СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тұрмыстық заттар және оның қажеттілігі" қоршаған ортамен таныстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру, тазалыққа, жинақылыққа баулу. Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттыру. Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.

Просмотр содержимого документа
«"Тұрмыстық заттар және оның қажеттілігі" қоршаған ортамен таныстыру»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта. Социум

Пән/Предмет: Қоршаған ортамен таныстыру

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Техника және біз»

Тақырыбы/Тема: «Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру, тазалыққа, жинақылыққа баулу.

2.Дамытушылық – развивающая: Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттыру. Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Ана аю маскасы, тұрмыстық техника суреттері.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: газ плитасы – газовая плита, шаңсорғыш – пылесос, үтік – утюг, теледидар – телевизор, тоңазытқыш – холодильник


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Қонаққа Ана аю келеді.

Ана аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен тазалық пен тәртіпті жақсы көремін, сондықтан да күнделікті үй шаруасымен айналысамын: кір жуамын, үй жинаймын. Кейде жақсылап дем алғанды, және ойнағанды ұнатамын. Ал сендер менімен ойнағыларың келеді ме? Мына жерде шашылып жатқан не нәрсе? (Текшелерді көрсетеді) Мұны дереу жинамай мен ешқандай ойын ойнай алмаспын.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Ана аю сіз күнделікті үй шаруасынан шаршаған шығарсыз, сіз отырып дем алыңыз. Ал мен сізге және балаларға үй шаруасын жеңілдететін заттар туралы айтып беремін.

Біздің үйімізде таңғажайып құралдар бар, олар біздің көмекшілеріміз. Олар шулайды, ызылдайды,тарсылдайды.

-Сендер білесіңдер ме олар қандай заттар?

Дұрыс айтасыңдар, газ, үтік, теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, шаңсорғыш бұлардың бәрін біз бір сөзбен тұрмыстық бұйымдар дейміз.

Билингвалдық компонент: газ плитасы – газовая плита, шаңсорғыш – пылесос, үтік – утюг, теледидар – телевизор, тоңазытқыш – холодильник.

Жеке жұмыс: Санжар сен тағы қандай тұрмыстық бұйымдарды білесің?

- Олар қалай жұмыс істейді?

Тұрмыстық техника дегеніміз әр үйде қоладынылып жүрген тоқ көзімен істейтін заттар.Тоқ көзімен істейтін заттарды пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

«Құралдарын ауыстыр» дидактикалық ойыны. (фланель тақта қолданады)

Тақтада адамдардың үйдегі еңбегі.(үй сыпырған әйел, кір жуып тұрған қыз)

-Осы адамдардың жұмысын қандай құралдармен жеңілдете аламыз?

Жеке жұмыс: Алуа сыпыртқының орнына не қолдануға болады?

Онымен балалар қолдануына болады ма?

Сергіту сәті

Токтар сымның бойымен

Жүгіреді тоқтаусыз.

(денемізге саусақтарды жүгіртеміз)

Топқа жарық сыйлайды,

Барлығына ұнайды.

(қимыл-қозғалыс көрсету)

Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

  • Сулы қолмен токты қосуға немесе ажыратуға болмайды;

  • Балаларға ересектерсіз электр токтарын ұстауға болмайды;

  • Ересектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.

«Не зат,не үшін керек?»

Ойынның шарты: балалар шеңберде тұрып бірінші бала техника бұйымдарының суретін көрсетеді екінші бала қажеттілігін айтады.

Мысалы: үтік – киімдерді үтіктеу, тоңазытқыш – азық-түлікті сақтау.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Ана аю: Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен мұндай ғажайып техникалар бар екенін білмеппін.

-Балалар тұрмыстық техникаларға не жатады?

-Балаларға оны қолдануға болады ма?

Балаларды жұлдызшалармен мадақтау.