СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Цитоплазмалық тұқым қуалау

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Цитоплазмалық тұқым қуалау

Просмотр содержимого документа
«Цитоплазмалық тұқым қуалау»

Биология

10 сынып

Сабақ жоспары


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Цитоплазмалық тұқым қуалау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстың анықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен цитоплазмалық тұқым қуалау жөнінде білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру.

Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгелдеу;

  • Оқушылар ортаға шығып, “Hello” әніне билейді.

  • Оқушылар шеңберге тұрады. Бір-біріне түрлі түсті жүректер беру арқылы тілектер айтады. Қолдарындағы жүректердің түсіне байланысты топқа бөлінеді.

Оқушыларға бағалау парағы таратылады

Оқушының аты-жөні:


Үй тапсырмасы

(Иә, жоқ)

Максималды ұпай - 6

Жаңа тақырып (постер)

Максималды ұпай - 5

Бекіту (карточка)

Максималды ұпай - 5





Жалпы ұпай:

Критерийлер:

14-16 ұпай – «5»

10-13 ұпай – «4»

7-6 ұпай – «3»

Сіздің ұпай

саныңыз:

Сіздің бағаңыз:


Үй тапсырмасын тексеру: «Иә, жоқ» әдісімен. Иә – жасыл түс, жоқ – қызыл түс (жетондар)

Т.Морган жеміс шыбыны – дрозофилаға тәжірибені 1910-1915 жылдары жүргізді.

Иә

Бір хромосоманың бойында орналасқан және тіркесіп тұқым қуалайтын гендер тобы тіркесу топтарын құрайды.

Иә

Кроссинговер құбылысын Мендель ашты

Жоқ

Хромосомадағы гендердің арақашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал

Иә

Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді

Иә

Кроссинговерге ұшыраған хромосомаларды кроссоверленбеген деп атайды

Жоқ


Жаңа сабақ

Тақырыпқа шығу.

Тақырып мақсатын оқушылар өздері анықтайды.

Тақырып бойынша ассоциация құру. Оқушылар бір-бірін бағалайды.


Әр топқа жеке тақырыпшалар беріледі (оқулықпен жұмыс)

1 топ – Пластидтік тұқым қуалау

2 топ – Митохондрия арқылы тұқым қуалау

3 топ – Цитоплазмалық аталық ұрықсыздық (стерильдік)

4 топ – Цитоплазмалық тұқым қуалауға генетикалық талдау

Постерді құру критерийлері ұсынылады:

  1. Тақырып толық ашылған – 2

  2. Постер көрнекі – 1

  3. Регламент сақталған – 1

  4. Жақсы түсіндірілді - 1

Әр топ бір-бірін бағалайды.

AMAZING

WONDERFUL

WELL DONE

I LIKE

GOOD

NOT BAD

NOT AS EXPECTED


Сергіту сәті

Бекіту:

Әр оқушыға тапсырмалар (карточкалар) таратылады.

Гендер арқылы жүретін тұқым қуалау – цитоплазмалық тұқым қуалау


Цитоплазмалық тұқым қуалаудың негізін салған ғалымдар – К.Корренс пен Э.Баур


Пластидтер арқылы болатын тұқым қуалау – пластидтік тұқым қуалау


Ашытқыш бактерияның тыныс алу кемістігін зерттеген – Б.Эфрусси


Цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты қай жылы, қай ғалым ашты? 1930 жылы америкалық ғалым М.Родс ашты


Оқушылар бір бірін тексереді (жұппен жұмыс)

Синквейн

Тақырып: Тұқым қуалау


Үйге тапсырма: §48, 261 бет №4 тапсырма (кесте толтыру)

Рефлексия: Оқушылар қай аралға жеткендерін стикерге жазып жабыстырады.


Бағалау.

Қорытындылау.