СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Түлкі мен тырна

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Білім беру саласы: Коммуникация - Көркем әдебиет

Тақырыбы: Түлкі мен тырна

Мақсаты:Балаларды ертегіні сахналауға машықтандыру.

Просмотр содержимого документа
«Түлкі мен тырна»

13 бөбекжай-бақшасы

«Айналайын» II-ші кіші тобының

ұйымдастырылған қызметінің технологиялық картасы


Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.



Білім беру саласы: «Коммуникация» - Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен тырна»

Мақсаты: Балаларды ертегіні сахналауға машықтандыр, театырға деген қызығушылығын арттыру, сахнада роль атқаруға машықтандыру, кейіпкерлер рөліне енуге көмектесу, дауыс ырғағын, жүрісін салу. Саусақ қимылдарын жасап, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ертегіні сахналау арқылы, тілдерін жаттықтыру.

Көрнекілік: шымылдық, түлкі, тырна, үнтаспа.

Билингвальды компонент: түлкілиса, тырна-жравль

Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

І кезең- мотивациялық- қозғаушы

Ұйымдастыру сәті.

Шеңберге тұру.

Біз бүгін актер болып ойнаймыз.

Терезеге қарап, күн жарқырап тұрса- жымиямыз, күн бұлтты болса көңілсіз боламыз.

Түлкінің дыбысы шығады.

-Балалар бұл ненің дыбысы?

Балалар бет әлпетін өзгертіп актер болады.







Балалар таңданып, дыбысты естиді.

-түлкінің дыбысы.

ІІ кезең-ұйымдастырушылық-

ізденушілік


Түлкі тіл қатады.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Мен ертегілер елінен келдім, сендер ертегіні  ұнатасыңдар ма?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

-Жарайсындар, сендер көптеген ертегілер біледі екенсіндер.

Мен сендерге құр қол келген жоқпын, өзім жайлы ертегіні алып келдім.

Мен жайлы қандай ертегілерді білесіңдер?

-Балалар бауырсақ ертегінің соңы қалай аяқталғанын білесіңдер ма?

Сергіту сәті: түлкі мен тырнаны сипаттау.

Саусақ жаттығуы. Құс бейнесін жасау.


Саусақтар өз ара кездеседі.


Балалар, қазір түлкі мен тырна ертегісін сахналап бересіңдер ма?

Әуен қосылады, театырдың шымылдығы ашылады.

Сәлеметсіз бе?

-Шалқан, бауырсақ, үш аю. жеті лақ.



Бауырсақ ертегісі, Алтын балық ертегісі.

Ия, түлкі бауырсақты алдап жеп қойды.

Ия, ертегіні сахналаймыз.

ІІІ кезең- рефлексивті- түзеу

-Түлкі тырнаны қонаққа шақырғанда қандай ыдыспен тамақ берді? 
-Тырна тамақ іше алды ма? 

-Неліктен тырна ботқаны іше алмады?

Тырна тамақты қалай жейді?


-Ал тырна түлкіні қонаққа шақырғанда сорпаны қандай ыдысқа құйып берді? 

Түлкі тамақты қалай жейді?


-Балалар, ертегі сендергі ұнады ма?

Қалай ойлайсыңдар тырна мен түлкі дос болып қалу үшін не істеу керек?

Түлкі балалардың жауабын мұқият тыңдап: ия мен көп қателік жасаған екенмін.

Балалар, мен ертегілер алеміне оралуым керек сау болыңдар.

-Тәрелкеге ботқа салып берді.

-Жоқ

-Өйткені тырнаның тұмсығы ұзын, тәрелкедегі ботқа тұмсығына ілінбеді.

Тырна тұмсығын тамаққа салып ішеді.

Құмыраға құйып берді.

Өйткені түлкінің тұмсығы қысқа.

түлкі тамақты жалап жейді.

Ия

Түлкі мен тырна бір -бірін дұрыс күтіп алу керек еді.









Түлкі, сау бол!



Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Ертегінің мазмұнын білу, үзінді бойынша қай ертегі екенін табу.

Ұғынады: жақсы қасиеттер туралы ұғым.

Қолданады: Сұрақтарға толық жауап беру, берілген тапсырманы орындау.