Тренинг «Жағымсыз эмоция кезінде балаға қалай көмектесеміз?»
Бағдарламаның негізгі мақсаты: студенттердің рухани өмірлік сферасын дамыту, оқу барысындағы эмоцияларды, еріктік, коммуникативті, мотивациялық және танымдық процестерді және де жаңа әлеуметтік жағдайдағы іс-әрекеттің дамытуын қалыптастыру.
Тренингтің тапсырмалары:
басқаларды түсіну және әлеуметтік құқықтық нормаларды бақылап үйрену;
студенттердің өз қылықтарына жауап беруге және шешім қабылдауға үйрету;
өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін өзіне сенімділік арқылы біріктіру;
эффективті коммуникация және қарым-қатынасты дұрыс орнатуды үйрету;
қақтығыстарды шешудегі ережелердің алдын-алу;
студенттер арасындағы адекватты мінез-құлық ережелерінің алдын алу;
адамдардың негізгі құқықтарымен танысу;
жастарды мықты өмір бейнесіне дағдыландыру.
Тренинг не үшін керек: Жастарды мықты өмір бейнесіне дағдыландыра отырып, студенттердің өз бетінше шешім қабылдауға, өздерін және қоршаған ортасын танытуға және қарым-қатынасты дұрыс орнатуға көмектесу.
Тренингтің мақсаты: студенттердің қоғамда және қоршаған әлемде өздерін тануға, өзіндік баға мен өзіндік талдауға дайындықты қалыптастыру, «тұлға» түсінігімен танысу және де өзіндік ішкі сезімдерін шығару, қақтығыс барысындағы әр түрлі құралдар мен әдістер тәсілін үйрету.
Қатысушылар: бірінші және екінші курс студенттері.
Уақыты: 13:00
Формасы: ашық.
Құрал-жабдықтар: «А4» қағаз, доп, шар,т.б.
Әдістер мен техникалар: Танысу жаттығулары, ойын және разминкалық жаттығулар, қорытынды жаттығулар, рефлексиялық сұрақтар.
Құрамы:
1. Сәлемдесу жаттығуы.
2. Танысу жаттығуы. «Менің атым»
3. Ойын және разминкалық жаттығулар
«Менің күшті жағым»
4. «Артық орындық»
5. «Сен туралы»
6. «Шабуылдаушы және қорғанушы»
7. «Сезімдермен бөлісу»
8. «Үрленген қуыршақ»
9. «Нағыз түс» әңгімесі.
10. Фигура таңдау.
11. «Эмоциялық термометр» жаттығуы
12. Кіші топтарда ойталқы
13. «Кім өзін жақсы мақтайды?» немесе «Сәтсіз күндерге ескертпе»
14. Мини-лекция «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?»
15. Психологтың қорытынды сөзі.
Жүргізушіге арналған комментарий: Жүргізуші тренингті бастамас бұрын өзіне деген сенімділігі болуы керек және қатысушылармен қарым-қатынасты дұрыс орната білу, тренинг барысында қатысушылардың көңіл-күйіне толығымен беріліп кетпей, өзіндік жүргізушілік қасиеті мен талаптарын орындау керек.
Сәлемдесу жаттығуы:
Инструкция: сіздер қазір бөлмеге менің шапалақ соғуым арқылы кіресіздер және бір –бірлеріңізге жылдам амандасасыздар. Мен сіздерге амандасу әдісін айтамын, әрбір амандасқан сайын жаңа серіктестіктер пайда болады. Сонымен көзбен, қолмен, мұрынмен, құлақпен, иықпен.
Анализ: Сіздерге ойын ұнады ма? Тез әрекет ету жеңіл болды ма? Амандасу жеңіл болды ма? Кімге қатынас орнату жеңіл, кімге қатынас орнату ауыр болды?
І. Танысу жаттығуы. «Менің атым»
Мақсаты: қатысушылардың жаңа ортаға бейімделуі және бір-бірімен танысуы.
Қатысушылар өздерінің аттарын атап, бірінші әріп арқылы ассоциация жасайды. Мысалы: «Мен – Айжан –ақылды» осылайша жалғастырады.
Анализ: Өзіңіздің атыңызды атағанда нені сезіндіңіз? Өзіңіздің атыңызды атағанда толқулар болды ма? Өзіңізден нені бағалайсыз? Өзіңізден жақсы сапаны табу қиын болды ма, онда нені сезіндіңіз?
ІІ. Ойын және разминкалық жаттығулар
«Менің күшті жағым»
Әрбір топтың адамы 2 минут ішінде өзінің күшті жағын айтады, ол өзіне нені бағалап қабылдайды, ол нені жақсы көреді. Әр түрлі жағдайда өзіне деген сенімділік және ішкі сенімділік сезімдері не береді? Жаттығу өзіндік бағаның көтерілуіне бағыт береді.
Анализ: 2 минут ішінде өзіңіздің жақсы жақтарыңызды айту қиынға түсті ме? Қандай сезімде болдыңыз? Өзіңізден нені күтесіз?
«Тілек» (жақсы эмоцияларды бекіту).
ІІІ. «Артық орындық» (психологиялық арақашықтықты тез түсіруге қолдану).
Инструкция: сіздер қазір орындықтар арқылы дөңгеленіп топ болып отырасыздар. Одан 2 -3 орындықты алып тастау ұсынылады. Артынан қалған орындықтарға топ сыйысып отыру керек.
Анализ: орындықты алып тастағанда топта өзіңізді қалай сезіндіңіз? Басқа адамдармен бір орындыққа сыйысып отыру қиындыққа түскен жоқ па? Қандай сезімде болдыңыз?
ІҮ. «Сен туралы»
Қатысушыларға бір – біріне «сен туралы» (кез-келген сұрақ қойып допты лақтырады. Сұрақ әртүрлі болуы мүмкін –бүгінгі күн туралы болу мүмкін немесе арман –мақсаттары туралы, қызығушылықтары туралы) Допты ұстап алғаннан кейін сұраққа жауап беріп, қайтадан басқа ойыншыға сұрақ қойып лақтырады.
Анализ: Сұраққа жауап беру қиындықтар туғызды ма? Сұрақ қойғанда немесе жауап бергенде қандай сезімде болдыңыз?
Ү. «Шабуылдаушы және қорғанушы»
Топтағы қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір қатысушы шабуылдаушының рөлін ойнайды, баcқа – қорғанушының рөлін ойнайды. Диалог беріледі. Шабуылдаушы өзінің сезімдерін көрсетеді айқайлайды, ұрсады, қатты сөйлейді, шабуыл жасайды. Қорғанушы ақталып қорғанады, кешірім сұрайды, ақырын сөйлеуге тырысады, қорғанады. 5 -10 минут өткеннен кейін қатысушылар рөлдерін ауыстырады. Олар толығымен билікті сезінуге тырысады, авторитет «шабуылдаушы» немесе пассивті «қорғанушы».
Анализ: Қатысушылар өздеріне берілген рөльдерді қалай сезінгенін айтады. Ойнаған рөльдерімен шынайы өмірдегі рөльді салыстырады, қай рөл жандарына жақын болды, ал қай рөльді ойнау қиын болды.
ҮІ. «Сезімдермен бөлісу»
Барлық қатысушылар дөңгелек бойынша өздерінің ең жарқын кездерін еске түсіреді. Өздерінің сезімдерін айтады «Мен бүгін қуаныштымын себебі...», «Мен бүгін өкпелімін себебі....», « Мен бүгін бақыттымын себебі...».
ҮІІ. «Үрленген қуыршақ»
Мақсаты: қатысушылардың қысылу сезімін жеңуіне ықпал ету, бұлшық етті босаңсытуға жаттықтыру.
Нұсқау. Қазір біз үрлемелі қуыршаққа айналамыз, бізден ауа шығарылған, яғни басыңызды еңкейтіңіз, қолдарыңызды төмен түсіріңіз, бүкіл денеңізді босаңсытыңыз. Мен қазір үрлеуіш құралының қызметін атқаратын боламын және «пщ, пщ, пщ» сияқты дыбыс шығара отырып, дөңгелекті толтырып жатқан адамның жұмысын еске түсіретін қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы уақытта, әрбір ауа жіберуде ауамен толығасыз және денеңізді түзете бастайсыз, қолдарыңызды жоғары көтеріп, барлық бұлшық еттеріңізге қысым түсіресіз. Барлығы тұрып, бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң, жүргізуші былай дейді: мен қазір тығынды аламын, барлық қуыршақтар ауа шығатын сияқты дыбысты шығарады да, орындықтарға отырады, денелерін босаңдатады.
Талдау. Қандай сезімде болдыңыз?
«Нағыз түс» әңгімесі.
Баяғыда Акварелия ертегілер елінде түстер өмір сүріпті. Акварелияның табиғаты әдемі, биіктігі аспанға жетердей, ал айналасы жап-жасыл көк шалғын еді. Акварелиядағы тұрғындар бір-біріне өмір сүруге мүмкіндік көп жасайтын. Түстер құтылары әдемі, зәулім үйлер жасаумен ғана айналысатын.
Бұл өнер ең басты мемлекеттік іс-әрекеттің бірі ретінде қаралатын еді. Акварелия елінде бір жылда бір рет түстер турнирін ұйымдастыратын, ал суретші ең күшті түсті анықтайтын.
Мерекенің қарсаңында тұрғындар көбінесе түстердің кереметін талқыға салатын. Әрқайсысы өзін әдемімін, ең қажетпін деп есептейтін. Табиғатты, жер-ананы көк шалғын етіп көрсету үшін мені таңдайды деп жасыл түс мақтанды. Күннің жылылығын мен жасаймын деп сары түс мақтанды. Бір ғана түс мақтана алмады. Ашық ауа көк қана өзіне жек көре қарайтын еді. Ол ақ түстен сәл ғана қаралау болатын және де оны суретші таңдай бермейтін еді. Ал, турнирдің алдында ол үнемі күлкі етуден қашып аулаққа кетуге тырысатын еді. Бұл кезде де, солай болады. Ашық ауа көк барлық түс бәсекелесіп жатқанда, сақтықты ұмытып кетті. Барлығы қорғансыз ашық ауа көкті мазақ ете бастады. Бірнеше рет шалынып әрең құтылды. Сөйтіп турнир біткенше жата тұрайын деді де, ақырын бақылай бастады.
Біраз уақыттан кейін ұйықтап қалды. Таңертең ұйқыдан тұрғанда, кешегі мерекелік көңіл-күйден ештеңе де қалмаған. Барлығы абыржып айғайлап жүр. Оған ешкім көңіл бөлмейді. Ол өзін жинап, бір түстен: «Не болды?» дейді. Қара түс турнирден жеңіп шығу үшін барлық қылқаламдарды қараға бояп қойған дейді. Егер суретші қылқаламды қолданса, турнир өтпес еді.
Осы жайтты ести сала, ашық ауа көк орталық алаңға асықты. Алаңда қылқаламдар сақталатын еді. Ол зымырап келе жатыр. Ал, алаңда абыржыған түстер қатты уайымдады. Міне, сол кезде ашық ауа көк қылқаламдарға өз бояуын құйып жіберді. Ол өзінің әлсіз болып жатқанын сезсе де, қылқаламдарды бояуды тоқтатпады.
Дәл, осы сәтте суретші қылқаламмен алғашқы айшықтар сала бастады. Бүкіл Акварелия елі тыныш болып қалды. «Хм, өте тамаша түс, - деді суретші. Осы түс керек еді, өзен бейнесі әдемі шығатын болды!» деді.
Есін жиғанда ашық ауа көк нағыз батыр болып оянды. Ол оны білмеген еді. Ол өзінің қара түнектен бүкіл елді құтқарғанын білмеген еді. Ашық ауа көк түс бір ғана нәрсені, яғни өзінің қажет екенін білді. Буырқанған өзен мен шексіз аспанды бейнелейтін мақтанышпен айтатын болды.
Фигура таңдау.
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз
Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалғандары – Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.
ҮІІІ.«Эмоциялық термометр» жаттығуы.
Мақсаты : күні бойғы эмоция мен сезімге талдау жасауға, жақсы психоэмоционалдық көңіл-күй туғызуға үйрету.
Нұсқау: Бір күннің эмоциялық портретін жасайық. Бүгінгі күнді таңертеңнен бері еске түсіріңдер. Барлық оқиғаны қарап шығыңдар, жеке үзінділерді көз алдарыңа келтіріңдер. Енді соларды жазыңдар. Басқа адамдардың әсерінен болған оқиғалар мен сезімдердің астын сызып қойыңдар. Жақсы-жаманын атап көрсетіңдер. Осыдан кейін эмоция сәтіндегі жеке ерекшеліктерге талдау жасалады.
ІХ. Кіші топтарда ойталқы.(топқа бөліну)
Мақсаты: өткенді бекіту.
Керекті құрал: А4 парағы, қарындаш.
Нұсқау: Әрбір топ тапсырманы орындайды.
1-топ тапсырмасы – Үрейді қалай жеңуге болады?
2-топ тапсырмасы – Сәтсіздіктерге жағымды, жағымсыз жауап қайтару.
3-топ тапсырмасы – Сөйлемді аяқта: «... жолың болады.», «... жолың болмайды,»
4-топ тапсырмасы - Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?
Спикерлер топтарының шешіп тапқан идеяларын ортаға салуын ұсынамын.
«Кім өзін жақсы мақтайды немесе «Сәтсіз күндерге ескертпе»
Мақсаты: Өзі туралы жағымды ішкі диалог жүргізу дағдысын дамыту, өзіндік талдауды дамыту.
Нұсқау: Әрбіреуімізде керексіздік, бос өмір сүріп жүргендей сезім, қолыңнан ештеңе келмейтін сезімдер кездеседі. Мұндай кездері қуаныштар, қабілеттер, сезімдер жеткен жетістіктер мен жеңістер ұмытылып кетеді. Барлығымызда мақтан тұтарлық бір болсада ісіміз бар ғой.
«Менің ең жақсы қасиеттерім» ескертпе бланкісі
Менің ең жақсы сапаларым | Менің қабілеттерім мен дарыным | Менің жетістіктерім |
| | |
Талдау. Сіз бұл жаттығудан не алдыңыз?
Мини-лекция «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?»
Жағымсыз эмоциялардан қалай арылуға болады?
Сені түсінуге тырысатын достарыңның арасында айтуға болады.
Егер сен жалғыз болсаң көпшікті не су орамалды қысып, сығып тартуға болады. Өйткені барлық қысым қолдың, саусақтың, иықтың бұлшықеттерінде сақталып қалады.
Кенеттік дыбыстар шығар, қысым тамақта тұрып та қалуы мүмкін.
Спорттың қандайда бір түрімен айналысу да көмек береді. Байқасаңыздар спортшылардың денсаулығымен қатар жаны да сау болады.
Адамға табиғат та жағымды әсер етеді. Серуен, тамашалау, бақылау, дыбыстарын тыңдау, тіпті қиын деген жағдайлардың өзінде де жағымды әсер етеді.
3-4 рет қысқа дем алу, сонша рет дем шығару. Бұл кезде миға баратын импульстер көбейеді, ал ол стресс кезінде өте жақсы көмек.
Табиғат бізге күлкі мен жылауды психикалық ауыртпалықтардан қорғаныс ретінде жаратқандай.
Психологтың қорытынды сөзі.
Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,
Зерттеген соң, зердеге сап алады.
Не тілесе соны біліп, түсінер,
Білген сайын іштен жиі күрсінер.
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы!
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса…
Бала білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ ілім жоғын көсеңіз…
Бала миы – дақ тимеген қағаз нақ,
Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ.
Жүсіп Баласағұни
Тренинг тақырыбы:

Өткізген: Кундукова М.Т.
Семей 2018 жыл