Тіл – таусылмайтын байлық.
Тіл – таусылмайтын байлық. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз жай ғана айтылмаған, біздің міндетіміз өзіміздің тілді, яғни мемлекеттік тілімізді құрметтеп, оны жетік меңгеруіміз қажет. Мен қазақ тілін мақтан тұтам. Қазақ тілін құрметтеймін, бағалаймын, бастысы қазақ тілімен мақтанамын. Қазақ еліміз тәуелсіздік алып, қазақ тілін ары қарай дамытып келе жатыр. Бұл өмірде қандай ел болсын, қандай тіл болсын,қандай ұлт болсын, біз тату болуымыз керек. Біз қазақ, орыс, өзбек, татар, қырғыз деп бөлінбейік, бірлікпен тату өмір болсын дейік. Ең бастысы әркім өз тілін, дінің құрметтеп, аялап, қастерлейтін болсын. Қазақ тілі өте бай, барлық әлемге танылған деп білемің. Мен әлемдегі ең бай, ең қасиетті тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.
Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу келешекте боланын өмірге деген көзқарасын өзгертеді,отанын ,тілің сүйюге үйретеді.Қазақ тілі – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Қазақ тілі халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Қазақ тілі – алтын қазына, қазақ тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.Демек әр адам қазақ тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Елбасымыз айтқандай: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз өз тұғырына берік орнауы тиіс».
Тіл дегеніміз – ұлттың жаны, ұлт пен ұлыстың алтын қазығы. Халықтың тіл қазынасын байыту, тілді қоғамдық өмір тіршілігінің нақты құралы ету, оны жетілдіріп, дамытып, заман талабына сай көріктендіріп, ұстарта білу – нағыз өнер екені белгілі.
Пәннің негізгі мақсаты балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – балдырғандардың сөздік қорларын молайту. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білкге, әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйретеміз.
Балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз. Оқыту процесінде осындай негіздерге сүйене отырып, ойдағыдай нәтижеге жетеміз. Қазақ тілі бөлмесінде әр түрлі әдістемелік құралдар, кітаптар, үнтаспалар, бейнетаспалар бар, яғни керекті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Балалардың тіл байлығын дамыту үшін сабақтан тыс «Тілашар», «Сөз мәнері» деген үйірмелер өткізіледі. Жоспар бойынша мерекелік іс – шараларға өлеңдер, әндер жаттап, түрлі ойындар үйренеді. Бірақ, соның ішінде бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін – бұл ертегілер әлемі. Ертегілер балаларды білгір, батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болуына ықпал етеді. Ертегілер немесе шағын көріністер бойынша қойылым көрсету үшін алдымен жүйелі түрде дайындық жұмыстарын түсіндіреміз. Содан кейін балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін таңдап алады. Сонда ғана әр балаға олардың сөздерін қайталатып, жатқа үйретеміз. Ал, ертегіні сахналаған кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез – құлқын, іс – әрекетін көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады.
Ата – бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.
Павлодар қаласы.
№54 балабақшасы.
Қазақ тілі мұғалімі: Масалимова Алия Шаймуратовна .