Форумның тақырыбы: «ТУҒАН ЖЕР ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ»
Мақсаты: Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау;
«Туған жер» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлттық өнерін, ұлттық құндылықтарын насихаттау, оқушыларды отансүйгіштікке баулу.
Барысы: Оркестр күй орындайды.
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
2-жүргізуші:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем!
1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған жер деп соғады жүрегіміз» атты патриоттар форумына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Нұрсұлтан Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында : Жаңғыру - замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.» деп атап көрсетті.
1 - жүргізуші:
Патриоттар форумының құрметті қонақтары:
1. Көксу ауданының әкімінің орынбасары Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы
2. Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Көбеева Жанар Әнуарбекқызы
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы- Райымбеков Әлімғазы Сұмағұлұлы
4. «Нұрлы Көксу» газетінің бас редакторы Қаблисанов Маман Қаманұлы
5. Көксу ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Төкенова Сағымбала Құлсейітқызы
6. Қол күрестен Азия чемпионы Тастанов Әбдуали Төлегенұлы
Патриоттар форумын ашық деп жариялаймыз!
Гимн.
2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті.
Олар:
1. Бәсекелік қабілеттілік
2. Прагматизм.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
4.Білімнің салтанат құруы
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
6.Сананың ашықтығы.
1-жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен жасалған «Туған жер» бағдарламасы- жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді құралы .
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша презентация көрсетіледі.
Ортаға оқушылар шығып, тақпақтар оқиды.)
2-жүргізуші:
Сөз Көксу ауданының әкімінің орынбасары Досымбеков Ұлан Әлдибекұлына беріледі.
(«Алға, Қазақстан!» ұраны айтылады.)
1 - жүргізуші:
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
2-жүргізуші:
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі маңызды.
Ән «Қазағым» Нұрдаулетова Нүрила.
1-жүргізуші:
Сөз Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы- Райымбеков Әлімғазы Сұмағұлұлына беріледі.
(«Алға,Қазақстан!» ұраны айтылады.)
1-жүргізуші:
Отан!
Бәрінен де биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймегенің күйік екен,
Отанды сүйгендігің керек екен...
Сахналық көрініс «Үш би».
2-жүргізуші:
Сөз Көксу ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Төкенова Сағымбала Құлсейітқызына беріледі.
(«Алға,Қазақстан!» ұраны айтылады.)
1-жүргізуші:
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!
Ән «Күнге табыну» Женисова Нұрай , қыздар тобы би орындайды.
2-жүргізуші:
Сөз мектеп-гимназия «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұланбасы Айдаров Әлібекке беріледі.
(«Алға,Қазақстан!» ұраны айтылады.)
1-жүргізуші:
«Туған жерге деген махаббат туған елге деген сүйіспеншілікке ұласады» деп атап көрсетті елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
2-жүргізуші: «Туған жер» бағдарламасы аясында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 2017-2018 оқу жылында «Қазақтың 100 әні» жобасы енгізілді. Қазақ халқының әндері -ұлттық құндылықтардың қайнар көзі.
Халық әні «Бипыл», қыздар тобы билейді.
1-жүргізуші:
Ту тігілді қазағымның бағына,
Жас өрендер, көк байрақты нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата баба рухына!
2-жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі,
Еліміздің туын ұстап жоғары,
Шарықтасын орындаған әр әні!
Ән «Жігіттер», артынан жас спортшы оқушылар шеруі.
Ортада каратэден спорттық қимылдар көрсетіледі.
1-жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе – тең деп тереземді.
2-жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан- мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Ән «Мекенім-Қазақстан». 8-сынып оқушылардың би флеш-мобы.
1-жүргізуші:
Бойымда күш -жігерім бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана,
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
2 - жүргізуші:
Бейбіт өмір тілейікші халқыма,
Туған тілім, шұбарланбай жарқыра!
Даламызда дарындылар көбейсін,
Бас иейік ата- баба рухына!
1-жүргізуші:
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған жер» бағдарламасы бойынша өткен «Туған жер деп соғады жүрегіміз» атты патриоттар форумы аяқталды.
2 - жүргізуші:
Туған еліміз-Қазақстанның мерейлі күндерінде келесі кездескенше күн жақсы болсын.Қош сау болыңыздар!
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы


«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»
«Туған жер деп соғады жүрегіміз»
патриоттар форумының сценариі
Дайындаған ТІЖО Г.Мейірбекова
Балпық би ауылы 2017 жыл
Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Әнет баба шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп кішкене Төле шығады).
Төле : Ата, не ойлап отырсыз?
Әнет баба: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын.
Еліміздің болашағы жайлы, татулық – бірлік жайлы ойлаймын.
Төле: Ата, «бірлік» деген не?
Әнет баба: Балам, «бірлік» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Төле: Ол қандай болған ата?
Әнет баба: «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші мынада деп,
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Бала шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?
– бала ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді.
Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле:
- Түсіндім, ата, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті.
Бұл Ұлы жүздің бас биі Төленің бала кезі еді.
Ортаға үш би шығады.
Әйтеке:
Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!..
Қазыбек би:
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түсен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
Төле би:
Ал, жас өрендерім,
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол.
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол.
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала,
Өзегің талса, өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол.
Аумин!
Соңы.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша: «ТУҒАН ЖЕР ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ» атты патриоттар форумынының анықтамасы
2017-2018 оқу жылы
2017 жылдың 13 қазан күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау, «Туған жер» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлттық өнерін, ұлттық құндылықтарын насихаттау, оқушыларды отансүйгіштікке баулу мақсатында «ТУҒАН ЖЕР ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ» атты патриоттар форумы өтті. Форум мектеп-гимназия фойесінде сағат 11.00 де басталды. Шараға Көксу ауданының әкімінің орынбасары Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы, Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Көбеева Жанар Әнуарбекқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы- Райымбеков Әлімғазы Сұмағұлұлы, «Нұрлы Көксу» газетінің бас редакторы Қаблисанов Маман Қаманұлы, Көксу ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Төкенова Сағымбала Құлсейітқызы, қол күрестен Азия чемпионы Тастанов Әбдуали Төлегенұлы қатысты. Алғашқы болып сөз алған Көксу ауданының әкімінің орынбасары Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының маңызына тоқталып, Елбасының саясатын жүзеге асырушы күш- жастар екендігіне тоқталды.
Алматы облысының Құрметті азаматы- Райымбеков Әлімғазы Сұмағұлұлы кемел келешек кілті-жастардың қолында дей келе, тек білімді жастар ғана болашақтың іргетасын қалайды, деп тілек білдірді.
«Жас Ұлан» БҰ ұланбасы Ә.Айдаров мектеп-гимназия оқушылары атынан сөз алып, елбасының жастарға артып отырған сенімді сапалы білім алумен ақтайтауға тырысатындықтарын айтты.
Форум барысында «Қазақтың жүз әні» жобасы аясында халық әні «Бипыл» орындалып, бишілер тобы би биледі.
Шара барысында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы насихатталып, париоттық әндер орындалды.
Дайындаған ТІЖО Г.Мейірбекова