СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тіл дамыту сабағы " Ормандағы жабайы жануарлар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл дамыту сабағы. Ормандағы жабайы жануарлар

Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту сабағы " Ормандағы жабайы жануарлар"»



Ашық сабақ: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: « Ормандағы жабайы жануарлар »

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Балалардың жабайы жануарлар туралы түсініктерін бекіту.

ә) Коррекциялығы: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға үйрету. Тыныспен жұмыс жасау.

б) Тәрбиелігі: Балаларды жабайы жануарларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың әдісі: Қызығушылықты ояту, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.


Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Армысың досым

Кел маған қосыл

Алақанға салып алақан

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып

Әлемге жарық ұқсайық

Қолымызды көтеріп

Күннің нұрын алайық

Ортамызда күн нұры

Құшаққа оны салайық

Енді бәрін достарымызға сыйлайық


II. Жаңа сабақ

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жәй сабақ емес ерекше сабақ болмақ.

  • Балалар тыңдаршы бұл ненің дыбысы?

  • Желдің дыбысы қайдан шығып жатыр, қане, есік жаққа қарайық мүмкін сол жақтан шығып жатқан болар. Балалар желмен ұшып бізге шар келді. Шар әдемі екен. Бұл шар жай шар емес, хат бар екен. Хатты ашып, оқып көреміз бе? Хат. Сәлеметсіңдер ме балалар. Біз орманның тұрғындарымыз. Біз сендерді орманға саяхатқа шақырамыз.

  • Балалар орманға саяхатқа барамыз ба?

  • Орманның тұрғындары кімдер екен соны білейік?

Орманға саяхатқа бармас бұрын алдымен тілімізге артикуляциялық жаттығу жасап алайық.





Артикуляциялық жаттығу

Бұрынғы өткен заманда ата мен әже өмір сүріпті. Ата мен әженің ауылына томпақ немересі қонаққа келеді. (екі ұртына ауа үрлеу). Ата мен аже күнде немерелерін құшақтап, бетін сүйеді. ( еріндерін дөңгелету). Таңертең ұйқыдан тұрғанда тістерін тазалайды. Пештің үстінде самаурында шай қайнап тұр. Әже тәтті тоқаш пісіріп дастарханға әкеліп қойды. Тоқашты жей бастады, тоқаш өте дәмді екен.

Ал енді орманға саяхатымызға шығайық

  • Міне орманға да келіп жеттік.

  • Балалар орманның ауасы қандай тамаша. Таза ауа мен дем алайық (мұрын арқылы ауаны жұтып, ауыз арқылы сыртқа шығару)

  • Аспаннан не жауып жатыр? Қарды үрлеп ұшырайық.

  • Балалар   сендер орманнан не көріп тұрсыңдар?

  • Балалар орманда біреу жүрген сияқты?

  • Қараңдаршы айналаның барлығында қар жатыр. Қардың үстінде іздер бар екен.

  • Балалар қараңдаршы мынау ненің іздері?

  • Қандай аңның ізі екен. Қоянның ізі.

  • Қоян қандай жануар? Ол өте қорқақ жануар екен.

  • Мынау қандай аңның ізі?

  • Түлкі- қу, айлакер аң екен.

  • Ормандағы саяхатымызды жалғастырайық

  • Мынау кімнің үйі екен?

  • Бұл үйде орманшы тұрады. Терезесінің алдына хат жазып кеткен екен. Мынау қапшықты сендерге тастап кеткен екен, өзімізбен бірге ала жүрейік мүмкін керек болып қалар.

  • Мына жердегі апан кімді екен? Мүмкін аюдың апаны болар. Аю – қыс мезгілінде ұйықтайды. Қыс мезгілінде аюды көре алмаймыз.

  • Шыршаның түбіндегі қандай жануардың ізі екен?

  • Мынау жолдағы қасқырдың ізі.

  • Қасқыр- жабайы жануар.

  • Қасқыр, қоян, түлкі, аю- жабайы жануарлар.

  • Балалар орманда кімдер мекендейді екен?

  • Жануарлардың дыбыстарына еліктеу.


ІІІ. Сергіту сәті: ( Іс-қимылмен көрсету)

Таңертең қояндар ұйқыдан тұрды

Қуанып орманда ойнады

Соқпақ-соқпақ жолдармен

Секіріп –секіріп жүгірді

«Кім бар мұнда» деп дауыстап


Түлкі орманға беттеді

Мұны естіген қояндар

Алға қарай секірді

Қарны ашқан қу түлкі

Көңілсіз жан-жағына қарады


ІҮ. Бекіту. Дидактикалық ойын « Жануарларды орналастыр»

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың түрлерін сипаттап айтуға үйрету.


Жеке баламен жұмыс:

  • Сен жабайы жануарлардың ішінен қоянды сипаттап айтып бер,

  • Сен жабайы жануарлардың ішінен қасқырды сипаттап айтып бер,

  • Сен жабайы жануарлардың ішінен түлкіні сипаттап айтып бер,

  • Сен жабайы жануарлардың ішінен аюды сипаттап айтып бер.



Ү. Бағалау

Балаларды жеке- жеке мадақтау


ҮІ. Қорытынды.

  • Балалар біз бүгін қайда саяхатқа бардық?

  • Орманда қандай аңдар өмір сүреді екен?

  • Оларды қандай жануарлар деп атаймыз?






















Облыстық балалар оңалту орталығы










Ашық сабақ: Тіл дамыту


Тақырыбы:

«Ормандағы жабайы жануарлар»





Логопед: Тоқтасынова Құралай










Қызылорда, 2018