СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері

Просмотр содержимого документа
«Цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері»

Сабақ жоспары


Пән

Биология

Сынып

10

Күні


Сабақтың тақырыбы

Цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жасуша тіршіліктің бірлігі, жасуша теориясын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Сынып тазалығына назар аудару;

  • Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру:

Оқушылар ағаш бұталарына бір-біріне жағымды тілектер жабыстырады.

Үй тапсырмасын тексеру

Тақтада биология ғылымдары, тірі ағзалардың ерекшеліктері тақырыптарына байланысты терминдер ілініп тұрады, оқушылар берілген тапсырмалар бойынша оларды анықтау қажет, ағылшын тіліндегі аудармаларын білу қажет.

Тыныс алу – respiration

Қозғалыс – movement

Сезу-sensitivity

Зәр шығару - Excretion

Өсу-growth

Генетика – genetics – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым

Ихтиология – ichthyology – балықтар туралы ғылым

Цитология – cytology – Жасушаның құрылысын, химиялық құрамын зерттейтін ғылым

Зоология – Zoology – Жануарлар туралы ғылым

Орнитология – ornithology – құстарды зерттейтін ғылым


Көз – Eye

Мұрын – Nose

Ерін – Lips

Мойын –Neck

Қол – Arm

Бауыр – Liver

Асқазан – Stomach

Бүйрек – Kidneys

Аяқ – Leg

Сабақ – Stem

Тамыр – Root

Жапырақ – Leaves

Гүл – Flower

Аталық – Stamen

Аналық – Pistil

Тостағанша – Sepal

Күлте – Petal

Жаңа сабақ

Цитология (грек.kytos – жасуша және logos – ғылым) – жасушаның құрылысын, химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін биология ғылымының маңызды салаларының бірі.

Қазіргі заманғы цитологияның міндеттері:

  • Жасушалардың химиялық құрылымы мен микроскопиялық құрылымдарын зерттеу;

  • Жасуша құрылымдарының қызметі мен олардың өзара әрекетін;

  • Жасушаға заттардың ену әдістерін;

  • Заттардың жасушадан шығу әдістерін;

  • Мембрананың рөлін сипаттау.


Цитология бөлімдері


Цитогенетика кариосистематика цитоэкология


радиациялық цитология онкологиялық цитология иммуноцитология

Бекіту

Жасушаны зерттеу әдістері

Сипаттамасы

Цито- және гистохимия әдісі


Центрифугалау әдісі


Рентгенқұрылымдық әдісі


Авторадиография әдісі


Кино- және фототүсіру әдісі


Жасушалық себінді әдісі


Микрохирургия әдісі



Үй тапсырмасын беру

§1. Микроскоп түрлері, реферат.

Рефлексия

Оқушылар сабақ жайлы ойларымен бөліседі.

Бағалау

Бағалау плакаты арқылы оқушылар бір бірін бағалайды, мұғалім бағалайды.

Қорытындылау

Цитология – жасушаның құрылысын, қызметін, химиялық құрамын зерттейтін ғылым.

Жасушаның құрылымын зерттеу үшін биологиялық микроскоп, электрондық микроскоп, ультрацентрифуга және т.б. техникалық құралдар қолданылады.