СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тренинг Тақырыбы: «Сенім атмосфера»

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қатысушылардың психологиялық қасиеттері мен кәсиби мәселелерінің байланыстыру.

Просмотр содержимого документа
«Тренинг Тақырыбы: «Сенім атмосфера»»

Педагог-психолог:

Кокеева Ляйля Тусуповна

«Қуаныш» балалар бақшасы мектеп білім беру комплексі» мекемесі. Семей қаласы.

Тренинг

Тақырыбы: «Сенім атмосфера»

Мақсаты: Қатысушылардың психологиялық қасиеттері мен кәсиби мәселелерінің байланыстыру.

  1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

  1. Жаттығу: «Ұжымда сіз жұмыс істей аласыз ба?»

Төрт геометриялық пішіндер мен жасаушыдан құрастырылған композицияға қараңыз. Суретті нақты аяқтау үшін сіз бір пішінді, не оның бір бөлігін немесе бірнеше осы сияқты пішінді бояуыңыз керек. Әрбір көрсетілген тесттегі пішін белгі болып табылады, оның мағынасын ашуға болады. Енді әрбір пішінге жеке-жеке тоқталайық.



  1. Жаттығу: «Суреттен нені байқадыңыз?» видио

(Психологиялық тест)

СУРЕТТЕН НЕНІ БАЙҚАДЫҢЫЗ?

Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз. Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз: АЙ Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.

АҚ ТҮСТІ КЕЛБЕТ

Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.

ҚАРА ТҮСТІ КЕЛБЕТ

Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.



  1. Рефлексия: «Кері байланыс» жаттығуы

Қатысушылар тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді, үлестірмелі карточкалар /смайлик/ арқылы анықтау.

- Тренингте ең бірінші не ұнады?

- Не ұнаған жоқ?

- Өзің жаңадан не білдің?

в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.