СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тіл - ұлт қазынасы" жарыс сабағы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тіл - ұлт қазынасы" жарыс сабағының өтілу жоспары

Просмотр содержимого документа
«"Тіл - ұлт қазынасы" жарыс сабағы»

"ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ "МИРАС" ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ

1-филиалы







Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай

«Тіл – халық қазынасы» атты

ТАНЫМДЫҚ САҒАТ

Өтілу сценарийі























Маженов Бакыт Аляскарович



Тақырыбы: «Тіл – халық қазынасы»

Мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту; қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

Жетекшінің сөзі: Армысыздар құрметті қатысушылар! Бүгінгі «Тіл – халық қазынасы» атты танымдық сабағына қош келдіңіздер.

 І айналым: «Бәйге». Тұлпар тобына:

1. Бір жылда неше ай бар? (12)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3. ҚР - ның валютасы? ( теңге)
4. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
5. Жақын сөзінің антонимі (алыс)
6. Жалғаудың неше түрі бар? (4)
7. Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

8. Мұғалім сөзінің синонимдері.(оқытушы. ұстаз).
9. Туымыздың көгілдір түсі нені білдіреді? (ашық аспан)
10. Абай Құнанбаев кім? (ақын)

Сұңқар тобына:

1. Бір жылда неше мезгіл бар, атап шығындар? (4, қыс, көктем, жаз, күз.)
2. Фонетика нені зерттейді? (дыбыстарды)
3. Қазақ әліпбиінде неше төл дыбыстары бар? (9)
4. Жалғаулардың түрлерін ата (көптік, жіктік, септік, тәуелдік)
5. Жалқау сөзінің антонимі (еңбекқор)
6. Қорқыт атаның музыкалық аспабы? (қобыз)
7. Оқушы сөзінің синонимі (шәкірт)
8. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

9. Республиканың мемлекет басшысы. (Президент)

10. Қазақтың тұңғыш педагогі (Ыбырай Алтынсарин)


ІІ айналым: Сөз ойла, тез ойла.  (әр топқа әріптерден бір минуттың ішінде сөздерді құру).

Қазақстан

(Астана, қазақ, аз, ақ, ас, зат, қаз, қазан, қан, нас, сан, сақ, тас )

ІІІ айналым: «Алты жұмбақ». 

1. Бір ұяда жеті жұмыртқа. (апта, неделя)

2. Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа. (піл, слон)

3. Адамға серік, күзетке берік. (ит, собака)

4. Үй iшiн аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. (тышқан, мышь)

5. Еш тесiкке тұрмайды,
   Ол жоқта жер құрғайды. (су, вода)

6. Бір жабылып-ашылып, тұрады ылғи асығып. (есік, дверь).


ІV айналым: «Жекпе-жек». (әр топтан бір оқушы шығады, берілген тақырыптарға жауап береді.)

Тәуелсіз Қазақстан

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қашан қабылданды? (1991 ж. 16 желтоқсан)

“Тәуелсіздік” сөзіне мағыналас сөздер қатарын көрсетіңіз? (бостандық,

егемендік)

Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (б) Тоқтар Әубәкіров)


Рәміздер

ҚР-сының Мемлекеттік Рәміздері? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

ҚР-сы Мемлекеттік Әнұранының әнін жазған кім? (Ш. Қалдаяқов)

ҚР-сының Мемлекеттік Туы қашан бекітілді? (1992 ж. маусымда)





Жетекші сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі танымдық сағаты өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін.