16. 02. 2016 | Биология 9 |
Сабақтың тақырыбы | Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану. |
Сабақтың мақсаты, міндеті | Эволюциялық факторлар: гендер дрейфі, популяциялық толқындар, оқшаулану туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, оқу материалдарын толық меңгерту. |
Оқыту нәтижелері | Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
Сілтеме | Биология оқулығы 9 сынып, слайд |
Негізгі идеясы | Эволюциялық факторлар: гендер дрейфі, популяциялық толқындар, оқшаулану туралы мағлұматтар. |
Қолданылған әдістері мен тәсілдері | Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Оқуды және оқыту үшін бағалау Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Интербелсенді тақтамен жұмыс. |
Ресурстар | оқулық, слайд, интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер |
Сабақ жоспары | Ұйымдастыру: топқа бөлу,мақсат қою Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша Рефлексия Үйге тапсырма |
Сабақтың кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: |
Ұйымдастыру кезеңі: | Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Оқушыларды психологиялық дайындау. | Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді |
Оқушыларды топқа бөлу: | Оқушыларды 3 топқа бөледі | Топтарға бөлінеді |
Білу | Сұрақтар қою арқылы үй жұмысын сұрап, өткен тақырыпты еске түсіру. 1. Қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі қай тіршілік үшін күреске мысал? (Түрішілік күрес) 2. Қысқы ұйқы немесе түлеу қай күреске тән? (Абиоздық факторлармен күрес) 3. Жыртқыштар және олжалар арасындағы күрес? (Түраралық күрес) 4. Табиғи іріктелу популяцияда белгінің көрсеткішінің сақталуына байланысты неше типке бөлінеді, оларды ата? (3 типке бөлінеді: Қозғаушы, тұрақтандырушы, дизруптивті немесе сыртқа тебуші) Кесте толтыру.(194 бет) | Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. |
Түсіну | Жаңа сабақ түсіндіру. Сұрақтарға тез жауап алу. I-топ. Биологиялық оқшаулану II-топ. Географиялық оқшаулану III-топ. Экологиялық оқшаулану |
Әр топ талдап, түсіндіреді. Постер қорғайды. |
Қолдану | Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді. Биологиялық диктант ..................... дегеніміз – бұл популяциядағы дарақтар санының өзгеруі. (Популяциялық толқындар) 2. .................. оқшаулану дегеніміз – бұл дербес түрлердің шағылысуына кедергі жасайтын тетік. (Биологиялық немесе ұрпақжаңғырта) 3. .................... – саны аз оқшауланған популяциядағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ, бағытсыз өзгеруі. (Гендердің ығуы) | Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады |
Талдау | Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды. | Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді Салыстырады, сараптайды |
Жинақтау | Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін тест тапсырмалары беріледі. 1.Популяциялық толқындар ұғымын енгізді? а. Д.Д.Ромашев б. Н.П.Дубинин. с. С.С.Четвериков 2.Оқшаулану неше түрге бөлінеді? а. 3 б. 2 с. 4 3.Көбею мерзіміндегі айырмашылық немесе тозаңдық түтікте өнуі? а.анатомиялық оқшаулану б.этологиялық оқшаулану с.физиологиялық оқшаулану 4.Саны аз оқшауланған популяциялардағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ,бағытсыз өзгеруі? а.популяциялық толқын б.экологиялық оқшаулану с.гендердің ығуы 5.Бір түр популяциясын белгілі аумаққа бөлетін мекен ету жағдайларының кешені? а.биологиялық оқшаулану б.географиялық оқшаулану с.экологиялық оқшаулану Жауаптары: 1.с 2.а 3.с 4.с 5.с | Берілген тапсырманы орындайды, білімдерін жинақтайды, сараптайды |
Бағалау | Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу. Критерийлер бойынша бағалайды | Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды |
Рефлексия | Сабақтан алған әсерлерін сұрайды. Нені үйрендің? Не қиын болды? Енді нені үйренгің келеді? | Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді. |