Просмотр содержимого документа
«Түбір мен қосымшаның жазылуы.»
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосымша жалғанғанда түбір сөздің көп ретте өзгермейтіндігін меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Дамыта оқыту
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Өткенді пысықтау
58-жаттығу,131-бет. Жаңылтпашты оқу, жатқа жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.
Шалғышы. Шалғы алды. Шаңғышы. Шаңғы алды.
Бұл сөздер қандай сөздер болып табылады?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 59-жаттығуды «Жеміс жинау» ойынын ойнату арқылы орындау. Ойын шарты: күй, жыр сөздеріне тиісті қосымша белгіленген шиені теру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
60-жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқу, мағынасын ұғыну, қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу: сұңқар – сұңқардай, пингвин-пингвинді, бүркіт-бүркітші, қарлығаш-қарлығашты. Ережелерді оқу, жаттау.
ҮІ. Бекіту: 61-жаттығу.
Толықтыру тесті ретінде өткізу. Төменде берілген сөздерді –лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғаулардың тиістісімен толықтыр.
Қуыршақтар, өсімдіктер, құлындар, шағалалар, өрмекшілер, қыздар, кітаптар, жидектер, жүзімдер
Түбір сөздің соңғы буыны жуанболса,оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Жұмыс+шы+да
Түбірсөздің соңғы буыны жіңішке болса,оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады. Сурет+ші+лер
ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 62-жаттығу, 133-бет
.ІХ. Оқушыларды бағалау