Тақырыбы: Әке, Ана үш-ақ әріп тіршілік,
Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.
Мақсаты:Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.
Түрі: семинар-тренинг
Кезеңдері:
І Танысу (Шаттық шеңбері)
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
«Бала әр ата-ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы» дегендей бүгінгі тренингіміздің тақырыбы ӘКЕ, АНА ҮШ-АҚ ӘРІП ТІРШІЛІК,
ҮШ ӘРІПТЕН ҮЛБІРЕЙДІ ГҮЛ ШЫҒЫП.
Бүгінгі тренингіміз ерекше сипатта өтпек. Сондықтан да, белсенді түрде қатысып отыруларыңызды сұраймыз. Барлығымыз бірге қол ұстасып, «Шаттық шеңберіне» шығайық.
І Танысу (Шаттық шеңбері)
Ата-аналар шаттық шеңберіне шығады.
Нұсқау:Әр ата-ана өз есімінің бірінші әрпіне келетін сын есім айтады Мысалы: Менің есімім-Назым, мен наздымын; т.с.с
Сіздермен танысқанымызға өте қуаныштымыз, қол шапалақтап, бір-бірімізге құрмет көрсетейік.
Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
Психологиялық ойын «Миға шабуыл».
Яғни ата-аналарға балалары естіп-көріп жүрген ертегілердің атын терісқарай айтамыз,ал ата-аналар тез арада оңғаратып айтып беру керек.Әр ата-анаға бір ертегіден жасырамыз.
1.ашзат алаб – Тазша бала
2.радла есөк – Алдар көсе
3.қабңақ лаш – Қаңбақ шал
4.сымапла рытаб – Алпамыс батыр
5, кітсөтре – Ертөстік
Әке, Ана үш – ақ әріп тіршілік,
Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.
Үш – ақ әріп дүниені танытқан,
Үш – ақ әріп қойған жыршығып – дей келе тренингімізді аяқтаймыз.
«Тілек шамы».
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
1.Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін.
____________________________________________________________________________________________________________________
1. Неге сен басқа балалардай емессің?
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
1.Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір - кір.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
1.Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
1 –жағдаят
«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2 – жағдаят
«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
3 – жағдаят
«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
4 – жағдаят
«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?