1. Ата-аналардың және баланың спортқа деген қызығышылуғын арттыру, эстафеталық ойын түрлерімен таныстыра отырып, оны ойнау тәсілдерін үйрету. 2. Балалардың ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін қимыл – күш қабілеттерін дамыту. 3. Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға, татулыққа, ұйымшылдыққа, бірін – бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«"Толағай" отбасылық сайыс»
Мерзімі: Дене шынықтыру нұсқаушысы: Аюпов Е.Г. Білім саласы: Денсаулық Тақырыбы: Толағай Бөлімі: Дене шынықтыру. Мақсаты: 1. Ата-аналардың және баланың спортқа деген қызығышылуғын арттыру, эстафеталық ойын түрлерімен таныстыра отырып, оны ойнау тәсілдерін үйрету. 2. Балалардың ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін қимыл – күш қабілеттерін дамыту. 3. Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға, татулыққа, ұйымшылдыққа, бірін – бірі сыйлай білуге тәрбиелеу. Өтетін орны: Сырт алаңы. Қажетті құралдар:Доп, хоккей таяқшасы, шана, шаңғы, қапшық, секіргіш, құрсау.
Жүргізуші: -Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Әкем, шешем және мен спортшымыз шетінен» эстафеталық ойынға атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер! Бұл ойын қысқы эстафеталық жарыс. Шынықсан шымыр боласын. Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл. Чемпион болу оңай ма? Арман болған талайға. Болмасаң да ұқсап бақ. Жарысқа түсіп қалай да.
Әр таңды бақытпен атырамыз. Өнерді ой көгінде бақылаңыз. Сайысқа қатысуға , енді ортаға. Спортшы жан ұяларды шақырамыз. 1. Ақшатыр тобы. (таныстыру)Ата – ананың және баланың тегі, аты-жөні. 2. Ақжайық тобы. 3. Ақ періштер тобы. 4. Ақсұлтан тобы. 5. Ақ сұңқар тобы. Жарыс қатынасушаларды ортаға шақырайық. Жарысқа қатынасушы топ мүшелері «Қаражорға» биімен дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріндер. Әділ қазы алқасы, Әділ баға беріңдер!- дей отырып сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 1. 2. 3. Спорттық жарысымыз 5 балдық жүйесімен бағаланады. «Қазақстанның Республикасының Гимні» орындалады.
Сайыстың бағдарламасы
1. Таныстыру (Топтың аты, ұраны, эмблемасы, спорттық киімі)
2. Эстафета «Тату отбасы» Ойын шартты:Бірінші папасы белгіленген нысананы айналып өтіп, мамасын колынан ұстап айналады , содан соң баласымен қол үзбей жүгіріп айналып шығу керек
3. Эстафета «Шана жарысы» Ойын шартты: Папасы шанамен анасын сүйретіп, белгіленген нысанаға дейін апарып папасы сол жерде қалады.Анасы шанамен артқа қайтады.Баласын шанаға отырғызып белгіленген нысынаға дейін апарып, әкесімен бірге қайтады.
4. Эстафета«Жанұялық биатлон» Ойын шартты: Папасы шанаға отырып, екі аяқпен итеріліп белгіленген нысаға жетіп. Матыға жатып бір доппен кеглдерге атады. Содан соң анасы қайталайды, бірақ матыда бір тіземен отырып атады. Баласы шангымен теуіп нысанаға дейін жетіп тұрып атады.
5.Эстафета «Жанұялық триатлон» Ойын шартты: Папасы гимнастикалық таяқты тізенің артына қысып белгіленген нысанаға жетіп, қайта жүгіріп келеді. Анасы құрсау арқылы екі аяқпен құрсақта басып нысанаға дейін жетіп, қайта жүгіріп келеді. Баласы жүгіріп айналып келеді. 6. Эстафета. «Хокейші» Ойын шартты: Әр командаға хоккейдің таяқшасы беріледі, таяқшамен шайбаны нысанаға дейін соғып апарады да артқа жүгіріп келеді.
Жүргізуші: 6- шешуші ойынды қорытындылап, Марапаттау кезегін бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқаларына береміз. «Барлығы да жеңіске жетті- ешкім жеңілген жоқ » деген ұранмен сайысымызды аяқтаймыз қош сау болыңыздар.
Келісілді: Бекітілді: Әдіскер: №47 «Байтерек» МҚҚК Куангалиева Р С директоры
Тлеккабулова Г Г
Білім саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Толағай
Z2957643701847