СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тренинг тақырыбы: «Эмоция әлемі»

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тренинг тақырыбы: «Эмоция әлемі»

Просмотр содержимого документа
«Тренинг тақырыбы: «Эмоция әлемі»»















Тренинг тақырыбы:

«Эмоция әлемі»














Педагог – психолог: Жанатбекова Д.Е.











г. Астана,2022







Тақырыбы: Психологиялық сабақ «Эмоция әлемі»

Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтеру,бір-біріне достық қарым-қатынас, көңіл бөлу және қамқорлық жасауға тәрбиелеу,тапсырмаларды бірге орындау.

Амандасу рәсімі: Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Жарқыраған күнге!

Сабақтың барысы:

Балалар мен сендерді күнде мектепте көргенде қуанамын.Мен бәріңді жақсы қөремін.Ал сендер бір-біріңді көргенде қуанасыңдар ма?

Балалар бүгін бізде ерекше күн.Бізге қонақтар келіп отыр.Олар да сендерді қөргеніне қуанышты,бізде қонақтарға қуанышымызды білдірейік.Кәне,қонақтармен амандасайық.

Балалар мен сендерді саяхатқа Эмоция әлеміне шақырамын.Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмып,менің дауысымды ғана тыңдайық.Дайынсыңдар ма? 1,2,3,4,5

Енді, көздеріңді ашуға болады.Балалар біз «Эмоция әлеміне» келдік.

Қаншама суреттер, ашып көріп алайық.

1-сурет Көңілсіз.Бауырсақ жылап тұр.Неге жылап тұр?

2-сурет Ашулы.Балалар сендер қайдан білдіңдер ол ашулы екенін? Балалар сендер ашуланасыңдар ма? Қашан?

3-сурет Көңілді.Балалар қалай ойлайсыңдар суреттегі бауырсақ неге көңілді?

4-сурет Ренішті.Бауырсақ неге ренжіп тұр?

5-сурет Қорқып тұр.Балалар бауырсақ неге қорқып тұр деп ойлайсыңдар? Балалар сендер неден қорқасыңдар?

Ойын: Менің көңілім.

Балалар бейнелеп көрсетеді.

  1. Көбелекке ұқсап ұшыңдар.

  2. Бақа сияқты секіріңдер.

  3. Кішкентай бала сияқты жүріңдер.

  4. Аю сияқты жүріңдер.

  5. Қоян сияқты секіреміз.

Жарайсыңдар, балалар енді біз өз әлемімізге қайтуымыз керек.Көзімізді жұмып, менің дауысымды ғана тыңдаңдар. Дайынсыңдар ма? 1,2,3,4,5. Енді,көздеріңді ашуға болады.Балалар біз мектептеміз, іс-әрекетімізді әрі қарай жалғастыра берейік.

Ал енді балалар қараңдаршы үстелдің үстінде қаншама суреттер қиылған,сол суреттерді жинастырайық.

Жарайсыңдар, балалар мен ұмытып кетіппін ғой біздің мектебімізге хат келіпті соны оқиын ба?

Құрметті балалар біз «Эмоция әлемі елінен» сендерге хат жазып отырмыз. Балалар сендер бізге екі түрлі сурет, біреуі көңілді екіншісі көңілсіз суретін салып, бізге жіберіңіздерші.Балалар сурет салып береміз ба?Сурет салады.

Тамаша, балалар ал енді суреттеріңді қолдарыңа алып, қандай сурет салғандарыңды айтып беріңдер. Айару не салдың? Сенің салған суретің көңілді ме, әлде көңілсіз бе? Жарайсыңдар балалар суреттерді жақсы салыпсыңдар,осы суреттерді біз ертегі саяхатқа жібереміз.

Сергіту сәті

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Сурет салып отырсақ

Көңілді бала боламыз.

Қорытынды: Балалар, біз бүгін қайда барып келдік? Сендер бүгін «Эмоция әлемі» саяхатына бардыңдар,онда қандай суреттерді көрдіңдер? Көңілді,көңілсіз,ашулы,ренішті,қорқып тұрған бауырсақты көрдік.

Жарайсыңдар балалар осымен біздің бүгінгі «Эмоция әлеміне» саяхатымыз аяқталды.Сабаққа жақсы қатысып, ойын ойнап,тапсырмаларды орындап,жақсы айтқандарың үшін сендерге рахмет.

Педагог-психолог: Жанатбекова Д.Е








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!