СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Топпен танысу" технологиялық карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Коммуникация білім беру саласы Сөйлеуді дамыту оқу қызметі "Топпен танысу" тақырыбы бойында тех карта

Просмотр содержимого документа
«"Топпен танысу" технологиялық карта»

«Жұлдыз» ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 07.09.2016ж.

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Топпен танысу» (саяхат).

Мақсаты: Балаларды балабақша өмірімен, топ бөлмесімен таныс­тыру, ондағы жиһаз атауларын атауға, олардың қызметін сипаттап беруге үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп, диалогтік сөйлеуге дағдыландыру.Топтағы жиһаздарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: №1 демонстрациялық материал, №1 үлестірмелі материалдар жинағы.

Сөздік жұмыс: топ,бөлме,кереует.

Қостілділік компонент: топ-группа, бөлме-комната, кереует-крават.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.

Білер қазақ баласы,

Сәлем – сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесіп, жылы тілектерін айтады.







Ұйымдастырушылық –

ізденістік

– Балалар, сендер бүгін таңертең тұрып қайда келдіңдер?

– Сендерге балабақшада ұнай ма?

Балабақша өмірімен таныстырады.

Тәрбиеші өзін таныстырады.

– Балалар, мынау біздің тобымыздың бөлмесі. Бөлмеміз жарық, әрі кең. Топта сендерге арналған көп ойыншықтар бар. Балалар, кәне, «бөлме», «топ» сөздерін қайталайықшы.

Топ-группа, бөлме-комната.

Балаларға демонстрациялық қөрнекілікті көрсете отырып балабақшамен таныстыру.

– Мынау не?

– Оған не саламыз? т.б. сипаттарын атау, түсін, көлемін айту.

-Мынау не?

– Оған не саламыз?

– Қандай ойыншық көріп тұрсыңдар?

– Мынау не? (Кереует – жататын төсек).

– Онда не істейміз? (Ұйықтаймыз, т.б.)

Кәне, балалар, кереует сөзін қайталайық.Кереует-крават.

-Мынау не? (Қол жуғыш. Қолымызды жуамыз).

Тәрбиеші балаларды топ бөлмелерімен, ондағы құрал-жабдықтармен, заттармен таныстырады. Балаларға әр бөлменің өзіндік ерекшеліктері бар екенін, топтағы заттарды ұқыптылықпен ұстау керек екенін түсіндіреді.

Cергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызға қонайық. (Б. Серікбаев)





– Балабақшаға.

– Ұнайды.






Топ-группа, бөлме-комната.

- Шкаф.

– Киімімізді, баскиімді саламыз, аяқкиімді, пальтоны саламыз.

– Ойыншық шкафы.

– Ойыншықтарды.

– Аю, қоян, піл, машинаны көріп тұрмыз.

-Кереует-крават.



- Қолжуғыш. Онда біз беті-қолымызды жуамыз.


Топ ішінде серуен жасайды.

Бөлмеден бөлмеге жүреді, әр бөлме заттарын атайды, сұрақтарға жауап береді. Әр бөлменің заттарын қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді.

Қимылын келтіріп, жаттығуды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан топ жиһаздарын сұрайды.

Балаларды мадақтайды.





Топ жиһаздарын атап, олардың не үшін қажет екенін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: топтағы заттардың аттарын атауды;

Игереді: сұрақ-жауап түрінде диалог арқылы сөйлеуді.

Меңгереді:заттарды ұқыпты күтіп ұстауды.