.


Тапсырма-1

Тік белдемшені өлшеп шақтауға дайындау үдерісін ретімен дұрыстап қой

Бөлшектердің өң бетін белгілейді.


Бір бөлшектен екінші бөлшекке барлық бор сызықтарын

көшіреді.


Белдемшенің негізгі бөлшектеріне бақылау жібін жүргізеді.



Белдемшенің алдыңғы бөлігіндегі бел бүкпелерін көктейді.



Белдемшенің бүйір қиықтарын көктейді.



Белдемшенің артқы бөлігіндегі орта қиықты түймелікке берілетін қосымшаға дейін көктейді.



Белдемшенің артқы бөлігіндегі бел бүкпелерін көктейді.



Белдемшенің етегін қайырып көктейді.


Пішім бөлшектерінің санын тексереді.


Бел қиығы бойымен корсаждық таспаны қосып көктейді.



Белдемшені бастыра өтектейді




Тапсырма-2


Операция атауы

иә

жоқ

Алдыңғы және артқы бөліктерін көктеу тігісінің ені: 0,9см



Артқы бөліктің орта тігісін екі рет тігу, тігіс ені: 2см



Көктеу тігістері мақта жіппен орындалады.



Бүкпені ұшынан бастап көктейді.



Бордың қалыңдығы 3мм болуы керек.



Етекті қайыру әдібі 6см



Бүйір тігісінің енін артқы бөлікке жатқыза өтектейді.



Тапсырма-3




  1. Қол тігістеріне қандай талаптар қойылады?

  2. Тігіс деп нені айтады?

  3. Инешаншым дегеніміз не?

  4. Тігіс ені деп нені айтады?

  5. Тігім дегеніміз не?

  6. Тіке инешаншымдарды қай жерде қолданады?

  7. Ілмек тігістерді қай жерде қолданады?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!