Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения: 21.11.2019
Тәрбиеші/ Воспитатель: Смағұл П.А
Білім беру саласы/Образовательная область:Таным
Пән/Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Техника және біз»
Тақырыбы/Тема: «Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная:Тұрмыстық техника онын қолдануы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.
Дамытушылық – развивающая: Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту. Қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдыландыруға,жинақылыққа баулу.
Оқытушылық - обучающая : Олардың арнаулы сатылатын дүкендер атауы.. Үлкендердің еңбегіне және олардың еңбектерінің нәтижесіне құндылықпен қарауға,көмектесуге жағдай жасау.
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Денсаулық технологиясы, ойын әдісі
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: техника суреттері
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника, бытовая техника, электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Жұмбақ шешу.
1. Біздің үйде бір зат бар
Сақтайды онда тамақты
Болсын мейлі күз бен жаз
Іші оның қатты аяз. (тоңазытқыш)
2. Шаң-тозаңды сүймейді
Тазалап оны жүр дейді.
-Бүкіл әлем ішіне сияр
Аты оның..... (шаңсорғыш)
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар сендердің үйлеріңде үйге өте қажетті осындай заттар, яғни тұрмыстық бұйымдар бар ма? Ас үйден бастайық. Ас үйде қандай заттар бар?
Балалар дұрыс бұл заттардың бәрі үй тұрмысына қажетті заттар. Бұлар үй жиһаздары және тұрмыстық техникалық қажетті заттар. Бұларды бір-бірінен ажырату үшін балалар барлығымыз экранға назар аударайық.
Интербелсенді тақтамен жұмыс. "Презентация"
Бұл экраннан тұрмысқа қажетті техникаларды көрсетіп, олардың қажеттілігі, зияны мен пайдасы жайлы айтып түсіндіру. Балаларға әр бұйымды түсіндіру кезінде балаларға сұрақ қойып, жауап алып отыру
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника, бытовая техника, электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып-жұмамыз.
Одан соң төмен түсіріп.
Алақанды соғамыз
Суретпен жұмыс:
Мысалы: Бұл не? Ия бұлүтіконымен не істейміз? Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балалар қолдануға болмайды. Неге? Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады.
Сол сияқты тұрмыстық үйге қажетті техникалардың барлығына жеке-жеке тоқталу.
Балалар бұлардың барлығын қалай атаймыз. Ия тұрмыстық техникалар деп атаймыз.
Жеке жұмыс: Алина мен Бейбарыстан аз кем тақырыбына байланысты сұрақтар қоямын?
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Балалардан бүгінгі өткен тақырып туралы сұрақ-жауап арқылы сұрау.Балаларды мақтап-мадақтау.Бүгінгі оқу қызметінде жақсы ат салысқан балаларға смайликтер беру.