Төрлет,төрлет жаңа жыл.
Жүргізуші: Уа,халайық ,жараңдар,Айналаға қарандар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп,тараңдар.
Уа,халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті деп.- Сөз кезегі мектеп директоры Кузембаев Муратбек Баяханұлына беріледі
Келесі сөз кезегін кәсіп одақ ұйымының мүшесі Искакова Мендеш Қабдоллақызына беріледі.
Барлық марапат иелерин құттықтаймыз!
Осындай жақсы тілектер мен көтеріңкі көңілмен
Қыстың әнін шырқауға шақырамын.
( Шыршаны айнала Шырша әні орындалады.Ән орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз айналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады)
Шайтан: Мен шайтанмын,шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
Өзіммен алып қайтармын.
Жүргізуші:-Ой мынау кім?Құдай сақтасын ,түрі қандай жаман еді.Аулақ-аулақ сәнімізді бұзба!
Шайтан: -Бұзбақ түгілі,бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды алдап қамап қойдым.Қазір міне сендердің апайларыңды алып кетіп,ешқандай мереке өткіздірмеймін.Мереке болмайды,мереке ұнамайды.
Жүргізуші:Тоқта , шайтан Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ екен,сен сондай әдемісің .Сондай қапқарасың. Апайларымызды әкетпея-ақ қойсаң қайтеді. Сен апайларды әкетпеу үшін балалар не істеу керек?
Шайтан: Маған көңілді ән немесе би билеп беріңдер,сонда мүмкін ойланып көрермін.
Жүргізуші:-Қой балалар ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып көрелік.Бәріміз онда Бразилия елінің биін апайлармен ата-аналармен бірге билейміз.
Би: Арива
Шайтан:Билерің ұнады. Бірақ мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны –айӨткіздірмеймін дедім, өткіздірмеймін.
Жүргізуші:Тоқтай тұр шайтан келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар сізге жұмбақ жасырсын.Сіз шешімін таппасаңыз онда бізге кедергі жасамай өз жөніңізбен кете бересіз.
Шайтан: Мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер мен дайынмын.
(әр сыныптан 1 оқушыдан жұмбақ жасырады)
Жүргізуші: Қане балалар апайларды алып кетпесін десеңдер қиын жұмбақ жасырамыз.
(Жұмбақтарды жасырып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып, «ойбай , анау келе жатқан Алдар ғой.тыға көріңдер балалар құтқара көріңдер мені» деп балалардың артына тығылады)
Алдар көсе:Мен Алдармын,Алдармын
Балқашқада барғанмын.
Орхонғада барғанмын,
АҚШқа да барғанмын
Жапонғада барғанмын
Шаршаңқырап қалған сон,
Шайтанға мініп алғанмын. ААААААА ЕЕЕЕЕЕЕ аае аае
Ассалаумағалейкум,балалар!Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Дүкенге кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаншы.
Балалар: Көрдік
Алдар көсе: Өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық
(Балалардың артында қашып жүрген шайтанды Алдар ұстап алады)
Шайтан: Мен талайтың басын шармап едім талайдын асын ұрлап едім,Алдар маған жазаң ауыр болады, балалардың алдында ант етейінЕнді өйтпеймін мені босатшы.
Алдар көсе: Шайтанның сөзіне сенеміз бе балалар?
Балалар: иаааа
Жүргізуші: Жарайсындар балалар дұрыс шешім қабылдадыңдар.
Алдар көсе: Шайтан сені балалар менен құтқарды сондықтан олмен бір қызықты ойын өткіз дейді.
Шайтан: карлик великан
Жүргізуші: Алдар көсе ,шайтан біздің қатарымызға қосылып би билеп ән шырқаныздар сыйлы қонақтарымыз болыңыздар.
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Тоңдырады қасындағы тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау ,демі суық
Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
Балалар бұл кім туралы айтылған деп ойлайсындар?
Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Шайтан: Мен оларды барып босатып келейін кешіміз көңілді өтсін.
Жүргізуші: Ал ендеше біз Аяз атаны шақыруды жалғастырайық біздің дауысымыз естілмесе басқа ауылға кетіп қалуы мүмкін сондықтан қатты және барлығымыз шақырамыз.
Балалар: Аяз ата Ақшақар аууу
Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздері,
Қандай әсем жырларың.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер.Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен қуаныштымыз.
Аяз ата: Бізде сендерді көруге,
Халдеріңді білуге.
Асулардан асып
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-күліп билеуге келдік міне балалар!
Ойнап-күліп билемес алдында әсем шыршамыздын шамдарын жағып алайық. Ол үшін 2 сынып оқушыларын «жаңа жыл жыры» әнімен ортаға шақырамыз
Жүргізуші: Шыршамыз неткен әдемі!Аяз ата мен Ақшақардың құрметіне әсем шыршамызды айналып ән айтайық. Содан соң Ақшақардың сендерге қоятын сұрақтары бар екен.
Шырша айналып ән айтылады.
Ақшақар: Мен бастаймын,сендер аяқтайсындар.
Қызыл мұрын , ақ мұртты
Білсең атын тез ата.
Келеді бізге......
Жауабы: Аяз ата
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр.....
Жауабы: Жаңа жыл
Шырша бүгін кәделі
Сендер әрі....
Жауабы:әдемі
Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын-күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Жауабы:Жаңа жыл
Аяз ата:Жарайсыңдар балалар! Енді менің би билеп ,ән тыңдап демалғым келіп тұр.
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз деп
3сынып оқушыларын шақырамыз.
Би:
Аяз ата: керемет, өте өнерлі балалар екенсіңдер!
Тағыда кім өз өнерін көрсетем дейді . Мен осы мерекенің ең кішкентай қатысушыларын тындағым келіп тұрғаны-ай. Келіңдер көңіл көтерейік.
Тақпақ; даярлық сынып
Аяз ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Жүргізуші: Балалар бізде қазір қандай жыл?
Балалар: Ит жылы.
- Келе жатқан жыл қалай аталады?
- Доңыз жылы.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз өткен жылмен, келер жылды ортаға шақырайық.
Музыка әуенімен ит пен доңыз залға билеп кіреді.
Ит: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық,бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім. Қуанышқа ,сазға толы ортамыз болсын.2019жыл елімізді көркейте берсін.Клесі жыл бастауын доңызға беремін . Достар мен тағыда келемін.
Жүргізуші: Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі. Енді біз сізбен қоштасамыз, доңыз жылын қарсы аламыз. Бірақ, сіз біздің мерекеміздің қонағысыз.
Доңыз: Мен Жаңа жылмын ғой! Сендердің мерекелеріңе қатты асығып келдім. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Сендермен ойын ойнап би билеп көңіл көтеруге келдім.
Жүргізуші: Төрлетіңіздер. Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар. Содан соң ойындарыңызды да ойнаймыз.
Ортада 1сынып оқушылары өз өнерлерімен
Доныз ойын.Өнерлерің керемет! Мереке ары қарай қыза түсуіне өз үлесімді қосып бір ойын ойнатқым келіп тұр.4сынып 4топқа бөлінеді әр сыныптан 4 оқушыдан өлең қосылғанда 1аяқпен секіріп билеп шыршаны айналып қайтып келуі қажет қай сынып 1ші келсе сол топ жеңеді.
Жүргізуші: әрі қарай көңіл көтеру үшін 4сынып оқушыларын өз өнерлерімен ортаға шақырамыз.
Аяз ата : Жарайсындар! Тамаша! Өте өнерлі балапандар екенсіңдер.
Міне менің сендерге дайындаған сыйлығым Ақшақар,Жаңа жыл балаларға сыйлықтарын таратып береді
Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! Жаңа жыл - жаң бағыт әкелсін.Келесі жылы көргенше, Амандықта болыңдар!
Жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
Ит: Менде жолымнан қалмайын 12 жылдан соң қайта кездескенше сау болыңдар достарым!
Балалар: Қош бол!
Жүргізуші: Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар.
Лоторея билеті ойнатылады.
Ақшақар: Мен бастаймын,сендер аяқтайсындар.
Қызыл мұрын , ақ мұртты
Білсең атын тез ата.
Келеді бізге......
Жауабы: Аяз ата
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр.....
Жауабы: Жаңа жыл
Шырша бүгін кәделі
Сендер әрі....
Жауабы:әдемі
Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын-күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Жауабы:Жаңа жыл