СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

« Тіл т?тасты?ы- ел т?тасты?ы »

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Ма?саты: Тіл тазалы?ын са?тау, м?дениетті с?йлеу, шешендік ?нерді балалардын бойына сі?іре отыра, ана тіліне с?йіспеншілігін ?алыптастыру, мемлекеттік тіл м?ртебесін к?теруге атсалысу?а ша?ыру. 

   К?рнекіліктері: Та?ырып жазыл?ан плакат, шарлар, ?р т?рлі суреттер.        

« Тілден арты? ?азына жо?, тілден арты? ?асиет жо?» деп елбасымыз Н.? Назарбаев айт?андай ?азынамызды ?адірлеп, ?асиетімізді арттырып тілге арнал?ан мерекемізді бастайы?.

Ту?ан жері- т?п ?азы?ы, айбыны,

Ту?ан тілі- сатылмайтын байлы?ы.

Ту?ан д?ст?р-салт- санасы, тірегі.

?адамына шуа? шашар ?немі. – демекші « Ана тілі» жайлы ?ле?імізді айтайы?.

Просмотр содержимого документа
«« Тіл т?тасты?ы- ел т?тасты?ы »»

Тақырыбы: « Тіл тұтастығы- ел тұтастығы »

Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді балалардын бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат, шарлар, әр түрлі суреттер.

« Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деп елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай қазынамызды қадірлеп, қасиетімізді арттырып тілге арналған мерекемізді бастайық.

Туған жері- түп қазығы, айбыны,

Туған тілі- сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр-салт- санасы, тірегі.

Қадамына шуақ шашар үнемі. – демекші « Ана тілі» жайлы өлеңімізді айтайық.

Азиза: Кең далада жүремін,

Бауырында ойнап күлемін.

Мен жерімді сүйемін,

Ол үшін отқа түсемін.

Қарлығаш: Сүйесің өз тіліңді

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақта тіліңді

Ернияз: Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Нұрхан: Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Нурислам: Қазақ тілім туын биік ұстаған

Қазақ тілім кең далама ұқсаған

Қазақ тілім мәртебелі еңселі

Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.

Арлан: Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.

Ерасыл: Жанымнан қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам.

Амир: Ана тілім - тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.

Аслан: Ана тілім –елдігім

Ана тілім - ерлігім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін.

Дильназ: Туған тілім айбыным,

Тіл көрмесін қайғы- мұң.

Тілім жерге қараса,

Керегі жоқ айбыны.

Карина: Ана тілім елдігім,

Ана тілім- ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.


Балалар Ең тәтті не?

Ең ащы не?

Ең жұмсақ не?

Ең қатты не?

Балалар: Ең тәтті де- тіл

Ең ащы да- тіл

Ең жұмсақ та- тіл

Ең қатты да- тіл.

- Ой, бәрекелді. Тағы алдауыш сұрақтарым бар.

Тауық жерде жүреді,

Балық (суда жүзеді).

Күн күндіз шығады,

Ай ( түнде шығады)

Жазда су ағады,

Қыста ( мұз қатады).

Жылқы төлі құлыншақ,

Ешкі төлі( лақ).

- Ал балалар кім сұрақтарға дұрыс жауап береді:

1.Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

2. Президентіміз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

3. Неше жыл мезгілі бар? (Жыл мезгілі бар)

4. Төрт түлікті ата (Түйе, жылқы, сиыр, қой)

5.Біздің Елордамыз қалай аталады? (Астана)

6. Біз Қазақстанның қай жерінде тұрамыз? (Бидайық ауылында)

7.Қандай жыл мезгілдері бар? (Көктем, жаз, күз, қыс)

8.Отбасыға кімдер жатады? (Әке-шеше, аға, апа, іні, қарындас, сіңілі)

Қазақ тілі өмірінде, өленде,

Қазақ тілі тамыр жайған тереңге.

Қазақ тілін болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге.- деп бүгінгі ашық сабағымызды тренингпен аяқтаймыз.